Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 3144 7 пікір 14 Қыркүйек, 2022 сағат 12:54

Ресей армиясы жалпы ұрысқа дайын емес

Ресей армиясы ұрысқа дайын емес, Украинаға соғысты бекер ашты. Мұндай пікірді Эстонияда тұратын ресейлік жазушы Михаил Веллер «Гордон» интернет-басылымының негізін қалаушы Дмитрий Гордонға берген сұхбатында айтты.

Веллер атап өткендей, қазір Ресейлік армиянының тонайтын ештеңесі қалмаған, бұл кез-келген парасатты адамға түсінікті, бірақ билік басындағылар оны түсінер емес.

«Олардың айтып отырған сандары абстарктілі, шындыққа сай емес. Олар сіздегіден өткен ақпаратты ғана тұтынады. «Менің 5 миллиардым қайда? Менің 50 миллиардым қайда?, дейді. Барлығы ұзақ уақытқа мас болып жатқанда, ақшаны Батыс ұрлады», - деді Веллер.

Жазушының айтуынша, Ресейде патрондар мен құрал-жабдықтар керек деген түсінік бұрыннан болған, солдаттарға адам ретінде қарамаған. Оларды «ұйықтамау, тамақ ішпеу» деген бұйрықты орындауға жіберген», - деді ол.

Сондықтан, Веллердің айтуынша, орыс әскері ұрысқа дайын емес.

«Біз әлемдегі қуатты әскері бар екінші елміз, дейді. Шындығында біріншісі – америкалық, екіншісі – украиналық, үшіншісі – неміс не түріктікі және ұрысқа дайын Қытай бар», - дейді Веллер.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511