Сенбі, 23 Қараша 2024
1316 0 пікір 5 Қыркүйек, 2022 сағат 11:08

Отбасындағы зорлық-зомбылық: 25 күнге қамайды

Қазақстанда отбасында зорлық-зомбылықты екінші рет жасағандарды қамау мерзімі 20-25 күнге ұзармақ. Бұған қоса отбасында қысым жасайтындар ескерту берудің орнына көше сыпыру, жол жөндеу жұмыстарына, аумақты көгалдандыру әрі абаттандыру жұмыстарына тартылмақ. 

Бұл туралы 3 қыркүйекте үкімет отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Министр бұл өзгерістер "отбасылық зорлық-зомбылық қылмысына жазаны күшейту" деп санайды.

"Бұл әкімшілік құқық бұзу бойынша ең азы бес күнге қамап, тәртіп бұзу қайталанса 20-25 күнге қамау жазасын енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұған қоса, тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша шағым жазу формасынан анықтау формасына көшпекпіз" деді министр үкімет отырысында.

Ахметжанов отбасында зорлық-зомбылық жасағандарды қоғамдық жұмысқа тартуды "тәртіп бұзушыларды өз қылығын бақылауға себеп болады" деп санайды.

1 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында отбасылық-зорлық зомбылық жасағандарға жазаны күшейтуді тапсырған еді. Жолдауда Тоқаев отбасындағы зорлық-зомбылықты анықтау қиын болғандықтан органдар бұл әрекетті қылмыс деп тануға күмәнданатынын мәлімдеген. Ал ішкі істер министрі енді тұрмыстық зорлық-зомбылықты анықтау формасына көшу жоспары жайлы айтады.

2017 жылы Қазақстан отбасындағы әлімжеттік туралы баптарды Қылмыстық кодекстен алып тастаған. 2017 жылы 3 шілдеде Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Сабау" және "Денсаулыққа жеңіл дәрежеде зақым келтіру" баптарын Қылмыстық кодекстен Әкімшілік кодекске ауыстыру туралы заңға қол қойған. Оған дейін отбасындағы әлімжеттік қылмыс ретінде қаралып, кінәлілер 226 900 – 453 800 теңге аралығында айыппұл төлейтін немесе екі айға дейінгі мерзімге қамалатын.

Құқық қорғаушылар, халықаралық ұйымдар мен белсенділер биліктен бірнеше жылдан бері отбасындағы зорлық-зомбылықты қайта қылмыс деп тануды талап етіп келеді.

Ал HRW "биліктің әйелді отбасындағы зорлық-зомбылықтан заң жүзінде қорғамауы Қазақстанның адам құқығы саласындағы міндеттемесіне қайшы келеді" деп есептейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349