Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 5613 0 пікір 21 Желтоқсан, 2012 сағат 11:40

БАҚАЛЫ КӨЛ

Ол бір дүниені қаптаған топансудың қайтып, жер бетінде құрлықтар пайда бола бастаған кезі болса керек. Сол мезетте жер бетінде балықтар патшалығы да өзіне шақ жер алып, егемен елге айналған еді. Сол кезде балықтар патшалығының еншісіне тиген Бақалы көл аумағы әлемдік ірі патшалықтардың біріне жатады екен.

Балық патшалығы болғандықтан ба, бір қызығы, жерінің бейнесі де басы шығысқа, құйрығы батысқа қараған балыққа ұқсайды. Бірақ балықтарды балық емес, бақа патша басқарыпты. Ештеңеде ісі жоқ, тілдері де жоқ, бір-бірімен ішкі түйсікпен ғана қатынасатын балық мақұлықтар кімнің басқарғанына да мән бермесе керек. Кім біледі, бәлкім, олар үшін патшалықтың мәні жойылған кез бе екен?! Әйтеуір, өздеріне керек судың тұнығы мен мөлдірі жеткілікті, балдыры көп суға бойлауды ғана білетін балықтар құрылған мемлекетінің қызығын бақа деген мақұлықтардың көріп жатқанында шаруасы аз еді. Ауыздарына түскен қорекке жарамдыны қылғытып жүре беретін балық біткен су айдынында шоршып ойнап, тұңғиығына ойқастай тереңдеп, еркін жүзуді бақыт санайтын. Азаттық деп соны ұғатын.

Ол бір дүниені қаптаған топансудың қайтып, жер бетінде құрлықтар пайда бола бастаған кезі болса керек. Сол мезетте жер бетінде балықтар патшалығы да өзіне шақ жер алып, егемен елге айналған еді. Сол кезде балықтар патшалығының еншісіне тиген Бақалы көл аумағы әлемдік ірі патшалықтардың біріне жатады екен.

Балық патшалығы болғандықтан ба, бір қызығы, жерінің бейнесі де басы шығысқа, құйрығы батысқа қараған балыққа ұқсайды. Бірақ балықтарды балық емес, бақа патша басқарыпты. Ештеңеде ісі жоқ, тілдері де жоқ, бір-бірімен ішкі түйсікпен ғана қатынасатын балық мақұлықтар кімнің басқарғанына да мән бермесе керек. Кім біледі, бәлкім, олар үшін патшалықтың мәні жойылған кез бе екен?! Әйтеуір, өздеріне керек судың тұнығы мен мөлдірі жеткілікті, балдыры көп суға бойлауды ғана білетін балықтар құрылған мемлекетінің қызығын бақа деген мақұлықтардың көріп жатқанында шаруасы аз еді. Ауыздарына түскен қорекке жарамдыны қылғытып жүре беретін балық біткен су айдынында шоршып ойнап, тұңғиығына ойқастай тереңдеп, еркін жүзуді бақыт санайтын. Азаттық деп соны ұғатын.

Ал бақалардың жөні басқа еді. Олар шалшық пен балшық болмаса, мөлдір суды жаратпайды. Шалшық судың бетінде жапырақты, бұтақты,балшықты аттап, ырғып, секіріп жүріп шыбын-шіркейді қақшып жейтін жемқор жәндіктің нағыз өздері. Олар күн шыға шыбын-шіркей аулап, қабақтай қарын қамына кіріседі де, кеш түсе жамырап әндетіп, айналаны азан-қазан етіп, бүкіл әлемді өздері билейтіндей масайрайды келіп. Бұлар үшін судың тұңғиығы түкке тұрғысыз, беті жапырақ толы шіркей қаптаған шалшық судан артық жұмақ жоқ. Қарындарын сипап, күннің шуағында бақылдап жатқаны.

Дегенмен, өздерін төре мақұлық санайтын олар жыл сайын тартыла бастаған суды шалшыққа айналдырып, аумақтарының кеңігеніне мәз болысатын да, мөлдір суда ойқастап өмір кешетін балық біткенді күстаналаумен болатын.Оларды тілсіз құлдар дейді. Ондағысы - балықтар елін басқаратын Басбақаны өздерінің тұқымдасы санап, соны арқа тұтатындығынан. Бақа патшаға керегі қарауындағы балықты билеу емес, олардың суы құрғап, шалшыққа айналған жердегі уылдырықты сатудан түсетін пайда еді.

