Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 4758 19 пікір 5 Шілде, 2022 сағат 13:49

Мишустин: "Қазақстан орыс тіліне қамқорлық танытуда"

Кеше Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Екатеринбург қаласында өткен «Иннопром» 12-ші халықаралық өнеркәсіп көрмесіне арналған пленарлық отырысқа қатысып, Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустинммен кездесті.

Жиында Ресей мен Қазақстаннның болашағы зор инфрақұрылымдық және көліктік жобаларды іске қосуды жоспарлап отырғаны туралы айтылды. Мишустиннің айтуы бойынша, екі елдің өнеркәсіп саласындағы байланысын тереңдету және жаңа бірлескен жобаларды іске асыру Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жақсы серпін береді.

"Ресей нарығынан кеткен дос емес мемлекеттердің компанияларын алмастыруға Қазақстандық әріптестердің жақсы мүмкіндігі бар деп санаймыз, өйткені тауар айналымының бағытын өзгерту уақытша дүние емес. Бұл біздің экономикамыздың тұрақтылығын нығайтатын және дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашатын ұзақ мерзімді процесс", – деді Мишустин.

Ол сонымен қатар былтыр Ресей мен Қазақстанның тауар айналымы $25 млрд-тан асып рекордтық деңгейге жеткенін атап өтті. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында бұл көрсеткіш тағы да 10,5% - ға өскен. Мишустин қазақстандық әріптестерімен бірге «Ресеймен достық жібін үзген елдердің заңсыз экономикалық санкцияларынан» қорғану үшін пәрменді шаралар қабылдайтынын айтты.

Өз кезегінде Смайылов Қазақстан үкіметі Ресей-Қазақстан стратегиялық әріптестігін нығайтуға мүдделі екенін айтты.
Ресей үкіметінің басшысы екі елдің мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастығы маңызды екенін де атап өтті.

«Ресми мәртебесі бар орыс тіліне Қазақстанда қамқорлықпен қарайтынын атап өткім келеді. Бұл біздің азаматтарымыздың еркін қарым-қатынас жасауына, іскерлік қарым-қатынас орнатуына және мәдени байланыс орнатуына мүмкіндік береді»,-деді Мишустин.

Ол Ресейдің ЖОО-ның Қазақстанда ашылуға дайындық жасап жатқанын еске салды.

Реселік саясаттанушы Дмитрий Солонников бұл жиын туралы "екі елдің үкімет басшыларының кездесуі олардың болашаққа бірге бара жатқанын" көрсететінін айтыпты.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумға келуі Қазақстан көшбасшысының салмақты әрі жауапты саяси таңдауын көрсетеді. Ол форумға қатысты. Бұл әлемдік элитаға берілген белгі. «Иннопром» соның жалғасы. Мишустин мен Смайыловтың кездесуі сөзімізге дәлел. Ресей мен Қазақстан күрделі кезеңде жаңа қарым-қатынас құрып жатыр»,-деп бағалады ресейлік сарапшы.

Айта кетейік, бұған дейін Әлихан Смайылов машина жасау, металлургия және химия өнеркәсібі және бірқатар негізгі салаларда шамамен 4 млрд доллор шамасында Ресей мен Қазақстанның бірлескен 22 ірі жобасы іске асырылғалы жатқанын айтқан болатын.

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006