Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2775 0 пікір 3 Қараша, 2012 сағат 18:12

Оңтүстік Қазақстан облысының 2012 жылдың қаңтар-қазан айларының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы

Өнеркәсіп. 2012 жылдың қаңтар-қазанында облыста 356,4 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2011 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне - 101,7% құрады.
Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 23,9% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі - 9,7% артып, 85,1 млрд. теңгені құрады.
Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 66,8%) өнімінің нақты көлем индексі - 100,0%, өнім көлемі 238,1 млрд. теңгені құрады.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда - 28,4 млрд. теңгені, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 105,9% құрады.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 4,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 82,7% құрады.  
Аса маңызды өнімдердің ішінде мақта талшығы - 26,3% (57,9 мың тонна), мақта иірімжібі - 42,0% (3946 тонна), мақта маталары - 26,8% (19,5 млн. шаршы метр), керосин өндіру - 18,1% (өндірілгені 222,8 мың тонна), портландцемент - 22,2% (1517,3 мың тонна), электр энергиясы - 7,8% (1183,8 млн. кВт/сағ) өсті.
Сонымен қатар, бензин өндіру - 1,1% (868,3 мың тонна), құрылыс кірпіштері - 16,8% (94,5 мың м3), бетон - 30,1% (484,1  мың тонна) кеміді.

Өнеркәсіп. 2012 жылдың қаңтар-қазанында облыста 356,4 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2011 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне - 101,7% құрады.
Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 23,9% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі - 9,7% артып, 85,1 млрд. теңгені құрады.
Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 66,8%) өнімінің нақты көлем индексі - 100,0%, өнім көлемі 238,1 млрд. теңгені құрады.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда - 28,4 млрд. теңгені, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 105,9% құрады.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 4,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 82,7% құрады.  
Аса маңызды өнімдердің ішінде мақта талшығы - 26,3% (57,9 мың тонна), мақта иірімжібі - 42,0% (3946 тонна), мақта маталары - 26,8% (19,5 млн. шаршы метр), керосин өндіру - 18,1% (өндірілгені 222,8 мың тонна), портландцемент - 22,2% (1517,3 мың тонна), электр энергиясы - 7,8% (1183,8 млн. кВт/сағ) өсті.
Сонымен қатар, бензин өндіру - 1,1% (868,3 мың тонна), құрылыс кірпіштері - 16,8% (94,5 мың м3), бетон - 30,1% (484,1  мың тонна) кеміді.
Ауыл шаруашылығы. 2012 жылдың қаңтар-қазанында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, қолданыстағы бағада, 199,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5% - ға кеміген. Оның ішінде мал шаруашылығы - 95,8 млрд. теңге (101,8%),  егін шаруашылығы - 103,2 млрд. теңгені (96,0%) құрады (Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сәйкес, егін шаруашылығының кему себебі ауа-райының қолайсыздығынан күздік және жаздық дәнді дақылдардың толық көлемде егілмеуі есебінен орын алды (өткен жылы қыс мезгілінің ерте басталып, көктем мезгілінің кеш шығуы және құрғақшылық болуы).
Облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілері 139,7 мың тонна - мал және құс етін (тірі салмақта), немесе 2011 жылдың  тиісті кезеңіне - 103,2%, сүт - 571 мың тонна, немесе 100,6%, жұмыртқа - 236 млн. дана, немесе 104,6% өндірді.
2012 жылдың 1 қарашасында облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны - 902,1 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне - 101,3%, қой - 3708,3 мың бас, немесе 101,2%, ешкі - 393,7 мың бас, немесе 95,0%, жылқы - 198,7 мың бас, немесе 108,0%, түйе - 21 мың бас, немесе 103,2%, шошқа - 50,1 мың бас, немесе 110,6%, құс саны - 2409,4 мың бас, немесе 96,3% құрады.
Көлік және байланыс. 2012 жылдың қаңтар-қазанында жедел деректер бойынша, темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 98,5 млн. тонна жүк және 1778,5 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне - тиісінше, 121,5% және 125,5% құрады.
Әуе көлігімен жүк тасымалдау - 11,0%-ға, жолаушылар тасымалдау - 24,4%-ға артып, 502 тонна жүк және 934,2 мың жолаушы тасымалданды.
2012 жылдың қаңтар-қазанында байланыс кәсіпорындары 7124,2 млн. теңгеге қызмет көрсеткен, бұл 2011 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 3,2% артық. Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 70,4% құрады.
Табыс көлемінде басым үлес - жергілікті телефон байланысына (40,8%), халықаралық және қалааралық телефон байланысына (18,2%), интернет - 29,8% тиесілі.
Шағын кәсіпкерлік.  2012 жылдың 1 қарашасында облыс рыногында белсенді жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 114,5 мың бірлікті, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 92,3% құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің шығарған өнімі (тауарлары, көрсеткен қызметі) 377,4 млрд. теңгені (99,6%), жұмыспен қамтылғандар саны 287,8 мың адамды құрады (96,5%).
