Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2932 0 пікір 26 Қараша, 2012 сағат 06:47

Мәжілістегі мәселе: күлсалғыш

Суретте - ҚР-ның Елтаңбасы бейнеленген күлсалғыш. Үстіміздегі жылдың көктем айларының бірінде Павлодарда саудаға түскен тауар. Мәжілісмендер үшін бұл мәселе емес екенін ескертеміз!

Мамыражай заман. Жұрттың көйлегі көк, қарны тоқ. «Жұмыссыздық тек атымен жоқ. Тек жатып ішер жалқаулар ғана бар» («Ақ жол» партиясының депутаты Талғат Ерғалиевтің сөзі). Қоғамдық-саяси һәм экономикалық мәселе 2030-ға дейін шешілген. Қап, мәжілістің мінберінен айтар мәселеде қалмады-ау, елден ұят болды. Ааа, айтпақшы, күлсалғыш бар екен ғой.

Міне, мәжілістегі мәселе: «ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының басшылығы «Ақ жол» партиясының лидері Азат Перуашевқа күлсалғыш түріндегі «сыйлықты» табыстауға талпыныс жасау арқылы өз ойларын білдірген шылымға қарсы белсенділерді «Ақ жол» партиясының депутаттарына қарсы бағытталған әдепсіз іс-әрекеттері үшін айыптады».

Төменде мәжілістегі мәселенің майын тамызып отырып жеткізген Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметінің таратқан ақпараты.

Қабыл алыңыздар!

«Abai.kz»

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының басшылығы шылымға қарсы белсенділерді «Ақ жол» партиясының депутаттарына қарсы бағытталған әдепсіз іс-әрекеттері үшін айыптады

2012 жылғы 23 қараша, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» партиясының лидері Азат Перуашевқа күлсалғыш түріндегі «сыйлықты» табыстауға талпыныс жасау арқылы өз ойларын білдірген шылымға қарсы белсенділерді «Ақ жол» партиясының депутаттарына қарсы бағытталған әдепсіз іс-әрекеттері үшін айыптады.

Азат Перуашевтың бұл тартуды қабылдамағандығы және шылымға қарсы белсенділерге күлсалғышты өздеріне қалдыруды ұсынғандығы белгілі, себебі ол өзі шылым шекпейді және мұндай затты қажет етпейді.

Осы жылдың 23 қарашасы күні осыған орай Закон.кз интернет-сайтына берген сұхбатында «Нұр Отан» ХДП фракциясы төрағасының орынбасары Ерген Дошаев: «Коалициянікі бұл жерде дұрыс емес деп санаймын. ... күлсалғыш пайдаланылған пиар-акция бұл жерде әдепсіз болып табылады», - деп атап өтті.

Одан бір күн бұрын Азат Перуашев: «Менің Интерфаксқа берген кешегі сұхбатым (21 қарашада, шылымға қарсы белсенділердің орынсыз шабуылдарына себеп болған - ҚДП БҚ) акциздің күрт өсуінің жақтастары үшін өте жағымсыз болған сыңайлы... Онда келтірілген дәлелдердің олардың ұсыныстарының сауатсыздығын және экономикалық тұрғыда қауқарсыздығын айқын көрсеткендігі сондай, бұл олардың дәрменсіз ашуын келтірді», - деп атап өткен болатын.

«Ақ жол» ҚДП фракциясы депутаттарының ағымдағы жылдың 22 қараша күнгі қосымша түсіндірмесінде, «Шылымға қарсы белсенділердің» орынсыз әрекеттері бірсыпыра заңдарды бұзып отыр.    Атап айтқанда, «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңының 31-бабы депутаттық өкілеттігін орындауға кедергі келтіру мақсатында депутатқа кез келген формада ықпал жасауға тікелей тыйым салады. Жоғарыда атап өтілген сұхбатты А.Перуашев салық заңнамасына ұсынылған түзетулерді талқылау аясында берген болатын, яғни өзінің депутаттық өкілеттігін орындау үшін» деп көрсетілген.

ҚР Қылмыстық кодексінің 319-бабы Парламент депутатының, оның депутаттық өкілеттігін орындауы кезінде, көпшілік алдында ар-намысын аяққа таптағандығы үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырады.

Азат Перуашев «Нұр Отан» ХДП фракциясы басшылығының осы жағдайға қатысты ұстанымын,  бірін бірі құрметтеу және өз позициясын қорғау құқығын мойындау негізінде, біздің елдегі парламенттік партиялардың арасындағы өркениетті диалог мәдениетінің біртіндеп қалыптасуының дәлелі деп санайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5346