Қазақтың қаймағы сақталған - Оңтүстік
Қазақ халқының пейілі дархан да¬ладай кең болса, жері де сондай ұлан ғайыр кең. Қазақстанның әрбір өлкесі өзінше қасиетті. Десек те, Оңтүстік өзге өңірлерден өзгеше. Оңтүстіктің ауа-райы қандай ыстық болса, құшағы да сондай ыстық. Жақынды да, жатты да жатсынбаған өлкенің мейірбан хал¬қы өзінің бауырмалдығымен, меймандостығымен, еңбексүйгіштігімен ерекшеленетіндігі елге аян.
Қазақтың қасиетті тілі де, салт-дәс¬түрі де мұнда қаймағы бұзылмаған күйінде сақтаулы. Оңтүстіктің Түр¬кістан, Отырар, Сайрам, Қазығұрт, Ордабасы, Бәйдібек, Төлеби, Созақ сынды аудандарының қай-қайсысы болса да қасиет тұнған аймақ.
Оңтүстік Қазақстан жұртының тіршілікте негізгі түп-тамырын ұмыт¬пай, әдемі жалғастырып келе жат¬қандығын Елбасының өзі бостан-босқа тілге тиек етпеген болар.
Құт дарып, Қызыр қонған Оңтүстік жұрты жақында ғана 80 жылдық ме¬рейтойын атап өтті. Еліміздің Премьер-Министрі Серік Ахметов салтанатты шараға арнайы қатысып, ел қуа¬ны¬шына ортақтасты. Үкімет басшысы¬ның өңірлердің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатындағы алғашқы жұмыс са¬парының қасиетті өлкеден бастау алғандығының өзі көңіл қуантарлық жағдай.
Қазақ халқының пейілі дархан да¬ладай кең болса, жері де сондай ұлан ғайыр кең. Қазақстанның әрбір өлкесі өзінше қасиетті. Десек те, Оңтүстік өзге өңірлерден өзгеше. Оңтүстіктің ауа-райы қандай ыстық болса, құшағы да сондай ыстық. Жақынды да, жатты да жатсынбаған өлкенің мейірбан хал¬қы өзінің бауырмалдығымен, меймандостығымен, еңбексүйгіштігімен ерекшеленетіндігі елге аян.
Қазақтың қасиетті тілі де, салт-дәс¬түрі де мұнда қаймағы бұзылмаған күйінде сақтаулы. Оңтүстіктің Түр¬кістан, Отырар, Сайрам, Қазығұрт, Ордабасы, Бәйдібек, Төлеби, Созақ сынды аудандарының қай-қайсысы болса да қасиет тұнған аймақ.
Оңтүстік Қазақстан жұртының тіршілікте негізгі түп-тамырын ұмыт¬пай, әдемі жалғастырып келе жат¬қандығын Елбасының өзі бостан-босқа тілге тиек етпеген болар.
Құт дарып, Қызыр қонған Оңтүстік жұрты жақында ғана 80 жылдық ме¬рейтойын атап өтті. Еліміздің Премьер-Министрі Серік Ахметов салтанатты шараға арнайы қатысып, ел қуа¬ны¬шына ортақтасты. Үкімет басшысы¬ның өңірлердің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатындағы алғашқы жұмыс са¬парының қасиетті өлкеден бастау алғандығының өзі көңіл қуантарлық жағдай.
Салтанатты жиын барысында Оңтүстік өңірінің өткені мен бүгініне, кешегісі мен келешегі туралы тағы¬лымы мол деректі фильм көрсетілді. Ұлы Жібек жолы, көне қалалар мә¬дениетінің өркендеуі, ежелгі сауда-саттық пен қолөнердің дамуы, ұлы сәулет ескерткіштерінің бой көтеруі, өзге халықтардың келіп қоныстануы, облыстың қалыптасу тарихы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп сала¬лары¬ның жандануы, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарындағы облыстың жеткен жетістіктерінің бәрі көгілдір экран арқылы көпшілікке жол тартты.
Әрине, облыс үшін жасалып жатқан орасан істердің басында Елбасы¬мыздың тұрғаны айқын. Көптеген маңызды шаралар мемлекет басышы¬сының тікелей қолдауымен жүзеге асырылып жатқандығын жұрт жақсы біледі.
Оңтүстік Қазақстан облысы 80 жылда түрлі кезеңдері бастан кешірді. Көк байрағымыз көгімізде желбірегелі бері 21 жылға жақындаса, осы кезең облыс үшін маңызды кезең болды. Биік мақсаттар, мен ұлы мұраттарға қол жеткізген жемісті жылдар да ел егемендігінен бастау алады.
Еліміздің рухани астанасы - Оң¬түстік Қазақстан ел экономикасын дамытуға да үлкен үлес қосып отырған облыстардың бірі.
Ел Президенті Н.Назарбаевтың са¬рабдал саясатының арқасында Оң¬түстік Қазақстан облысы жылдан-жылға көркейіп келеді. Әрине облыс¬тың еңсесін тіктеп, дамудың даңғыл жолына түсуі облыс әкімі Асқар Мыр¬захметовтың іскерлігімен тікелей бай¬ланысты екені сөзсіз.