Бақалар улап-шулап, көлдің бетін азан-қазан еткенімен, өздеріне жететін қитұрқы қулығы басым жәндіктертұғын. Қорекке жарайтын шыбын-шіркейді молайту үшін, олар балықтың өлігін көбейтумен шұғылданатын. Соңғы кездері балық тірлігін жақсы зерттеген бақалар балық уылдырығының мол жеріне барып, оны шалшыққа таситын да, енді шабаққа айнала бастаған уылдырыққа өздерінің зәрі мен нәжістерін беріп, қырып тастауды меңгерді. Сасыған өлікке шыбын мен шіркей біткен жабылатыны белгілі, міне, сол кезде дорбауыз атанған бақалар тобы бас салып, мазасыз шыбынның тұқымын тұздай құртып, жұта береді, жұта береді... Дәлірегі - ұрттарына жинай жүріп, Бас бақаның асханасына тасиды.

Қалың құраққа орналасқан басорданы тасбақа мінген бақалар күзетеді, ал сумен шектес жағын жартылай бақа, жартылай балық мақұлықтар қалт етпей қарауылдайды. Бұл мақұлықтар не бақа емес, не балық емес, суы тартылған жердегі құрлыққа бейімделген балықтұқымдастар еді.

Бақалы көлдегі балық біткенді басынған бақалық саясат оларды бақаға айналдыруға да бас қатырып, біршама нәтижеге қол жеткізген. Ақырында бақаның итбалығы мен балық уылдырығын будандастырып, бақабалық тұқымын алды. Бұлар тереңге кететін балықты бақылап, судағы шекараны күзететін ерекше әскер қатарын түзді. Бұл ісіне сүйсінген Бас бақа тіпті бақабалықтың бірін сүйікті әйелі етті. Ойы болашақ тақ мұрагерін туғызу еді. Бірақ әзірге оған біткен уылдырық итбалыққа емес, шыбын үймелейтін лайға айналғаннан басқа нәтиже болмай тұр.

Көлдегі балық біткен үш тарапты мекен етіп, үш түрлі тұқымдас болады екен: шығыс тарапты құйрығы шұбатылған қауға секілді, жемтігін орап өлтіруге қауқарлы балықтар «қауғабалық» деп аталыпты; көлдің ортасында жайын ауызды, екі ұртынан өрім қамшыға ұқсас мұрт өскен бақалар «дойыр» аталыпты; күнбатыстағылар қараңғы тұңғиыққа дағдыланған, найзатұмсықты «нойыстар» деп аталған екен.

Осылардың ішіндегі бақалар билігіне аз да болса икемділері әлгі дойыр балықтар, алайда олар өздеріне тән саясатқа жетік болып шықты. Дойырлардың бірқатары теңіз тереңін билеуге маманданған патшалық қызметке тұрып алып, қара бастары мен балықтар мүддесіне бұрмалайтынды шығарып жүр. Тіпті жемқор бақаларды өздерінің мақсаттарына пайдаланып, парамен көндіретін қитұрқылықты меңгеруге көшкен. Оның үстіне Бас патшаның сүйікті тоқалы осы тұқымның уылдырығы еді.

Балықтар елі аталғанымен, бақалар өзара бұл елді «Бақастан» атауды шығарыпты. Бұған балық біткен тулап, суды толқындатып, бақалардың шалшықтағы біршама қамыс ауыл-қалаларын суға кетірді. Тіпті найзалы нойыстар «терең суымызды лайлады, жерімізді бөліп тастаймыз» деген саясат айтып, толқындатуды шығарды. Оларға қарсы бақабалықтарды аттандырып, қатаң жазалап, қырса да, найзаларына іліккен талай бақа да, бақабалықтар да оңбады. Тақа болмағасын, шаңқылдаған шағалаларды жалдап, найзалыларға құстарды айдап салды, олар ереуілшіл балықтарды су бетіне шығармай апталап, тереңге қуумен болды, ауызға іліккенін аспанға іліп әкетіп, жемтік етті. Өжет нойыстар сонда да қоймай, тулауын тоқтатпады. Амалы құрыған Бас бақа әлгі балықтардың уылдырығын алуды азайтып, оларға қорек болар жем шаштыратын болды. Соның кесірінен «қара маржан» аталатын уылдырықты шетке сату да біршама азайып кетті. Қара маржанның басты алушысы Шағала патшалығы болатын, олар уылдырықты шалшыққа тастап, шабақ күйінде қылғыту технологиясын меңгерген ел еді. Енді шаңқылдақ құстармен бақалар дипломатиясы басқаша күйге түсті.

