«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ шығындары үш жылда 8-9 млрд теңгеге азаяды
Қазақстандық «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры шығындарды оңтайландыру мәселелерін шешу үшін халықаралық кеңесшілерді жұмысқа тартты, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма мүшесі - басқарушы директоры Нұрлан Рахметов.
«Бұл міндетті кәсіби тұрғыда шешу үшін, біз әлемдік тәжірибесі бар халықаралық кеңесшілерді жұмысқа тарттық, - деді Астанада өткен брифингте Н.Рахметов. - Олар талдау нәтижелеріне сүйене отырып, жыл аяғына дейін жақын аралықтағы үш жылға байланысты шығындарды оңтайландыру бойынша нақты шаралар легін ұсынады және әр компания үшін шығындарды қысқартудың үш жылдық бағдарламасы бекітілетін болады. Осы орайда кеңесшілер қызметін төлеу тікелей нақты экономикалық тиімділіктерге қол жеткізуге қатысты».
Қазіргі кезде, басқарушы директордың айтуынша, еншілес компаниялармен қызу жұмыс және пікір алмасу жүріп жатыр. «Өйткені компаниялардың өздері қызығып, ортақ іске жұмылмай, бағдарламаны жүзеге асыру мүмкін емес», - деді ол.
Дегенмен, Рахметов, толымды нәтиже бүгіннің өзінде байқалуда екенін атап өтті. Атап айтқанда, ағымдағы жылы қор тобында әкімшілік-басқарушылық персонал саны 2 мың бірлікке, жалпы әкімшілік шығындар 6,2 млрд теңгеге қысқарған. «Қордағы бағдарламаны жүзеге асырудың үш жылында шығындар жалпы алғанда 8-9 млрд теңгеге азаяды деп болжаудамыз», - деп қосты ол.

Сонымен қатар, брифингте, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрамына кіретін «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ активтерді қайта құрылымдау бағдарламасын белсенді бастағаны айтылды. Мәселен, бірнеше жылдың жүзінде 20 шақты профильдік емес актив пен 349 профильдік емес нысанды өткізу жоспарлануда.
«Әрине, бұл күрделі мәселені шешуге біраз уақыт қажет. Бір күнде профильдік емес активтердің барлығынан құтылу мүмкін емес. Сондықтан бізде бірнеше жылға арналған жоспар бар, тиімсіз және профильден тыс активтерден арылу соған сәйкес жүргізіледі», - деп түсіндірді Н.Рахметов.
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма мүшесі, басқарушы директорының болжамды бағалауы бойынша, бұл активтер мен нысандардың құны 95 миллиард теңгеге жуықтайды.
Нұрлан Рахметовтың пікірінше, аталған сан активтердің баланстық құны болып табылады. «Аукциондағы сату немесе өткізу барысында нарық әсері бұл бағаны жоғарылатуға да, төмендетуге де ықпалын тигізуі ықтимал. Бірақ, не болса да, біз профильден тыс активтер өтеді және бұл қадам да біздің операциялық кірісімізді арттырады деп көздеудеміз», - деді ол.
Қор өкілі бүгінде әлеуметтік жобаларды есептемегенде, профильден тыс нысандарды салуға немесе алуға тыйым салынғанын ескертті. «Біз, бұл жерде, табысы төмен және темір жол құрылысы, инфрақұрылым жобалары, газ құбырларын төсеу тәрізді экономиканы тұтастай дамытуға бағытталған ірі әлеуметтік сипаттағы жобалар туралы айтып отырмыз», - деп ойын түйіндеді Н.Рахметов.