Сенбі, 23 Қараша 2024
1633 0 пікір 8 Тамыз, 2022 сағат 14:09

Педагогиканың балалардың шығармашылығын дамытудағы рөлі ерекше

Педагогикадағы маңызды сауалдардың қатарына «Әрбір білім алушыны шығармашылыққа қалай үйрету керек?»,  «Бала бойындағы туа біткен шығармашылық әлеуетті қалай дамыту керек?» жатады. Біз оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуға байланысты қойылған осы сауалдарға жауапты ТМД және шетелдік зерттеушілердің еңбектерінен таба аламыз. Енді осыларға біршама тоқталып өтейік. Баланың шығармашылық қабілетін қаперге алуда Дж. Гилфорд пен Э.П. Торренс концепциясын кеңінен қолданылып жүр.

Енді атған екі зерттеушінің ұсынған концепциялары төңірегінде сөз ете кетейік.

Өз кезегінде Дж. Гилфорд шығармашылық белсенділікке түрткі болудың:

1. Жағымды ахуалды қамтамасыз ету. Мұғалім тарапынан мейірімділік, балаға қатысты бағалау мен сынаудан бас тарту еркін дивергентті ойлаудың көрініс беруіне септеседі.

2. Бала үшін сан алуан жаңа пәндер мен білім алуға деген құштарлықты қалыптастыру мақсатында еңбек ету.

3. Төлтума идеялары үшін ынталандыру. Жаттығу мен тәжірибе жасауға мол мүмкіндік беру. Дивергентік сипаттағы сауалдарды сабақ және сабақтан тыс уақытта қолдану.

4. Шығармашылық проблеманы шешуге өзі бас болып жеке бастық үлгі көрсету.

5. Балалардың сұрақ қоюға белсене араласуына мүмкіндік жасау сияқты төмендегідей әдістерін ұсынады.

Осы орайда Э.П. Торренс креативтік дамуға септесетін психологиялық жағдайларды анықтады. Атап айтсақ:

–  баланың шығармашылық шешімге бағдар ұстануы;

–  бала бастамасына қатысты кедергінің алынып тасталуы;

–  мектеп пен үйдегі түрлі шығармашылық өнімдерге ынталандырудың жасалуы;

–  ойын және заттарды іс-әрекеттерінде пайдалануға мүмкіндіктің берілуі;

–  баланы саналы түрде шығармашылық белгі-нашан құндылықтарын ұғынуға тәрибелеу;

–  баланы маңайында орын алып жатқан құбылыстарға зер сала білуге тәрибелеу.

Теориялық және педагогикалық практикадағы зерттеулер дені сау адамдардың баршасын, әсіресе балаларды ерте бастан шығармашылыққа үйретуге болатынын көрсетеді.  Белгілі педагог, тәжірбиелі ғалым И.Я. Лернер бұл жайында дәйекті деректер келтіреді. Өте жиі сабаққа үлгерім нашар оқушылар шығармашылық ойлауды меңгеріп, соның арқасында білім алуда табыстарға қол жеткізеді. Бірақ бұл үшін оларды ғылыми және қолданбалы шығармашылықтың түп негіздері бойынша стандартты емес, ойлаудың амал-тәсілдерін үйрету керек.

Демек, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағдар ұстанған білім беру процесі білім алушылардың жаңа ойлау амал-тәсілдерін және оқу-шығармашылық іс-әрекеттерінің тәжірибесін меңгеруін қамтамсыз етуге тиіс.  Сонымен, негізгі оқу-шығармашылық іс-әрекеттерінің тәжірибесі білім беру процесінде қалыптасып,  білім алушының стандартты емес  ойлауын дамытуға бағдар ұстанды.  Оған мыналар жатады:

1. Өз бетімен білім мен дағдысын жаңа жағдайға ауыстыруды жүзеге асыра білу.

2. Стандарт жағдайда жаңа проблеманы аңғара алу.

3. Объектінің тұтасқан құрылымын тани білу.

4. Объектінің жаңа функциясын көре алу.

5. Проблеманы шешу кезінде жобалау мен баламалылықты саралай білу.

6. Жаңа проблеманы шешу кезіндебұрыннан белгілі іс-әрекет түрлерін араластыру мен қайыра түзу.

Педагогикалық іс-тәжірибе көрсетіп отырғанындай, оқу сабақтарындағы шығармашылық дегеніміз әлдебір жекелген «шығармашылықпен» жұмыс істейтін педагогқа қана тән әлдеқандай төлтумалық емес, керісінше, шәкірттерін стандартты емес өмірлік жағдайларға білімдерін пайдалана білуге үйретудегі кәсіби білікті ұстаздың міндетті іс-әрекеті болып табылады.  Тұлғалық бағдар ұстанудың іс-әрекеттік басымдығы педагогтан аяқ астынан туындаған жағдайларға қатысты тәжірибе жүзінде қолдана білушілікті талап етіп, осы жолда оқушыға білімді меңгертудің өнімді білім беруші технологияларын табуды міндеттейді.

Білім беруде балаларға шығармашылық қабілетті және стандартты емес ойлауды дамытуға бағдар ұстанған оқу-шығармашылық іс-әрекетті  ұйымдастырудағы қажетті жағдай ретінде білім беру мемкемелеріндегі оқу-тәрбие беруді дамытушы орта танылады. Біз сөз еткен оқу-тәрбие берушы орта әрбір шәкірттің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағдар ұстанады.

Шығармашылық қабілетті дамыту білім беру іс-әрекетінің эвристикалық әдісіне ықпал етеді. Бұл ықпал етуді педагогикалық басқару мен тұлғалық өздік басқарудың заңдылықтары мен принциптері ескеріліп жобаланған білім алушылар әрекетіндегі шығармашылық   міндетті шешу мақсатындағы түйсіктік іс-әрекетті дамыту  педагогтың іс-әрекеттің  (ұстаздық білім берудің) және оқушының іс-әрекетінің  (білім алу әдісінің)эвристикалық ержесінің жүйесі деп атайды.

Эвристикалық әдіс дегеніміз – бұл  танымдық міндетті шешудегі оқу материалын дайындау мен әңгімелесу жүргізудің тұрақты ережесіндегі білім берудің шарттастық принципінің жүйесі.

Эвристикалық әдіс қарама-қарсы сипаттағы жаңа материалды немесе бұрынғы алған білімін бұрын ешқашан білмегенін жаңа іс-әрекеттердің амал-тәсілдері арқылы өз бетімен үгеруге талпынған шақта қолданылады.

Біз сөз еткен эвристикалық әдіс оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттырады. Арттырып қана қоймай, мектепе оқушылары алған білім өнімі одан ары өрістеп, жаңаша сипат алады.

Осылайша, орта және бастауыш білім беретін мектепте берілетін қосымша білім беру баланың шығармашылық және арнайы қабілетінің екінші тынысын ашып, оны болашақтағы өмірінде өз бетімен қолдана білуге үйретеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377