Ақыры Шағала патшалығына айтар Бас бақаның уәжі табылды, оны да тауып берген өзінің бас кеңесшісі - балықтарды талай рет алдауды ойластырған Суайтбақ. Ол басы жалпиған ғалым бақаларды жинап алып, «балықтарға ұшатын қанат өсіруге бола ма?» деген мәселені төтесінен қойды, өйткені патшалық бұл бақаларға арнайы жем мен құрақты жерді бөліп, ерекше күтімге алған еді. Сондықтан күйге тәуелді әрі ғылыми нәтиже бере алмаған ғалым-бақалардың «Жоқ!» деуге қақысы жоқ еді. Олар амалсыз: «Әбден болады!» - деді. Содан салтанатты түрде Бас бақа нойыстарға енді суда да, әуеде де жүзетін қанат өсіру мүмкіндігі қарастырылатынын жария етті. Бұл балықтарды шағалаға жем болудан қорғайды-мыс. Бірақ шетке шыққан бірнешеуі болмаса, балық мақұлықтар оған да селт етпеді. Сонда да біршама уақыт қызыл сөзге айналған насихат құралының талғажауы болып, әлгі суайт бастаманы балықтардың талқысына кеткен уақыт көлді тыныштандырып тұрды.

Бақа патша қайткенде де алып көлдің ала-құла мақұлықтарын біріктіруге бас қатырумен болды. Қанша дегенмен, біршама жыл ел басқарған Бас бақаның қулығы жетіп артылатын. Ол ел алдына бас көріпкелін шығарып, елу жылдан соң болатын елдің болашағын сипаттады. Болашақта балықтардың да маңызды орны болатыны айқын көрсетілді. Бір қызығы - бақа мен балық бір тілде тілдеседі-міс. Бұл стратегия да Суайтбақтың кеңесі болатын. Енді бақалар балық тілін, ал балықтар бақа тілін үйренуі керек, ол үшін бақаға итбалық кезінде, ал балықтарға уылдырық күйінде арнайы жаңа технологиямен импульс арқылы тәуіптердің ерекше қуаты сіңіріледі-міс.

Сөйтіп тіл арқылы біртұтас мақұлыққа айналдыру саясатына бас қатырған Бақа патша «бәріміз де «балық» атанатын жұртқа айналамыз» деген қызыл сөзін безеп, насихат көбігін көпіртуді қолға алды. Бірақ көл беті мен батпақ арасы күбір-сыбырға толып кетті. Бақалар елдің «балық» болатынынан тіксініп, Басты қалай да «бақ» сөзіне иліктіруге ұмтылысты. «Бақ» сөзінің жағымды да жарасымды қуаты елге жайлылық дарытады деген уәжбен бақалар өздерінің өндірісі мен шаруаларын «бақ» сөзімен басталатын атаумен атай бастады, соны брендке айналдыруға күш жұмсап, шұбырған ұрықтарына дейін алдын ала «Бақтан» басталатын есім қойғыш болып алды. Ал бұған қарсы балық байғұстар былдырлап, «бал» сөзін алға тартты. Бірақ дыбысы жоқ балықтардың бұл ұсынысы әзірге жоғары жаққа жеткен жоқ. Қайта Басорда енді ресми түрде «Бақорда» атала бастады.

Соңғы кезде көлдің бар жылы-жұмсағын жұта беретін бақалар семірудің әбден шегіне жетіп, уылдырық шашуға да ерінетін болып, ол шаруаны бақабалықтарға таңып қойды. Оның есесіне бақабалықтың тұқымы жыл сайын артып, бақалар саны мүлдем азайып барады. Бас бақа болса, өзінің қартайып қалғанына өкініп, Шағала патшалығына ғұмыр жасты ұзарту жөнінде ішірткі табуды сұрап, оның есесіне пәленбай тонна балықты сыйға тартты. Әзірге шаңқылдауды ғана білетін шағалалар Бас бақаның үмітін ақтай қойған жоқ.

Ал Бақалы көл елі бақаға да, балыққа да болашақта күн бермейтін, жыл сайын саны мен қауқары еселеніп келе жатқан елдің жаңа тұрғындары - бақабалықтар еліне айнала бастағанын ешкім де сезер емес...

Қыран САЙЫП

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 47 (175) 20 желтоқсан 2012 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562