Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Болған оқиға 3744 14 пікір 2 Шілде, 2022 сағат 18:17

Албания Кеңес Одағының сүңгуір қайықтарын қалай "тартып алды"?

1960 жылдары Албанияның Кеңес Одағынан төрт сүңгуір қайықты «ұрлап алғаны» көпшілікке беймәлім. Сүңгуір қайықтарды «тартып алу» туралы әңгімелерді тарқатып айтсақ күлкілі көрінуі мүмкін. Оқиға Никита Хрущевтің ел басқарған уақытында болды.

Хрущевтің КСРО-дағы «антисталинизация» бағыты социалистік лагерьде дау-дамайға ұласты. ХХ съездегі Хрущевтің «антисталиндік» сөзіне, бүкіл КСРО-ға коммунистік лагерьдегі көптеген елдер қарсы шықты. Мысалы, хрущевтік саяси акцияны Қытай мақұлдамаған. Албания басшылығына «Халықтар көсемінің» жеке басына табынушылықты жоққа шығару ұнамады. Бұл шын мәнінде Сталиннің жеке басына қатысты ма әлде олар Хрущевпен кейбір маңызды өзекті мәселелер бойынша келісе алмады ма, оны қазір ешкім нақты айтылмайды.

Қалай болғанда да бұл КСРО-дағы «антисталинизацияның» прецеденті болды, оны Албания Ион және Адриатика теңіздеріне бақылау жүргізетін Влердегі кеңестік әскери-теңіз базасына өз талаптарын жариялау үшін сылтау ретінде пайдаланды. Кеңестік әскери-теңіз базазын 1950 жылдардың аяғында Кеңес Одағы салған еді. Бұл нысанда кеңестік Қара теңіз флотының әскери кемелері қызмет етті. 1961 жылға қарай базада 12 әскери сүңгуір қайық жұмыс істеді, олардың кейбіреуі Балтық жағалауынан жіберілді.

Саяси қақтығыс туындаған кезде КСРО да, Албания да Влердегі кеңестік әскери-теңіз базасының позициясы туралы Сталин қол қойған келісімді өзінше түсіндіре бастады. Балқан елі әскери-теңіз базасының шын мәнінде өзіне тиесілі екенін және бұл мәселе бойынша жасалған келісімде екіұштылық жоқ екенін алға тартты. Албандар ішінара дұрыс айтты, өйткені келісім бойынша КСРО 4 суасты қайығын өз флотының бөліміне берді.

Ол кезде Кеңес Одағынан жеткізілген әскери кемелер Албанияның бүкіл әскери-теңіз флотын құрайтын еді. КСРО мен Албания арасындағы дау 1961 жылға дейін жалғасты. Осы жанжал туралы әзілдер де пайда болды. Екі жақ бір-бірін мәдениетсіз қылықтары үшін айыптап отырды.

Екі жақ та 12 сүңгуір қайыққа қатысты дауды жан-жақты асыра сілтеген кезі болды. Ақыр аяғында екі ел мәмілеге келді. КСРО тек Кеңес экипаждары қызмет еткен кемелерді, яғни 8 әскери сүңгуір қайықты алып кетті. Албания албан экипаждары бар 4 сүңгуір қайықты және бірнеше буксирді өзіне қалдырды.

 

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019