Сенбі, 23 Қараша 2024
1380 0 пікір 11 Тамыз, 2022 сағат 14:17

Танып-білуге деген құштарлық бала шығармашылығының басты сипаты

Педагогика мен психологиядағы «шығармашылық» термині «шығармашылық іс-әрекет» ұғымының аясында қарастырылады. Осы шығармашылық іс-әрекеттің табиғатын танып білудегі ғылыми қадамының бастапқы сатысы психикалық қуатты шығармашылық қабілеттің материалдық иесі деп санайтын ұғым-түсінікпен байланысты. Ал, шығармашылық іс-әрекеттің өнімі болып белгілі бір рефлекстердің жиынтығы саналады. Проблемалық ситуацияны түзетін іс-әрекеттік тітіркентушілік мидағы басым іс-әрекетті құрайтын рефлекске назар аудартып қоздырады. Міне, осы доминанттың маңына барша бұрынғы тәжірибедегі белгілі бір дәрежеде проблемалық тітіркендіруші болып табылатын барша материалды шоғырландырады. Осылайша, аталған проблема белгілі бір кезең аралығында доминанттың назар аударушы нысанына айналып, оның төңірегіне жүзеге асатын шығармашылық іс-әрекет шоғырланады.

Шығармашылық әлеует балаға туа бітеді де, оның өсуі мен дамуы оның өізнің ересектермен тығыз байланыс жасай білуіне байлансты одан әрі өрістейді. Шығармашылық әлеует балаға туа бітіп, оның өсуі барысында мүмкіндігінше одан ары дамиды. Бірақ та шығармашылық әлеуетті жүзеге асыру балаларда бірдей емес, біз жоғарыда сөз етіп кеткендей, балалық шағының түрлі кезеңдерінде ересектермен өзара әрекеттестік жасауының сипаты мен сапасына байланысты болып келеді.

Бұл арада шығармашылық ойлауға тән дүние жаңа субъективті өнімді сондай-ақ, танымдық іс-әрекет барысында жаңа түзілімдерді өмірге әкелу болып саналады. Бастауыш сынып оқушыларының дамуы олар қалай мектеп табалдырығын аттады, тап солай адам айтқысыз өзгерістерге түсіп, ондағы орын алатын психикалық процестері еріктілік сипатқа ие болады. Егер бала қабылдауды, ойлауды, есте сақтауды және кейбір деңгейде өзінің эмоциялары мен қиялдауын басқаруды үйрене алады. Сонымен бір мезетте ерік-жігері дамып, тұрақтанады да, оны еріктік реттеудің өмірлік түп негізі қаланады. Ал, бұл дегеніміз – өз кезегінде баланың іс-әрекеті саналы да, парасатты бастамалық сипат алады деген сөз.

Танып білуге деген құштарлық шығармашылық сипаттағы жаттығуды қалыптастырады. Біз сөз етіп отырған жаттығулардың тиімді жағы оны қалыптастыру үшін арнайы дамыту сабақтарын өткізу еш міндетті емес, қайта тап осындай жаттығу элементтері әрбір сабақта көрініс беріп, материалдық бағдарламалармен әдістемелене тұтасып кетуі керек. Іс жүзінде көптеген ұстаздар жаңа материалды өтуге аз уақыт қана қалады деп сақтанғандықтан шығармашылық тапсырмаларды өте сирек қолданады. Асыра сақтанудың еш керегі де жоқ. Дамытушы сәт ойлау процестеріне түрткі болып, баланы оқу пәніне уәждап, осындай сергіту сәттерінен кейін олар оқуға құлықтылық танытып, белсенді бола түседі.

Креативті білім беру ортасын дамыту арқылы мұғалім мен балалардың мәдениеті дамып, адам тіршілігінің жоғарғы формасы ретінде өмірлік шығармашылықтың гуманистік идеялары жүзеге асады. Балалар шығармашылық жұмыс, өздік жасампаздық  арқылы өмірлік тындырылым процесіне араласып, одан қанағаттану мен моральдық ләззат алатын болады.

Адамның креативтілігі өмірге, өз тұлғасына деген шығармашылық қарым-қатынасты туындатып, түп негізінде іс-әрекет барысындағы заттық-кеңістіктік, табиғи, әлеуметтік және ментальды ортадағы уәжданған рухани қажеттілікті өтеу жатады.

