Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 4967 0 пікір 10 Қаңтар, 2013 сағат 07:42

Ғарифолла ЕСІМ, сенатор: Латын әліпбиін биыл анықтап, қабылдауымыз керек

Латын жазуына көшу - EXPO - 2017 көрмесіне дайындықтың бір бағытына айналуы керек. Бұл туралы сенатор, академик, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім «Айқын» газетіне айтты. Ол алдағы бес жылда кейбір салаларды латын графикасына ауыстыруға болады деп есептейді. - Латын әліпбиіне көшу, әлде көшпеу туралы әңгіме енді мүлдем жоқ. Бұл мәселе Ел­ба­сы­ның биылғы Жолдауынан кейін күн тәртібінен алынып тастал­ды, - дейді Ғарифолла Есім. - Ен­­дігі сұрақ: Латын әліп­биіне қа­шан және қай кезде өтеміз?
- Сонда қалай өтеміз?
- Біздің алдымызда басқа елдердің тәжірибелері бар. Әзірбайжан, Өзбекстан, Түр­кіменстан сияқты елдердің ла­тын графикасына көшу тәжіри­белерін қарап, олардың жетіс­тіктері мен кемшіліктерін сара­лаған жөн. Мамандар арнайы осы елдерге барып, ондағы ла­тын графикасына қатысты жағ­дайды жан-жақты талдап, зерттеулері тиіс.
- Бұл жұмыстармен кімдер айналысады?