Мәселен соңғы үш жылдың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 158 білім беру мекемесі мен 133 медицина нысаны ашылды. 170 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіліп, 79 ауылға газ құбыры тартылды. Облыс көлемінде төрт мың шақырымға жуық жол жөн-деуден өткізілді. Облыста осындай іл¬кімді істердің атқарылып келе жат¬қандығын, өз кезегінде мұндай игі істердің барлығы халықтың әл-ауқаты¬ның артуына ықпал етіп жатқандығын айрықша атап өткен Премьер-М¬нистр Серік Ахметов салтанатты шарада Мем¬лекет басшысы Нұрсұлтан На¬зарбаевтың облыс жұртшылығына деген арнайы сәлемін жеткізіп, құт¬тықтауын оқып берді:
«Құрметті оңтүстікқазақстандықтар!»
«Сіздерді Оңтүстік Қазақстан об¬лысы¬ның 80 жылдығымен құттық¬тай¬мын! Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби, әулие Арыстанбаб, Қожа Ахмет Яссауи сияқты ғұламалар дү¬ниеге келген өңірдің тарихы өте терең және тағылымды.Тәуелсіздік жылда-рын¬да Оңтүстік Қазақстан толайым та¬быстарға қол жеткізді. Осының барлығы Оңтүстік Қазақстан тұрғын¬да¬рының достығы мен бірлігінің арқасында болды. Адамдардың ара-сын¬дағы келісім барлық қиындықтарды еңсеруге көмектесті. Облыста ірі индустриялық жобалар табысты даму үстінде, адамдардың әлеуметтік жағ¬дайы жақсаруда. Қазіргі кезде хал¬қы¬ның саны мен өмір жасының ұзақтығы бойынша Оңтүстік Қазақстан - көш-басшылар қатарында. Бүгінде елдің барлық тұрғындарының 15 пайызы тап осы Оңтүстік Қазақстан облысын ме¬кендейді. Демек, бұл өңір - ұлтымыз¬дың ұйытқысы, еліміздің еңселі биігі, мемлекетіміздің мәйегі.
Бірлігі мен тірлігі жарасқан мерейлі мекеннің торқалы тойы құтты болсын! Баршаңызға бақ-береке, отбасылары¬ңыз¬ға амандық тілеймін», - делінген Мем¬лекет басшысының жедел¬хатын¬да.
Мерекелік іс-шарада Үкімет басшы¬сы С.Ахметов Елбасының құттықтауын жеткізумен қатар, өзінің де лебізін біл¬дірді. Сондай-ақ, Премьер-Министр өз сөзінде Елбасы мен Үкіметтің тарапы¬нан Оңтүстік Қазақстанды қолдау тұ¬рақты негізде жүзеге асырылатын-ды¬ғын атап өтті.
Оңтүстік жұрты осы мерейтойға арналып шығарылған мерекелік ме¬даль¬дың ең алғашқысын, яғни, №1 медальға Елбасымыз Нұрсұлтан На¬зарбаевты лайық деп тауыпты. Мере¬келік шараның аясында «Ырыс ал¬ды - ынтымақ» қоғамдық форумының атқарушы хатшысы, белгілі жазушы М. Байғұт облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғысын білдіріп, Елбасының медалі мен арнайы сыйлықты Үкімет басшысы С.Ах-метов¬тің қолына табыстады.
Сондай-ақ торқалы тойға арнайы шақырылған Қазақстанның халық әр¬тісі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның ха¬лық жазушысы, ақын, қайраткер Мұхтар Шаханов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Ұлттық ғылым академиясының акаде-мигі Өмірзақ Айтбаев, академик Ораз¬алы Сәбденов, сатирик Көпен Әмірбек, ақындар Исрайл Сапарбай, Қасымхан Бегманов, Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербай, белгілі ақын, «Жас қазақ үні» газетінің бас директоры Қазыбек Иса, ақын Темірғали Көпбаев, сазгер Қалдыбек Құрманәлі, «Түркістан» газетінің бас редакторы Шамші Патте сынды зиялы қауым өкілдеріне де мерекелік ме¬даль¬дар тапсырылды.
Оңтүстікке жасаған сапарының аясында Серік Ахметов Шымкент қа¬ла¬сының ең биік нүктесін¬де жақында ғана бой көтерген «Бәйді¬бек би» мо¬нументіне гүл шоқтарын қойды.
Сонымен қатар, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойын¬ша құрылған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болып, орталық¬тың негізгі мақсаттарымен және ұжым жұмысымен танысты.
Үкімет басшысына индустри¬ялан¬дыру картасына енген бірқатар жо¬балар таныстырылып, Оңтүстік Қа¬зақстан облысында индустриялық-инновациялық дамудың барысы жө¬нінде баяндалды.
Премьер-Министр осы сапарының аясында Түркістан, Кентау қалаларына да арнайы ат басын бұрды. Мұнда жа¬ңа¬дан салынған білім ошақтары мен жұмысы күннен күнге жанданып келе жатқан кәсіпорындарда болды.
Иә, оңтүстік жұрты дүбірлі тойды думандатып атап өтті. Мерейтой күні «Өлкенің 80 жылдық шежіресі» көрме экспозициясы, «Құт мекен - Оңтүс¬тік» суретшілер, қолөнер шеберлері, фо¬тосуретшілер мен сәулетшілердің көрмесі ұйымдастырылды. Салтанатты кеш өнер жұлдыздарының гала-кон¬цертіне ұласты.
Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдық мерейтойы тек осы өңірдің халқына тиесілі ғана атаулы күн емес, барша қазақстандықтарға ортақ мереке. Ендеше ордалы Оңтүстіктің
80 жылдық тойы құтты болсын! Қа¬сиетті өңірге құт қонсын!
"Абай-ақпарат"