Дос КӨШІМ: Мен жабайы демалғанды жақсы көремін
- Дос мырза, сізге бір сұхбатымызда «саясаткер ретінде төрт көзіңіз түгел ме?» деген сауалымызға «екі көзім ғана түгел» деген жауап алып едік. Мұны қалай түсінсек болады?
- Енді дәл сол уақытта қандай көңіл-күйде болғанымды білмеймін. Бірақ екі көзім түгел дегенім, алдыма қойған мақсатымның айқын екені және сол жұмысымды түсінетін халықтың бар болғаны.
- Кезінде сіз басқарған тұста тәуелсіз бақылаушылар шетелден қаржыландырылды. Ал ұйымда негізінен студент жастар еңбек етті. Көп ақшаға арзан жұмыс күшін пайдаланған жоқсыздар ма?
- Жоқ. Әрине, мұндай жұмысқа зейнеткерлерді де тартуға болатын еді, олар да жақсы жұмыс істейді. Бірақ болашақ жастардың қолында болғандықтан, оларға бұл саладағы жұмыс саяси әрі қоғамдық мектеп болды. Жастар сол қызметтері арқылы саяси мәдениетке қанықты деп ойлаймын.
- Кейінгі кездері кішігірім кітаптар шығарып жүрсіз, мақсатыңыз не?
- Мақсатымыз екі-ақ нәрсе - қазақтың намысын ояту және рухын жоғалтпау.
- Сол намысты оята алдыңыздар ма, жалпы, қазіргі кезде кітаптар шығару арқылы қоғамдық пікір қалыптасыру мүмкін бе екен?

- Намысты оята алдық па, жоқ па, бұл аппаратпен анықтайтын дүние емес қой. Бұл жұмыстарды үздіксіз жүргізу керек деп ойлаймын. Себебі қанша жыл езгіде болған ұлттың рухын көтеру - стратегиялық жұмыс.
- Саясатпен айналысу «атың шықпаса жер өрте» дегенмен бірдей, «саясат - лас нәрсе» дейтін көпшілік пікіріне айтар уәжіңіз қандай?
- Мен оған түбегейлі қарсымын. Жалпы, саясат дегеніміз - алдыңа қойған мақсаттарыңа жету жолындағы қолданылатын айла-тәсілдер. Өзіңнің туған ұлтыңа пайда әкелетін іспен айналысудан артық әрі қасиетті жұмыс жоқ. Өкінішке қарай, кейбір саясаткерлер өз мақсаттарына жету жолында лас әрекеттерге, сатқындықтарға барып жатады. Сіздің айтып отырғаныңыз, осындай келеңсіздіктерден қалыптасқан пікір деп есептеймін.
- Саясаттан басқа қандай шаруалармен айналысасыз, хоббиіңіз?
- Мен пілдің кішкентай мүсіндерін жинаумен айналысамын. Қазір олардың саны 300-ге жуықтады. Басқа мемлекеттерге шыққанымда арнайы сатып аламын, кейбіреуін шетелдік достарым жіберген. Сонымен қатар жабайы демалғанды жақсы көремін. Мылтық ұстап, аңға шыққанды ұнатамын.
- Жабайы демалыстарыңыздың бірде-біреуін шетелде өткізген жоқсыз ба?
- Осыдан екі жыл бұрын, 54 жасымда отбасыммен Таиландқа барып демалдым. Жұмыс барысымен, басқа да жағдайлармен 120-дан астам елді көріппін. Әйеліме «сен де ел көр, жер көр» деп, Тай еліне арнайы барған едік.
- Мансапты жақсы көресіз бе?
- Жоқ. Мен мынадай нәрселерді суқаным сүймейді: біріншісі - байлық. Әрине, материалдық мүмкіншіліктің болғаны дұрыс, алайда байлықтың соңына түскен адам құрып кетеді. Екіншісі - шен-шекпен, атақ-даңқ. Бұл баланың ойыны сияқты көрінеді. Үшіншісі - осы мансапқорлық.
- Өзіңізге лауазымды қызметтер ұсынған кездер болды ма?
- Әрине, билік тарапынан да, басқа жақтан да шақыртулар болды. Әзіл есебінде айтайын, мүмкін, маған бір қызметті берсе, біраз жерге баратын шығармын. Мысалы, Тіл комитетін сеніп тапсырып жатса.
- «Атаққұмар емеспін» деп қалдыңыз, дегенмен сізге де құрмет көрсетілді ғой. Осылар туралы айтып өтсеңіз.
- Кеңес өкіметі кезінде Қарақұм, Қызылқұмдарды жаяу өтіп шыққаным үшін Д.Қонаевтың қолынан мақтау қағазын алдым. Сонымен қатар 1994 жылы АҚШ-тың Техас штатының құрметті азаматы деген
атаққа ие болдым. Тәуелсіздіктің 15 жылдығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. Және былтыр Тіл комитеті «Тіл жанашыры» деген төсбелгі тарту етті. Бұл марапаттарға ешқашан ұялып көрген емеспін.
- Өзіңізді танымал азамат деп есептейсіз бе?
- Күніне көшеде бес кісі сәлем беріп жатады. Және барлығы да «сіздің пікірлеріңізді қолдаймын» деп жылы лебіздерін білдіріп жатады.
- Ал осы танымалдылықтың сіз үшін пайдасы бар ма?
- Мынадай қызық оқиғалар болған. Бірде базарда бір жігіт тоқтатып алып, «сіз Дос емессіз бе? Мынау - менің сізге кигізген көйлегім» деп жейде тарту еткені бар. Автобустан түсетін уақытта кондуктор жігіттің «аға, сізден ақша алмаймын» деп 50 теңгемді алмай қойғаны бар. Осындай қызық жағдайлар көп кездеседі. Бірақ мұны мен пайда көрдім деп айта алмаймын.
- Біреуге еріксіз өтірік айтып, еріксіз алдауға тура келген жағдай басыңыздан өтті ме?
- Біз де пендеміз, сондықтан ондай қасиеттер менің де басымнан өткен шығар.
- Әңгімеңізге рақмет.
Әңгімелескен Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ,
«Алаш айнасы» газеті, 31.07.2009