Бұл орайда интеллектуалды дамудың алатын орны ерекше. Қиялдың көмегімен образды өмірге әкелу жетілген ойлау процесінің амал-тәсілдерінің бірі болып табылады. Сахналық іс-әрекетпен айналысу интеллектуалды-логикалық (салыстыру, саралау жинақтау және т.б.) және интеллектуалды-эвристикалық (идея, қиял, фантазия туындатушылық) қабілеттерді дамытуға түрткі болып зор мүмкіндік береді. Шығармашылыққа деген қабілет әлденені қиялдап, әлденені өмірге әкелген кезде пайда болады. Фантазия дегеніміз – адамның шығармашылық рухының бастау көзі. Ол балаға жан дүниесінде жасырын үрейін, ойларын ұғынып, өзінің жасаған іс-әрекеттерін саналықпен түсіне алуға септеседі. Фантазия бала әйтеуір басынан өткеретін депривациядан (әлденеден айырылып қалудан) арылуға көмектеседі. Оның үстіне өзін шынайы өмірде қалай ұстай білу керектігіне үйрене алады. Қиял шығармашылықтың негізі басты ретінде баалдан бір елі айырылмйады. Қиялдың дамуы сөзбен, баланың қоршаған ортасымен психологиялық формада тіл қатысумен тығыз байланыста болып келеді.

Шығармашылық тапсырмалар баланың дамуына жағымды ықпал етіп, оқу іс-әрекетінің осы тұрғыда ұымдастырылған формасы ұстаздардың авторитарлық әдістерден бас тартуының ең маңызды алғышарты болып табылады.

Шәкірттердің бастауыш мектепте саналы, шығармашылықпен ынта таныта білім алуға тырысуы ары қарайғы дербес ойлауларына байланысты болып келіп, тәжірибелік іс-әрекеттерде теориялық материалдарды өзара байланыстыра білу дағдысына қол жеткізеді.

Шығармашылық барша іс-әрекет түрлеріне дендеп еніп, жаңа да, өте-мөте жоғары сапаға қол жеткізе алуды қамтамасыз етеді.

Шығармашылықты философиялық тұрғыдан ұғыну дегеніміз – бұрын ешқашан болмаған жаңаны өмірге әкелуші іс-әрекет. Шығармашылық тек тіршіліктің тар ауқымына байланбаған толық еркіндік орын алған жағдайда ғана мүмкін болады. Кез келген шығармашылықта қоршаған ортамен еш байланыссыз жаңашылыдық көрініс береді. Бұл дегеніміз өз кезегінде кез келген шынайы шығармашылық акті кезінде туындайтын іс-әрекеттік құпия болып табылғандықтан бұрынғы жоқтан бар жасайтын еркіндік элементі болып табылады.

Әдеттегі орта мектептің педагогы тәрбие беру жоспарының қыспағына түсіп, министерлік бекіткен жалпыға ортақ талаптың соңына түсіп, өз шәкірттерінің өздік шығармашылығын дамытуға аз-маз ғана мүмкіндік табады. Бұндай мүмкіндікке тек қана қосымша білім беретін педагог қана иелік етеді. Осындай мүмкіндікке ие педагогтар балалр үшін табиғи шығармашылық процесті орнықтыратын бағдарға зор деңгейде ие болып, өз тәлім алушыларының шығармашылық өзін танытуына түрткі болады. Педагог өзінің кәсіби кемелденуі барысында балалардың өзін еркін сезінуіне көмегі тиетін өз бойына конструктивті тұлғалық қондырғыны тоғыстырып, олардың өздерін қызықтырған аяқ астынан туындайтын идеялары мен образдарына өз бетімен талдау және ізденіс жасауларына мүкіндік туғызады. Бұл ең маңызды және бағалы процесс, сондықтан оның барысында тұлғаға қажетті өздік даму орын алып, әлемге деген аса жоғары деңгейдегі шығармашылық бейінділік орнығады.

Біз аталған шағын мақаламызда мектеп шәкірттерінің танып білуге деген құштарлығы балалар шығармашылығының басты сипаты болып табылатына ой жүгірттік.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443