Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3825 0 пікір 25 Қараша, 2012 сағат 09:27

Тәуелсіз елдің тірегі

Таяуда ғана Елбасы өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында «Қазіргі әлем барлық плюстерімен және минустерімен төтенше деңгейде өзара байланысты болып отыр. Бұл - барлық елдерде есептесуге тиісті шындық. Оның үлкен, орташа және шағын елдердің бәріне де қатысы бар. Осының барлығы мемлекеттен кесімді әлеуметтік саясат жүргізуді талап етеді. Және маған әлеуметтік мәселелерді әркез бақылауымда ұстап, оларға тұрақты түрде қайта оралуыма тура келеді. Менің назарымдағы басты   мәселе - әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету», деп толғанғаны менің санама айрықша қозғау салып, Елбасының пайымы мен парасатының тым биіктігі қайран қалдырған болатын.

Таяуда ғана Елбасы өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында «Қазіргі әлем барлық плюстерімен және минустерімен төтенше деңгейде өзара байланысты болып отыр. Бұл - барлық елдерде есептесуге тиісті шындық. Оның үлкен, орташа және шағын елдердің бәріне де қатысы бар. Осының барлығы мемлекеттен кесімді әлеуметтік саясат жүргізуді талап етеді. Және маған әлеуметтік мәселелерді әркез бақылауымда ұстап, оларға тұрақты түрде қайта оралуыма тура келеді. Менің назарымдағы басты   мәселе - әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету», деп толғанғаны менің санама айрықша қозғау салып, Елбасының пайымы мен парасатының тым биіктігі қайран қалдырған болатын.