Латын жазуына көшу - EXPO - 2017 көрмесіне дайындықтың бір бағытына айналуы керек. Бұл туралы сенатор, академик, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім «Айқын» газетіне айтты. Ол алдағы бес жылда кейбір салаларды латын графикасына ауыстыруға болады деп есептейді. - Латын әліпбиіне көшу, әлде көшпеу туралы әңгіме енді мүлдем жоқ. Бұл мәселе Ел­ба­сы­ның биылғы Жолдауынан кейін күн тәртібінен алынып тастал­ды, - дейді Ғарифолла Есім. - Ен­­дігі сұрақ: Латын әліп­биіне қа­шан және қай кезде өтеміз?
- Сонда қалай өтеміз?
- Біздің алдымызда басқа елдердің тәжірибелері бар. Әзірбайжан, Өзбекстан, Түр­кіменстан сияқты елдердің ла­тын графикасына көшу тәжіри­белерін қарап, олардың жетіс­тіктері мен кемшіліктерін сара­лаған жөн. Мамандар арнайы осы елдерге барып, ондағы ла­тын графикасына қатысты жағ­дайды жан-жақты талдап, зерттеулері тиіс.
- Бұл жұмыстармен кімдер айналысады?
- Тіл білімі институты. Олар барлық жұмыстарын осы мәсе­леге арнауы керек. Өйткені, тіл, оның лексикасы, этимология­сы, тарихы, әліпбилердің тарихына қатысты зерттеулерді солар жүр­гізіп келеді. Бұл бойынша құ­жаттар, зерттеулер, еңбектер бар. Тіл білімі институты латын әліпбиіне көшу бойынша қоғамдағы негізгі күшке ай­налып, Үкімет ұйғарымымен олар­ға сондай құқық берілуі ке­рек. Ал Тіл білімі институтының осы бағыттағы шешімдері мем­лекеттік деңгейде талқыланып, іске асуы қажет.
- Сонда бұл институт латын жазуына көшу бойынша ғылыми орталық бола ма?
- Ия, латын әліпбиіне қатыс­ты ғылыми орталық Тіл білімі институтында болады. Олар кімдерді қажет деп санаса, со­ларды осы сараптамалық жұ­мысқа тартуы қажет. Бұл жұмыс­тарға арнайы қаражат бөлінуі тиіс. Ал олардың үстінен латын әліпбиіне көшу мәселелері бо­йынша мемлекеттік комиссия құрылғаны жөн. Тіл комитеттері де осы жұмысқа атсалысады
деп ойлаймын. Тез арада жұ­мысқа кірісу керек.
- Жұмысты неден бастау қажет?
- Сараптама, зерттеу кезе­ңінен кейінгі бірінші мәселе - әліпбиді анықтау. Түркі елдері­нің Кеңесі 34 әріпті латын әліп­биіне тоқтағанға ұқсайды. Бі­рақ Пре­зидент тамаша бір мәселені айт­қан еді. Әліпби жасаған кез­де жаңа символдар қосу қажет емес. Мәселен, ң, ү, ұ, ө тәрізді ды­быс­тарды беру үшін жаңа символ ойлап таппай, бірнеше әріпті қосарлана пайдалануға болады. Неміс, ағылшын тілде­рінде де кейбір дыбыстар 2-3 әріппен беріледі. Яғни қазіргі қолда­ныстағы латын әліпбиі шеңбе­рінен шықпауға болады. Қосым­ша символ жасап, ла­тын­ды ерек­ше етіп жіберсек, онда қа­зақтың латынын оқу көпшілік үшін қиынға соғады. Сонымен бірге бірнеше латын әліпбиін тара­тып, халықты шатастырма­ған абзал. Халық талқылауына тек 1-2 нұсқа ұсынылғаны жөн.
Әліпбиді анықтағаннан кейін насихат жұмысына кірісуі­міз керек. Жаңа графиканы пи­лоттық жоба ретінде белгілі бір мектептерде, гуманитарлық ғы­лыми-зерттеу институттарына енгізген жөн. Басылым бетте­рін­де жаңа жазумен материалдар беріле бастауы тиіс. Латын гра­фикасы қалай тез тарайды? Мақал-мәтелдер, аңыздар, афо­ризмдер, қызықты, шытырман оқиғаларды, күнделікті жаңа­лық­­тарды латынша беруге бо­лады. Сонда жаңа жазу қоғамға бір­тіндеп сіңе бастайды. Осы да­­йын­дық кезеңінде әрбір ұжым­да үйірмелер, курстар ашы­луы керек. Ал орта мектептерде ал­ғашқы сыныпқа келген бала­лар­ды латын әліппесіне үйрете бастаған жөн. Менің ойымша, елімізде он жылдай латын мен кирилл жазуы қатар жүруі мүм­кін.
- Латын жазуына көшуді қош көрмейтіндердің басты уәжі: келешекте латын графи­касымен оқитындар кирилл жазуындағы мәдени, әдеби мұ­радан түгелдей айырылып қа­лады. Өйткені кі­таптардың бар­лығын жаңа гра­фикаға ауыстыру мүмкін емес. Сіз бұл жөнінде не ойлайсыз?
- Бұрын шығарылған ең­бектерімізді латынға ауыстыру бойынша бағдарлама жаса­луы қажет. Қазіргідей компьютерлік заманда бұл қиынға соқпайды. Әрбір тұлға, ғалым, жазушы осы жұмысқа атсалысып, өзінен ке­йін қалатын еңбектерін, кітап­тарын латынға аудара беруі тиіс. Себебі келер ұрпақ әдебиеттер­ді латын жазуымен оқитын бола­ды. Сонда бұл жалпы іске көмек болады. 3-4 жылдың ішінде бі­-раз еңбектер жаңа жазуға кө­шірілер еді. Мәдени құндылық­тарымыз, мемлекеттік құжат­тарымыз ла­тын графикасына аударыла бастауы керек.
