Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Әне, көрдің бе? 4142 10 пікір 1 Қыркүйек, 2022 сағат 13:47

Сайлау: Ықтимал үміткерлер кімдер?

Президент Тоқаев халыққа кезекті жолдауында кезектен тыс президенттік сайлауды жариялады. Ол 2022 жылдың күзінде өтетін болды. 

"Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет.

Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын.

Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады", - деді Президент.

Сарапшылардың айтуынша, президент сайлауы қараша айында өтуі ықтимал. Сондықтан да қазірдің өзінде кандидаттардың кім болуы мүмкін деген тақырып қызықты. Халық бұл сұрақты қызу талқылап жатыр.

Мұхтар Тайжан сайлауға түсуі ықтимал дейтіндер саны жетерлік. Мұхтар Тайжан жер мәселесін көтеріп, "Жер қорғаны" атты партия құруға ұмтылуда. Партияны тіркеу әлі іске аспады, алайда оның қоғамдық қозғалыс атынан түсу мүмкіндігі бар.

Главный принципиальный вопрос решен - Мухтар Тайжан о запрете продажи земли иностранцам

Тағы бір кандидат ретінде өзін ұсынуы мүмкін дегендердің ішінде Марғұлан Сейсембай бар. Соңғы жылдары саяси мәселелерді көтеріп, кәсіпкерлік салада дәріс беріп жүрген Марғұлан Сейсембай, биліктегі олқылықтар жайлы ойын өткір айтып жүргендердің бірі.

Марғұлан Сейсембай: "Біздің қоғам асүйде ғана белсенді" | Inbusiness.kz

Тағы бір кандидат ретінде Иманғали Тасмағамбетов түсуі мүмкін дейді жұрт. Ел ішінде айтарлықтай қолдауға ие, салмақты саясаткер саналатын Тасмағамбетов соңғы жылдары саяси сахнада көп көрінбейді. Алайда бұл сайлауда өз бағын сынап көруі ғажап емес.

Имангали Тасмагамбетов возглавил казахстанскую федерацию гольфа

Кәсіпкер әрі "Қазатомпром" басшысы болған, кейін істі болып, он жылын абақтыда өткізген Мұхтар Жәкішевті де кандидаттар қатарынан көргісі келетіндер бар. Алайда Жәкішев үлкен саясаттан кеткенін айтқан еді.

Мұхтар Жәкішев деген кім? — The Village Казахстан

Өзге де кандидаттардың болары анық. Санжар Боқаев, Бейбіт Әлібеков, Тоғжан Қожалиева және тағы басқа жандар өз бағын сынап көретіні айқын. Кандидат ретінде өздері түспесе де, қандай да бір қозғалыс атынан жақтастарын түсіріп, саяси бәсекеде бой көрсетуі ықтимал.

Ал президент Тоқаев қандай партия немесе қозғалыс атынан түспек? Сәуір айында "Аманат" партиясының төрағалығынан кетіп, партиядан шыққанын Тоқаев мәлімдеген болатын. Бір сөзбен айтқанда күз "ыстық" болады.

Abai.kz

10 пікір