Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5679 0 пікір 3 Қараша, 2012 сағат 16:08

... Қой өсір – өнімі оның көл көсір

 

Халықтың үдемелі өсімін қажетті азық-түлікпен, әсіресе етпен қамтамасыз ету - әр мем­лекеттің өзекті мәселесі. Әлем­нің алдыңғы қатарлы елдерінде (АҚШ, Еуропа елдері) жан басына шаққандағы ет тұтынысы 80 кг. және одан жоғары болса, басқа мемлекеттерде (Африка елдері) бұл көрсеткіш бар бол­ғаны 20 кг. құрайды. Мал шаруашылығын дамытуда үлкен әлеуетке ие Қазақстан ресми деректер бойынша жан басына 70 кг. ет өндіреді.

Республикада қой еті өнді­рісін арттыруда қойлардың етті тұқым­дарын, әсіресе биязы жүн­ді қой шаруашылығында етті тұқымдар шығарудың маңызы зор. Бұл жұ­мыстар арқылы жүн түсімін кеміт­пей, қойдың тірі­дей салмағын 15-20%-ға артты­руға болады.

Президент Н.Ә.Назарбаев ха­лық шаруашылығында тиісті іс-шараларды дер кезінде іске асыру үшін шетелдер экономикасы­ның жағдайы мен даму бағытта­рын үнемі бақылау қажеттілігін атап көрсетті. Мысалы, әлемдегі ең жіңішке жүн өндіретін Австра­лия­да 1980 жылдары 180 млн.-нан астам қой болса, бү­гінгі күні профессор К.Разу­меев­тің хабарла­у­ынша, (Ресейлік асыл тұқымды қойлар көрме­сіндегі баяндамасы, Элиста қаласы, 26 мамыр 2011 ж.) олардан 67 млн. бас қана қа­лыпты. Австралиялықтар босаған ай­мақ­тарда етті ірі қара өсіріп, ал жүнді-етті қой шаруашылығын дәл осындай жүн беретін етті-биязы жүнді тұқымдармен алмас­тыруда.

 

Халықтың үдемелі өсімін қажетті азық-түлікпен, әсіресе етпен қамтамасыз ету - әр мем­лекеттің өзекті мәселесі. Әлем­нің алдыңғы қатарлы елдерінде (АҚШ, Еуропа елдері) жан басына шаққандағы ет тұтынысы 80 кг. және одан жоғары болса, басқа мемлекеттерде (Африка елдері) бұл көрсеткіш бар бол­ғаны 20 кг. құрайды. Мал шаруашылығын дамытуда үлкен әлеуетке ие Қазақстан ресми деректер бойынша жан басына 70 кг. ет өндіреді.

Республикада қой еті өнді­рісін арттыруда қойлардың етті тұқым­дарын, әсіресе биязы жүн­ді қой шаруашылығында етті тұқымдар шығарудың маңызы зор. Бұл жұ­мыстар арқылы жүн түсімін кеміт­пей, қойдың тірі­дей салмағын 15-20%-ға артты­руға болады.

Президент Н.Ә.Назарбаев ха­лық шаруашылығында тиісті іс-шараларды дер кезінде іске асыру үшін шетелдер экономикасы­ның жағдайы мен даму бағытта­рын үнемі бақылау қажеттілігін атап көрсетті. Мысалы, әлемдегі ең жіңішке жүн өндіретін Австра­лия­да 1980 жылдары 180 млн.-нан астам қой болса, бү­гінгі күні профессор К.Разу­меев­тің хабарла­у­ынша, (Ресейлік асыл тұқымды қойлар көрме­сіндегі баяндамасы, Элиста қаласы, 26 мамыр 2011 ж.) олардан 67 млн. бас қана қа­лыпты. Австралиялықтар босаған ай­мақ­тарда етті ірі қара өсіріп, ал жүнді-етті қой шаруашылығын дәл осындай жүн беретін етті-биязы жүнді тұқымдармен алмас­тыруда.

Кеңес одағы ыдыраған соң, Қазақстанда биязы жүнді қой саны 10 есе азайды, ал етті-майлы қылшық жүнді және ұяң жүнді қой шаруашылығы дамып, мұндай қойлардың саны қазіргі таңда республикадағы қой басының 70%-ын құрайды. Себебі, жүнді-етті биязы жүнді қойлармен салыстырғанда осы бағыттағы қойдан алынатын ет-май өнімдерінің мөлшері көп және оларды өсірудің экономи­ка­лық тиімділігі жоғары.