Инвестиция саласы. 2012 жылдың қаңтар-қазанында облыс экономикасын дамытуға, бағалау есебімен негізгі қорға 215,3 млрд. теңге инвестиция бағытталды, немесе 2011 жылдың  тиісті кезеңіне - 102,9% құрады.
Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 110,1 млрд. теңгені (51,1%), немесе - 105,6% құрады.
Республикалық бюджет қаржыларының үлесі 24,0%, немесе 51580 млн. теңге, жергілікті бюджет қаржыларының үлесі 15,8%, немесе 34004,6 млн. теңге, меншікті қаражаттар үлесі 42,7%, немесе 91886,2 млн. теңге, қарыз қаражаты - 12,2%, немесе 26367,2 млн.теңге, шетелдік қаражаттар - 5,3%, немесе 11469,4 млн.теңге құрады.
Инвестиция салымдарының басым салалары өнеркәсіп, көлік және қоймалау болып табылады, инвестициялардың жалпы көлеміндегі олардың үлесі, тиісінше 46,9% және 23,4% құрады.
Тұрғын үй құрылысын дамыту. 2012 жылдың қаңтар-қазанында тұрғын үй құрылысына 11019,1 млн. теңге инвестиция бағытталған, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңінен 1,3 есеге артық.
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 273,7 мың шаршы метрді құрады. 2012 жылдың қаңтар-қазанында пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне  161,1% құрады.
Сыртқы сауда. 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 3325,8 млн. АҚШ долларын немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 118,6%-ды құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше - 2550,2 млн. АҚШ доллары немесе 125,4%, импорт - 1075,6 млн. АҚШ доллары немесе 106,3% құрады.
Экспорттың тауарлық құрылымында (Кедендік Одақтың елдерінсіз) негізгі үлесті минералды өнімдер (75,2%), импортта - машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, приборлар мен аппараттар (36,3%), химия және сонымен байланысқан өнеркәсіп салаларының өнімдері (17,0%) орын алады.
Салықтық-бюджеттік сала. 2012 жылдың қаңтар-қазанында мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 145,6 млрд. теңгені, немесе жоспарға - 97,8%, өткен жылдың сәйкес кезеңіне - 86,2% құрады.
Республикалық бюджет 94,5 млрд.теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің - 64,9%), немесе,  жоспарға - 96,0%, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 76,0% құрады.
Жергілікті бюджетке 51,2 млрд. теңге түсіп, жоспарға - 101,4% және 2011 жылдың сәйкес кезеңіне -114,4% артты.
Ақша-несие саясаты. 2012 жылғы 1 қазанға екінші деңгейлі банктермен 135,6 млрд. теңге көлемінде несиелер берілді, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5  есеге артық, оның ішінде ипотекалық несиелендіруге 4,5  млрд. теңге несие берілді, немесе өткен жылдың тиісті кезеңінен 1,8 есеге артты.
Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 22,8 млрд.теңгені құрап, 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге артты.
Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен - жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында несие салымдарының жалпы көлемінің 45,5%, өнеркәсіпке - 17,2%, сауда саласына - 17,4%, ауыл шаруашылығына - 0,6%, құрылысқа - 8,0%, көлікке - 6,9% және басқа да салаларға - 4,4% берілген.
Облыс банктеріндегі халық салымының көлемі 83,4 млрд. теңгені, немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 126,4% құрады.
Халық салымдарының басым бөлігі (74,8%) ұлттық валютада.
Бағалар. 2012 жылдың қазанында облыста тұтыну бағаларының индексі 2011 жылдың желтоқсанына 104,6% құрады. Азық-түлік тауарлары 3,4%-ға, азық-түлік емес тауарлары 3,2%-ға, ақылы қызметтер 7,5%-ға қымбаттады.
Нарықтағы баға өсімі жұмыртқаға- 5,2%, ет және ет өнімдерінде - 1,4%, макарон өнімдеріне және шәйға - 2,7%, цемент - 2,9%, киім және аяқ киім - 0,6% байқалды.   
Ақылы қызметтер саласында бала-бақша ақысы - 27,9%, табиғи газ - 17,3%, қалалық автобустағы жол ақысы - 11,1%, такси - 8,7%, киімді жөндеу, тігу, тазалау - 4,9%, сұлулық салоны және шаштараз - 4%, аяқ-киімді жөндеу - 1,5% қымбаттады. Қалааралық байланыс  2% төмендеді.
Халықты әлеуметтік қорғау. 2012 жылдың басында аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 13715 адамды, немесе облыс халқының - 0,5% құрады. 2012 жылдың 1 қарашасына  олардың саны 45,7% кеміп, 7443 адамды немесе облыс халқының 0,3% құрады.