- Бұл жұмыстарды қашан бастаған жөн?
- Биылдан. Ол үшін әліпбиді анықтауымыз қажет. Әліпбиді 2013 жылы анықтап, қабылдап алуымыз керек. Оның заңды­лық жағы қалай болмақ? Парламент­те заң арқылы мақұлдана ма, әлде Президент Жарлығымен, яки Үкімет шешімімен бекітіле ме? Себебі жаңа әліпби мем­лекеттік, ұлттық рәмізге айна­латыны анық.
- Жалпы, бұл жазу реформа­сы қыруар қаржы талап етпей ме? Зерттеу жұмыстары, барлық әде­биеттерді жаңа жазуға ауыс­тыру...
- Қанша қажетті қаржы қа­жет болса, сонша бөлінуі керек. Егер еліміздің болашағы мен мұқтаждығы үшін қаржы шы­ғындамасақ, оны қайда шығара­мыз?! Біз заман талабына сай, фонетикамызға сәйкес келетін әліпбиге көшеміз. Латын жазуы - өркениетті алаңда өзін көр­сеткен әліпби. Оны қолдану арқылы көптеген қателіктерден арыламыз. Мәселен, жазудағы кемшіліктердің салдарынан бізде адамның аты, елді мекен, жер-су аттары да екі түрлі жазы­лады. Менің аты-жөнім - Ғари­фолла Есім, орысша - Гарифолла Есим деп жазады. Қазақша - Қарағанды болса, орысша - Караганда деп жазып қояды.
- Қазақстан - орысша Казах­стан деп жазылса, ағылшын ті­лінде сол орыс тілінде дыбыс­талатын нұсқасынан алынып жазылады...
- Егер латын қарпі болса, барлығы ретке келер еді. Қазір­гідей орысша, қазақша, ағыл­шынша әрқилы жазылмайды. Латын әліпбиіне көшпесек, бауырлас елдермен байланыс қалай болады? Өзбек, түркімен, әзірбайжан, түріктермен қалай хат алысамыз? Латын әліпбиі түркі дүниесіндегі ынтымақ­тастықты арттыра түспек. Әлем­нің әр түкпіріндегі қазақтар әр­түрлі графиканы пайдаланып отыр. Ортақ жазу өзара байла­ныстағы кедергіні алып тастауға көмектеседі. Латын графикасына өту өркениетке, мәдениетке қатысты көптеген мәселелердің дұрыс шешілуіне апарады. Әрине, бір кезеңнен келесісіне өту әркез оңай емес.
- Сіз латын әліпбиіне көшуге қатысты екі сұрақ бар дедіңіз: қалай және қашан? Қалай екенін айттыңыз, ал қай уақытта жаңа жазуға көшеміз?
- Біздің алдымызда - басқа елдердің тәжірибелері бар. Яғни бауырлас елдердің осындай өз­герістер жасауға жіберген уа­қытынан қысқа мерзім алынуы тиіс. Бұл мәселеге инновациялық тұрғыдан қарау керек. Инновация - жаңалық. Жаңалық жылдам­дықпен жүзеге асады. Созылып кеткен нәрсе жаңалық болудан қалады. Латын қарпіне көшу мәселесін созғаннан ешқандай пайда таппаймыз. Бұл бастаманы жүзеге асыру жылдамдығын, инновациялық қуатын ғалымдар анықтайды деп ойлаймын.
- Ал лингвист ғалымдар қазақ тілі 2017 жылға дейін латын әліп­биіне көшу керектігін қазірдің өзінде айтуда. Бес жылда мұны жүзеге асыру мүмкін бе?
- Бес жылдың ішінде негізгі салаларда латынға көшудің еш қиындығы жоқ.
- Қай салаларда?
- Көшедегі жазулар, дүкен­дердің атаулары, жарнамалар, вокзалдар мен әуежайлардағы анықтамалық жазуларды ла­тынға көшіруге болады. Ресми іс-қағаздарды жаңа жазуға ауыстыру аса күрделі шаруа деп ойламаймын. Жаңа буынды латын графикасына бірыңғай дайындауымыз керек. Латын әліпбиіне көшу - EXPO - 2017 көрмесіне дайындықтың бір са­ласына айналуы тиіс. Осы көр­меде шығарылатын дүние­лері­міздің барлығы латынша жазы­луы қажет. Оған дейін латын гра­фикасына көшудің негізгі бағыттары анықталуы керек. Латын әліпбиіне көшу - үлкен сарайлар салудан қиын емес.
- Ал баспасөзді жаңа жазуға көшіру жағы қалай болмақ?
- Басылымдарды латын гра­фикасына ауыстыруда пи­лоттық варианттары болуы керек. Екі жазу қатар қолданылуы мүмкін. Кейбір ақпарат құралдары осы графикаға өтуі қажет шығар. Бұқаралық ақпарат құралдары жаңа жазуға тез өтуі үшін өз оқырмандарын осыған дайындау мәселесін өз мойындарына алуы керек. Латын әліпбиіне көшу - егеменді еліміздің жиырма жылдықтан отыз жылдыққа өту кезіндегі аса маңызды мәдени-идеологиялық жұмысы. Бұған Үкімет, Парламент, қоғамдық ұйымдар, зиялы қауым, бүкіл қоғам жұмыла кірісуі керек.

Сұхбаттасқан
Айжан КӨШКЕНОВА

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019