Қойдың 1 кг. жүнімен салыс­тырғанда тірідей салмақтың 1 кг. қосымша өсіміне 8-10 есе аз азық жұмсалатыны белгілі. Оған қоса, 1 кг. жүннің бағасы 1 кг. етке қара­ғанда 3-4 есе арзан, яғни жүннің бағасы 300-350 теңге болса, еттің бағасы 1100-1300 теңге. Қой шаруашылы­ғын­дағы негізгі өнім өндіруші ретінде саулық жылына 8-10 АҚШ доллары тұратын жүн берсе, ол әдетте, құны 80-100 АҚШ доллары тұратын 1 қозыны дүниеге әкеліп, 4-4,5 айлығына дейін өсіреді. Осыған байланысты, өнім өндірісінің жалпы көлемінде еттің үлесі 90% құ­райды. Кейбір мәліметтер бойынша, Еуропадағы 160 млн. бас құрайтын қой ша­руашылығында қой етінен түсетін табыс 97% екен.

Қазақстанда қой етін өндіру - ет және ет өнімдері өндірісін арттыруда басты бағыттардың бірі. Сол себепті, халық шаруа­шылығы үшін жоғары сапалы қой еті мен жүн өнімінің көп мөлшерін өндіруге мүмкіндік бе­ретін етті бағыттағы биязы жүнді қой шаруашылығын да­мы­тудың маңызы зор. Әлемдік биязы жүнді қой шаруашылығы­ның даму үрдісіне қарай біздің республикада етті бағыттағы бия­зы жүнді қойдың (етті мери­ностардың) жаңа тұқымын шы­ғару жұмыстары 1981 жылы бас­талды. Бірінші кезеңде - 1981-1990 жылдары Алматы және Талдықорған облыстарының ша­­­руашылықтарында 1 саулық­тың таза жүн түсімі 3,0 кг. және ет өнімі 45-48 кг. болатын қа­зақтың биязы жүнді қой тұқы­мының жоғары өнімді отарлары мен желілерін құру көзделді.

Екінші кезеңде - 1991-2000 жылдары қазақтың биязы жүнді қой тұқымының тұқымішілік типтерін құру жоспарланған. Бұл жұмыстардың нәтижесінде ірілігімен және өте жақсы жүн өнімділігімен сипатталатын «Са­­рыбұлақ» тұқымішілік типі шығарылып, Қазақстан Респуб­ликасы мал тұқымдарының мемлекеттік реестріне енгізілді.

Үшінші кезеңде - 2001-2010 жылдары жаңа «Етті меринос» бағытындағы биязы жүнді қой тұқымы шығарылды.

Зерттеулердің алғашқы екі кезеңінде аналық тұқымның жүн өнімділігі мен сапасын арттыру үшін «стронг» типіндегі авс­тралиялық мериностар мен полварстар пайдаланылды. Тұ­қым шығару жұмыстарының соң­ғы үшінші кезеңінде қазақ­тың биязы жүнді қойларын таза тұқымды өсірумен қатар, Германиядан әке­лінген «дойче меринофлейшшаф» етті бағыттағы биязы жүнді қой тұқымының қошқарларымен будандастыру қолданылды.

Іріктеудің басты мақсаты - қойылған талаптарға сай келе­тін, негізгі пайдалы, әсіресе етті қасиеттері айқын және тұқым қуалаушылық қасиеттері жақсы қойларды бөліп алу.

Негізінен қойлар жыл бойы отарлы-жайылымдық жүйеде өсі­ріліп, қар қалың жауған қыс­қы мезгілде қосымша азықтанды­рылды. Қойларды азықтандыру деңгейі ұсынылған нормаларға сай болды, бұл жағдай отардың селек­циялық деңгейіне байланысты қалыпты өсуін, дамуы мен өнім­ділігін арттыруды қам­тамасыз етті.

Біртекті және әртекті немесе жақсартушы жұптау негізгі селекциялық белгілер бойынша жүзеге асырылды: малдардың типі, еттілік пішіндерінің дамуы, тірідей салмағы, жүн түсімі, оның ұзындығы мен жіңішке­лігі, талшықтардың иректілігі, дененің негізгі бөліктеріндегі жүннің ұзындық пен тығыздық бойынша біркелкілігі, шайыр­дың сапасы мен мөлшері.

Мал қасиеттерінің максималды және минималды көрсеткіш­тері бойынша гомогенді (біртек­ті) жұптау тиісті малдарға тән селекциялық белгілерді бекіту мақсатында жүргізілді. Жұптау­дың бұл әдісі алынатын төлдің жоғары өнімділік қасиеттерін күшейтуге, тұқым қуалаушылық қасиеттері мықты қойларды шығаруға мүмкіндік береді.