2012 жылдың 1 қарашасына 17,2 мың азаматқа 142,4 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,4 мың адамға  немесе  47,4  млн.теңгеге кеміді.
18 жасқа дейінгі 220,2 мың балаға 2593,7 млн.теңге жәрдемақы төленді. Ол өткен жылдың тиісті кезеңінен 6,5 мың адамға және 215,1  млн.теңгеге артты.
Тұрғын үй көмегі 8439 отбасыға 148,7 млн.теңгені құрады, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2683 отбасыға және 64,8 млн. теңгеге артты.
Демография. 2012 жылдың 1 қыркүйегіне облыс халқының саны 2667 мың адамды құрады, (2011 жылдың 1 қазанына - 2609,8 мың адам) оның 1044 мыңы қала халқы (39,1%), 1623 мыңы - ауыл халқы (60,9%).
Жұмыспен қамту. 2012 жылдың II тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1242,6 мың адамды, жұмыссыздар - 69,1 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,6% құрады.  
Ағымдағы жылдың 1 қарашасына жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 53,6 мың жұмыссыздың - 48,7 мыңы, немесе 90,8% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға  9954 ресми тіркелген жұмыссыздар тартылды.    
Халықтың табысы. 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 276963 теңгені құрап, 2011 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 13,1%-ға артты. Нақты ақшалай табысының индексі  108,2% құрады.
Денсаулық сақтау. 64 нысанның құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстарына бюджеттен 5886,7 млн.теңге қарастырылған,  2012 жылдың 1 қарашасына  оның  3654,5  млн.теңгесі игерілді.
Облыстық бюджеттен 26 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарына 3122,7 млн. теңге, 28 нысанның ЖСҚ әзірлеу үшін - 42,3 млн. теңге қаралған.                   
Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында, республикалық бюджеттен - 529,1 млн. теңге, облыстық бюджеттен - 4166,9 млн. теңге, оның ішінде 59,9 млн. теңгесі 3 медициналық колледжге қарастырылып отыр. 2012 жылдың 1 қарашасына барлығы 7191,2 млн. теңгесі игерілді.
Денсаулық сақтау саласының желісі 908 мемлекеттік мекемелерден құралады, оның ішінде: 107 - аурухана, 251 - амбулаторлы-емханалық мекеме,  462 - медициналық пункт, 71 - фельдшерлік-амбулаториялық пункт, 17- басқалар.
Білім беру. Облыста 104,8 мың тәрбиеленушісі бар 1039 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 476-ы балабақша, 563-і шағын орталықтар.
Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілуі (1 жастан 6 жасқа дейін) - 32,3%, «Балапан» бағдарламасы (3 жастан 6 жасқа дейін)  бойынша - 56,0% құрады.
2011-2012 оқу жылында жалпы білім беру мектептері мен мектеп-интернаттарының саны - 1045, ондағы оқушылар саны - 534,2 мың адамды, оның ішінде жекеменшік мектептер саны - 7 ондағы оқушылар саны -  1,8 мыңды құрады.
Облыс бойынша байланыс жүйелеріне 1018 мектеп қосылған, оның ішінде 828- ауыл мектептері. Облыс бойынша Интернет жүйелеріне 1009 мектеп қосылған, оның ішінде 819- ауыл мектептері.
Облыс мектептері 37,6 мың бірлік  компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге  14,2 оқушыдан келеді.
Спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесіне 338 мектеп қосылған. Облыс мектептері 431 мультимедиялық-лингафондық кабинеттермен жабдықталған және 366 мектепке 1333 интерактивті тақталар орнатылған.
Орта білімді мамандар даярлаумен 13,1 мың оқушысы бар 27 кәсіптік лицейлер айналысады. Сонымен қатар, 72 колледж (оның ішінде 18 - мемлекеттік) жұмыс істейді. Колледждердің жалпы контингенті 62,54 мың оқушыны (мемлекеттік - 28,8 мың оқушы) құрады.
Облыста жоғары білікті мамандар даярлаумен 14 жоғарғы оқу орны (оның ішінде 4 - мемлекеттік) айналысады. Оларда 77,7 мың студенттер, оның ішінде 39,1 мың студент - мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқиды.
Мәдениет. Облыста 750  мәдениет және өнер мекемелері қызмет етеді. Оның ішінде: 433 кiтапхана, 13 - мұражай, 272 - клубтық мекеме (мәдениет үйлерi, клубтар, автоклубтар), 8 - театр, 12 - демалыс саябағы, 1 - цирк және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде.  
Спорт. Облыста 4698 - спорт ғимараттары, оның ішінде 21 - стадион, 3495 - жазық-алаңшалық ғимараттар халықтың, оның ішінде оқитын жастардың арасында көпшілік спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 398,8  мың адамды немесе облыс халқының   15% құрады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408