Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3354 0 пікір 10 Қаңтар, 2013 сағат 07:40

Нұрсұлтан Назарбаев: Зиялы қауыммен жұмыс істейтін жаңа жүйе керек

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында қазақстандық бір топ ғылым, әдебиет пен өнер қайраткерлеріне президенттік және мемлекеттік стипендия тапсырды. Елбасының қабылдауында әдебиет, өнер саласының 56 қайраткері болды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында қазақстандық бір топ ғылым, әдебиет пен өнер қайраткерлеріне президенттік және мемлекеттік стипендия тапсырды. Елбасының қабылдауында әдебиет, өнер саласының 56 қайраткері болды.

- «Қазақстан - 2050» стратегиясы ұлттық интеллигенцияның қоғамдағы рөлін арттыра түседі, - деп атап өтті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. - Интеллигенция ұлттық құнды­лық­тарды жасауда ең басты күш болуы керек. Интеллигенция дегенде ғы­лыми-техникалық интеллигенцияны айтып отырмын. Біздің ЭКСПО-ны алғандағы бағытымыз - жаңа энер­гетика. Жаңа энергетика дегеніміз - болашақ. Оған өтпей болмайды. Жаңа энергетикаға көшетін болсақ, технологиялар да, мамандар да басқа болады. Еліміздің өсіп-өркендеуі басқаша болады. Зиялы қауымның туындылары жастар үлгі алып, ой түзетіндей қазіргі заманғы жаңа қа­һармандарды көрсетуге бағытталуы тиіс. Зиялылар арасында тіл мәселесі жиі көтерілетіні белгілі. Ұлттың ты­нысы, санасы ұлттық тілмен ғана баян­ды болады. Қазақтың мемлекет­тік тілі - қазақ тілі. Ол Ата заңмен бекі­тілген. Ешкімнің оған дау-дамайы жоқ. Ол тарихи шындық болып табылады. Халыққа жаппай қазақ тілін үйретсек, бір ел боламыз. 2025 жылға дейін қазақстандықтардың 95 пайызының қазақ тілін білуі көзделіп отыр. Оған негіз жасалған. Жалпы, сырт­тан келгендер Америкада - американ, Францияда - француз. Олар­дың бәрін ұйымдастырып отыр­ған - бір тіл. Сондықтан Қазақстанда барлық халық қазақша сөйлейтін болса, біз де бір ұлт, бір елге айна­ламыз.
Елбасының көтерген латын қар­піне көшу туралы мәселені жазушы Қалихан Ысқақ өз сөзінде қол­дай­тындығын білдірді. «Жалпы алғанда жазудың түп-төркіні түркі елдерден шыққандығын шетелдік ғалымдар дәлелдеп берді. Шындығына келгенде кириллица да бізден шыққан. Ал латын қарпіне келсек ол да біз өткен кезең. Кезінде біз латын әрпімен жаздық, сондықтан одан қорқақтау­дың қажеті жоқ. Қазіргі кезде ағыл­шын тілінде оқып жатқан жастары­мызға латын қарпіне көшу ешқандай қиындық тудырмайды», дейді жазу­шы ағамыз.
«Ұлттық құндылықтар мен пат­риотизмді жастардың бойына сіңіруде еліміздің рухани дүниесінің қайнары сіздерге зор жауапкершілік артылады. Бүгінгі жастарға баяғы тарихта не болғанын айтып жатудың ешқандай қажеттілігі жоқ. Олар оны қажет болса интернеттен біледі. Жастардың білгісі келетіні болашақ не болады? Мәселе сонда болып тұр.

Ғылым, білімнің дамуын ақпараттандыру осы күнде жыл сайын бес есеге артып отыр. Оның игерудің өзі үлкен проб­лема. Оның үстіне қазір ғылым­ның дамуы да өте ширақ. Жыл сайын жа­ңалықтар, ғылыми ашылулар, та­быстар жасалады. Соған сай ұрпақты тәрбиелеу керек. Өркениеттің негізі - мә­дени, рухани байлық. 2000 жылы елімізде Мәдениет жылы деп жария­ланғаннан бері көп жұмыс­тар атқа­рылды. 2004 жылы қолға алынған «Мәдени мұра» бағдар­ла­масы аясында 73 тарихи-мә­дени ескерткіш жаңғыртылып, 40-қа жуық археологиялық зерт­теулер жүргізіліп, отандық ғылым мыңдаған құнды жәдігерлермен толықты» деді Елбасы.
Одан кейін сөз алған Халық артистерi Асанәлі Әшімов, Ме­руерт Өтекешева, музыка танушы Юрий Аравин, актриса, әнші Айгүл Иманбаева, әнші-ұстаз Еркін Шүкіман, ақын Ерлан Жүнісов, домбырашы Нүркен Әшіров сияқты бірнеше сти­пен­диаттар өнерге, әдебиет пен мәдениетке қамқорлық жасап, рухани құндылықтарға серпін бергені үшін Елбасына алғысын білдірді.
- Жыл сайын Елбасы жыл ба­сында қазақтың зиялы қауымын жинап, бір кездесу жасайды. Бұл сонау 94-95 жылдардан бері келе жатқан үрдіс. Бұл Президенттің өнерге, мәдениетке, жалпы, біз­дің қо­ғамдағы рухани мәселелер­ге көңіл бөлуі, деп ойлаймын. Бүгін де жиналған қауым Елба­сына өзінің алғысын, тілектерін жет­кі­зіп жатыр. Мен де бұрын-соңды болмаған жетістіктеріміз - қазақ­тың мың күйі, мың әні туралы айта келіп, қазақтың дәстүрлі ән-күй өнерінің ұлттық статусы бар өзіндік орталығы болса, деген тілегімді жеткіздім. Оның өзінің арнайы ғимараты болса, әрбір дәстүрлі әндерді орындайтын екі-үштен өкілдер болса, деген ойымды ортаға салдым. Сонда өнердің бұл түрінің дамуына жол ашылар еді, - дейді әнші Еркін Шүкіман.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев зиялылармен кездесу барысында Қазақстанда интеллигенциямен жұмыс істейтін жаңа жүйе қалып­тастыру керек екендігін айтты. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиясында белгіленген рухани үрдістерді жүзеге асыру зиялы қауымнан үлкен күш-жігер қажет ететіндігін баса айтты.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338