Жекелеген біртекті жұптауда ұнамды типтегі малдарды тез алу үшін қойылатын талаптарға толық сай келетін, сырт пішінін­де және басқа да кемшіліктері жоқ қойлардың ұсақ топтарында туыстас, оның ішінде жақын қанды жұптаудың әртүрлі дең­гейлері қолданылды. Шағылыс­тыруға іріктелген саулықтар ірі, дене бітімі мықты болған. Тірі­дей салмағы 65-70 кг.-дан төмен емес, таза жүн түсімі 2,5-3,0 кг.

Қазіргі кезде жаңа тұқым қой­ларын өсіретін негізгі аймақ­та - Алматы облысының Талғар, Кербұлақ және Ескелді аудандарында 300 мыңнан астам қой бар. «Алматы тұқымды мал зауыты» ӨК-те селекциялық жұ­мыс­тар 4 желі бойынша жүр­гі­зіледі. Олар­дың біреуінің негізін қалаушы    №113 аталық қошқар денесінің ірілігімен, еттілік пі­шіндерінің айқындылығы және дене тұрқы­ның ұзындығымен ерекшеленді. Бұл желінің жал­ғас­тырушылары да осы белгілерге ие.

Келесі желінің негізін қа­лаушы № 707 аталық қошқар да еттілік пішіндерімен сипатталды, бірақ оның бойы аласа болды. Бұл қошқардың тұқымы да осы бағытта іріктелуде.

Үшінші желінің негізін қа­лаушы № 719 аталық қошқар тірі­дей салмағының орташа тәу­ліктік өсімі және дамыған бұл­шық ет­тері бойынша Германияда жоғары бағаға ие болған. Ша­руашылықта алынған ұр­пақтар да осы белгі­лермен ерекше­ленеді.

Келесі желінің негізін қалау­шы өзіміздің шаруашылықта өсі­рілген №08295 аталық қош­қар ұзын жүнімен, айқын бай­қалатын еттілік пішіндерімен ерекшеленеді, алынған төлдер де осы белгілерге ие.

«Сарыбұлақ асыл тұқым» ӨК-тің құрамына кіретін «Арай» шаруа қожалығындағы қойлар­дың өнімділігі өте жоғары. Саулықтардың тірідей салмағы (550 бас) жылдар бойынша орта есеппен 70-72 кг., жүн түсімі 6,5-7,0 кг., тұсақтар, тиісінше 60-62 кг. және 6,0-6,3 кг. құрады.

Тұқымның өзіне тән ерек­шеліктері еттілік пішіндерінің ай­қындылығы, денесінің жұ­мыр­лығы, жоғары деңгейдегі тірідей салмағы мен өсуінің жылдам­дығы, тұқылдығы (мүйі­зі жоқ) ұрпақтан-ұрпаққа жақсы тұқым қуалайды. Желілеп өсіру, қош­қар­ларды саулықтарға бір­текті жұп­тау нәсілдік белгілер­дің тұқым қуалау констант­тылығын арттырады.

Қойларды өсіру аймағының ауқымдылығы (облыстың 3 ауданы), экономикалық тиімділігі мен сұранысқа ие болуы (қош­қарлардың көрші 4 ауданға өт­кізілуі) тұқымды өсірудің тұрақ­тылығына көмегін тигізеді. Жаңа тұқымның қойлары қысқы жайылымда бағуға, жергілікті табиғи-климаттық жағдайларға жақсы бейімделген. Ет өнім­ділігі бойынша олар «Доне», австралиялық етті меринос, «Дойче меринофлейшшаф» сияқ­­ты әлемдегі алдыңғы қатарлы етті биязы жүнді қой тұ­қымдарынан кем емес.

Бір жыл аралықта еркек қо­зылардың өсу салмағы әр күнде орта есеппен 165 грамға көбейіп отырады. Ең жоғарғы көктемдік көрсеткіші - 319 грамм (кейбір малдарда 500-571 грамм қо­сылады), қыста аз дегені - 54 грамм, ал бір жылда орта есеппен 67,9 кг.-ға жетеді. 4-4,5 айлық қозыларды етке өткіз­гендегі пайдасы сонша 1 бас саулықтың құнына, яғни 7184-7650 теңгеге тең.

«Етті меринос» жаңа қой тұқымы мемлекетіміздегі қой шаруашылығы салаларында, се­лекциялық жұмыстарда етті бағыттағы қойлардың өсірілуіне оның ішінде экологиялық таза қозы етінің өндірілуіне үлкен бағыт бере алады.

Рамазан ӘБЖАНОВ,

АШМ Мал шаруашылығы департаментінің

асылдандыру ісі және селекциялық

жетістіктерді байқаудан өткізу

басқармасының бастығы.

"Абай-ақпарат"

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406