Сенбі, 23 Қараша 2024
Арылу 3247 8 пікір 13 Маусым, 2022 сағат 13:09

Жеке басқа табынудан қалай арыламыз?

Алаш баласын 30 жыл әдемі ертегісімен тойдырған, тұтас елді тілдік белгісіне қарай қазақ және орыс тілді қауымдастық деп қаққа бөлген, алғашқыларын шегіне жеткен қайыршылыққа ұшыратқан Назарбаевтың ұлтымызға қаны қас нәсілшілдік режімі келмеске кетіп, елдің саяси ортасында «Назарбаев синдромы» деген атау алды.

Қазір «Жаңа Қазақстанның» алға басуы үшін ең басты кедергі алаш қоғамының «Назарбаев синдромынан» қалай арылуына байланысты. Қазақ ұлтын өз төл мемлекетін өмірге әкелуден алшақтатқан, ұлттық-діни партия құрудан айырған, ақпараттық кеңістігін бұрынғы отаршыл ел Ресей басы бүтін байлап берген, ана тілінен мақұрым милети бизнес элитаны экномикалық сахнаға шығарған, орыс тілді әкімгер команданың қолына қарасы көп жергілікті ұлтпен санаспайтын этникалық азшылықтағы орыс тілді отандастарымызды тәйтеңдету үшін  шексіз биілік берген әм т.б. қазаққа қаны қас тірлік жасаған нәсілшілдік режімнің ауыр зардабынан құтылуға батыл қадам жасай аламыз ба?! 130 ұлттың мекені деген мифи ертегіні таңған «Назарбаев синдромының» күні бата ма?!

Қазаққа ұлттық мемлекет құруға мүмкіндік бермеген жан 2019 жылы 19 наурызда биліктен кеткенде жай кеткен жоқ, алаш баласының мойына Қазақстанның сыртқы қарызы  158,8 миллиард АҚШ долларын іліп кетті, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Елбасыдан мұраға қалған сыртқы қарызымыз $165 млрд-қа жетті.

Қазір қаламдастарымыз ел тұрғындарының 80 пайыздайын құрайтын автохон ұлт қазаққа қаны қас «130 ұл» деген қияли миф пен «үштұғырлы тіл» деген арамазалықты ойлап тапқан нәсілшілдік режімді орнатқан «Назарбаев синдромының» түрлі арсыздығының бет пердесін ашып жатыр.

Біз жеке басқа табынудың үш-ақ салдарын айтайық. Астана қаласы өз тарихи атауы Ақмола атын иелене ме? Әнұранымыздың Нұрсұлтан жырымдаған нұсқасы әуелгі төл нұсқасымен ауыстырыла ма? Сара Назарбаевның ешкімге керексіз мектеп оқушыларының ми ашытқан «Өзін-өзі тану»  пәні 2022-2023 оқу жылында мектеп бағдарламасынан алынып тастала ма?

Осы «Жаңа Қазақстанның» өз өміршеңдігін танытуы қазақ тілінің еліміздегі ірі-ұсақ диаспора өкілдерінің басын ана тіліміздің маңына топтастыру басты бағдар.

Назарбаевтың «Дамыған 50 елудің қатарына қосылу» ертегісіне оқыған қазақтардың берер жауабы: «Әлемде  49 тіл ғана өз болмысын сақтап қала алады. Өйткені ана тілінде ғылыми-іліми дербестік орнатып, ақпараттық және інтернет контент қалыптастырып отыр осылардың қатарына 50-ші болып қазақты қалай қосамыз. «100 жаңа оқулық» көзбояушылығын жоққа шығарып, тіл болашағын субтитр шешеді, дыбыстау бекемдейді, кітаби аударма келесі ұрпаққа аманаттайды.

Осы аманатты «Жаңа Қазақстан» құруға талпынған билік қазақ тілді аймақтарды дамытуға бағыт-бағдар ұстанып, жеке басқа табынудың ерек түрі «Назарбаев синдромынан» арылса ғана жүзеге асыра алады.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437