Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
5823 0 пікір 26 Наурыз, 2022 сағат 13:33

Халық санағы: Қырғызстан халқының саны қанша?

25 наурызда Қырғызстанда халық санағы басталды. Алғаш рет электронды форматта ұйымдастырылатын науқан 3 сәуірде аяқталады. Республиканың шалғай аудандарында санақ 23 сәуірде басталып, 2 мамырда бітеді.

Президент Садыр Жапаров қырғызстандықтарды халық санағына белсенді түрде қатысуға үндеді.

"Осы мәліметтің негізінде ел дамуы, яғни оның болашағына қатысты бағыт анықталады. Бұл ақпарат Қырғыз Республикасының адами әлеуетінің қаншалықты екенін бағамдауға мүмкіндік береді", - деді президент.

Жапаровтың өзі де халық санағына қатысып, сауалнамадағы сұрақтарға жауап берді. Бұған дейін хабарланғандай, халық санағын өткізуге 28 мың адам уақытша көмектеседі.

Қырғызстанда халық санағы 2020 жылы көктемде өтуі тиіс болған, бірақ коронавирус індетіне байланысты екі мәрте кейінге қалған. Республикада соңғы рет халық санағы 2009 жылы ұйымдастырылды. Сол кезде Қырғызстанда халық саны 5,3 млн болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 697
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 668