Тарихты таразыласақ, адамзат қоғамының түрлі дәуірлерінде өзі­нің жасампаздығы мен ты­ны­м­сыз еңбегінің арқасында әртүрлі мемлекеттерді өз дәуірінің биік сатысына сүйреп шығарған көш­басшы тұлғалардың ғибратты істеріне куә боламыз. Алайда, қа­зақ деген халықтың шамшырағы жарқырап, әлемге әйгілі болуы 20 ғасырдың 90-жылдарынан бас­тау алғаны, сол ұлы үдерістің тізгінін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев­тың ұстағаны алғаусыз ақиқат. Әр елдің тарихында биік бетбұрысты оқиғалар болады. Сол оқиға­лар­дың бастауы - ай­қа­рыл­ған ұлы күндердің болатыны да рас. Міне, 1991 жылдың 1 желтоқсаны хал­қы­мыз үшін сондай күн. Ресми алғанда ол күні Қазақ Кеңестік Социалистік Рес­публикасының Президентін сайлау өткізілді. Бірақ бұл ресми түр­де ғана. Бо­дан­дықтың күні бітетінін, бос­тандық таңының ата­ты­нын әркім де біліп отырды.
1991 жылғы 1 желтоқсан күні байтақ еліміздегі сайлау учаскелеріне халық жаппай ерекше үміт­­пен ағылды. Сол күні сай­лау­­шылардың 98,78 пайызы да­уы­­сын Нұрсұлтан Назарбаевқа бер­ді. Нұрсұлтан Назарбаев елі­міздің Тұңғыш Президенті болып сайланды. Халықтық қолдауға шын мәнінде талассыз ие болды. Содан бері Елбасымыздың сан түрлі сынақтан сүрінбейтін сарабдал саясатының арқасында жеңісті жолы жалғасуда.
Міне, елімізде жаңа мереке тұңғыш рет атап өтілгелі отыр. Ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні деп аталады. Өткен жылдың қараша айында Қа­зақ­стан Республикасының Парламенті осындай шешім қабыл­да­ды. Бұл шешім «Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы мерекелер тура­лы» Заңға толықтырулар түрінде рәсімделді.
Осыдан тура 21 жыл бұрын, ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 жел­тоқ­санда бірауыздан Мемлекет бас­шы­сы болып сайлан­ған Тұң­ғыш Президент - Елба­сы Н.­Ә.На­­зар­баев­тың басшылы­ғы­мен іске асты.
1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мем­лекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабыл­дан­ған­нан бергі кезең ішінде Қа­зақстан демократиялық саяси-құ­қықтық жүйесі бар, экономикасы тұрақты, халқының әл-ауқаты жо­ғары, ұдайы даму үстіндегі мем­лекет ретінде қалыптасты.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осы 21 жылдың ішінде шы­найы мемлекетшіл екенін, халық мүддесіне берілгендігін үнемі көрсетіп, Қазақстан атты елдің бо­лашақты бетке алған ұлы кө­шін бір белестен бір белеске асы­румен келеді. Елба­сының басшы­лығымен сол ке­ңестік республикадан тәуелсіз мемлекет, егемен ел жасалды. Ел болғанда да қа­тар­дағы ел емес, егемендігінің 20 жыл­ды­ғына да жетпей жатып Еуро­па­ның төріне көтеріліп, құрлық­та­ғы басты саяси Ұйымға төраға­лық еткен ел жасалды.
Осы тарихи күнді тағайындау әлемдік тәжірибені ескере оты­рып қабылданды. Ондай күндер дүние жүзінде көптеген мемлекеттерде бар. Мысалы, АҚШ-та «Президент күні» аталып өтеді. Мұндай күннің белгіленуі Ел­ба­сының ел алдындағы ұлы еңбегін лайықты бағалау деп білеміз.
Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы - еліміздің Тұң­ғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев халықты жасампаздыққа жұмыл­ды­ру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, халықаралық қо­ғамдастықтың ризашылығына ие болған жаһандық бейбіт баста­ма­лардың авторы ретінде елдің сырт­­қы саяси бағытын дәл ай­қын­дау ісіне орасан зор үлес қосты.
Мемлекет басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының нәтижесінде Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшы­рамай, дербес дамудың өтпелі ке­зеңіндегі қиындықтар мен сы­нақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өр­кендеу жолына шықты. Тәуел­сіздікке ие болған 21 жыл ішінде Қазақстан жаңа ғасырдағы бәсе­кеге қабілетті экономикаға негіз болатын талассыз табыстарға жетті.
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан халқы үшін тың құ­ры­лымның бірі - жемқорлық қыл­мыс­тарға қарсы күрес жүргізетін сала болды. Әуелде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы­сымен 1994 жылы Қаржы минис­тр­лігінің салық қызметі құ­рамын­дағы Салық милициясы басқармасы болып дүниеге келген су жаңа сала - қазір мақсаты мен мүддесі айқын Қазақстан Республикасы Экономикалық қыл­мысқа және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес агенттігі.
2005 жылдың ақпан айынан бастап Агенттіктің тек Қа­зақ­стан Президентіне тікелей ба­ғы­натын және есеп беретін орган ретінде танылуы - қаржы поли­циясының даму тарихындағы маңызды қа­дам және Мемлекет басшысының біздің органға деген ерекше се­ні­мінің белгісі. Соның нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство азаматтардың құқық­та­ры мен бостандықтарын, елдің эконо­ми­калық қауіпсіздігін қор­ғай­тын, сыбайлас жемқорлық кө­рі­ністері мен «көлеңкелі» эконо­миканың деңгейін төмендететін пәрменді құралға айналды.
2010 жылы Қазақстан Рес­публикасы Президентінің Жар­лы­ғына сәйкес, қаржы поли­ция­сы органдарына экономикалық қызмет саласындағы қылмыс­тарды және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеудің дербес құқығы берілді. Мемлекет бас­шысының салмақты саясатының арқасында Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламалық негізде тек құқық қорғау органдарымен ғана емес, тұтас қоғаммен жүзеге асы­рылуда.
Елбасымыздың «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жос­па­ры туралы» Жарлығына сәйкес бекітілген «Қазақстан Республи­ка­сындағы сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаның» басты міндеттері халықаралық ынты­мақ­тастықты кеңейту және сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту ар­қылы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты жоғарылату және көлеңкелі экономика деңгейін төмендету болып табылады.
Қаржы полициясына нарық заманында сыбайлас жемқор­лық­пен күресте, оның алдын алуда тұңғыш Президентіміз тара­пы­нан жүктелер міндет орасан, сенім зор. Берекеміздің бастауы болған бұл күн - біздің өз таңдауымызды өзіміз жасап, өз тағдырымызды өзіміз шешуді бастап берген күн. Бұл күн - тарихымызда тұңғыш рет бүкіл халық болып Президент сайлаған күн. Елдіктің жолындағы ең алғашқы қадамымызды жасаған күн.
Мақсат ҚОЖАБАЕВ,
Қызылорда облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы, қаржы полициясының полковнигі.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340