Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2587 0 пікір 18 Қаңтар, 2013 сағат 10:18

Қазақстандықтардың жалақысы күнкөріс қажетін көтере ала ма?

Марат СӘРСЕНБАЕВ, заңгер-ғалым:

- Қазіргі кезде жала­қыны, зейнетақының мөл­шерін көтерген дұрыс болар еді. Өйткені баға өсіп барады. Азық-түлік, қуат көздері, коммуналдық қызмет, тағы басқалардың  барлығы бағаны көтеріп жатыр. Осыған орай бүкіл Қазақстан азаматтарының жалақысын өсірген дұрыс. Жұмыс істейтіндердің жа­лақылары онсыз да то­лық­тай жетіп, қажеттіліктерін өтеп жатқан жоқ. Сон­дық­тан орташа айлық жа­ла­қыны жұмыс істейтіндерге кемінде 15 пайызға көтеру керек деп ойлаймын. Мен өзім зей­неткермін. Жа­қын­да зей­нетақыны 9-10 пайызға өсірді, бірақ жап­пай қымбаттауға байла­нысты тағы да көтеру ке­рек. Сонда халықтың әлеуе­ті жақсарып кетпе­ген­мен, қымбат­шы­лық­қа төтеп бере алады.

Ғалым БАЙНАЗАРОВ, экономист-сарапшы:
- Біріншіден, Статистика агенттігі мәлімдегендей, инфляция бізде 6 пайыз емес, біздің есебіміз бойынша 20 пайыздың үстінде. Тұрғын үй шаруашылығы, көлік, қуат көздеріне төленетін баға көп өсіп кет­ті. Алдағы уақытта инфляцияның қан­дай болатынын кім біледі?! Жалақының орташа деңгейі халықтың бәріне бірдей емес. Бюджеттегілердің жалақысы статис­тика берген мәліметке сай емес, олар кедей өмір сүруде. Сондықтан олардың жағдайы жала­қыны өсіргеннен қатты өзгеріп кет­пейді. Зейнетақы мен төлемақылар өте төмен деңгейде. 2013 жылы ең төменгі күн­көріс минимумы 17-18 мың деп көрсетіл­ген, іс жүзінде тұтыну себетінің деңгейі 2-2,5 есе көп болуы тиіс. Сондықтан тұ­ты­ну ми­ни­мумын міндетті төлемдерді есепке ала отырып, 2-2,5 есеге қайта есептеп шы­ғару керек. Біздегі жұмыс күшін пайдалану АҚШ-қа қарағанда екі есе көп, бәрін са­лыс­тырмалы түрде есептеген жөн. Іс жү­зін­дегі айлық жалақы қорын 2 есеге өсірсе дұрыс болады. Сонда жалданып жұмыс іс­тейтін жұмысшылардың 70 пайызы жағ­дай­ларын жақсартады. Мұның инфляцияға ешқандай қатысы жоқ. Өйткені олар Қа­зақстанда өндірілетін өнімдерді тұтынады.

Қанат БЕРЕНТАЕВ, қаржыгер ғалым:
- Ресми статистикаға сүйенсек, былтырғы жылы орташа жалақы 99,280 теңгені (665,82 АҚШ доллары) құ­рады. Бұл - үлкен дүние. Бірақ Астана, Алматы қалалары мен жер­гілікті жерлердегі айлық жалақылар әртүрлі. Мұнайлы өлкелерде тіпті жоғары. Бұдан жеті жыл бұрын орташа жалақының көлемі 34 мың теңге (256 доллар) болды. Соған қарағанда, елімізде орташа жала­қының өсу динамикасы жаман емес. Биылғы инфляцияның деңгейі өткен жылдар­дан төмен - 0,6 пайыз. Былайша алғанда жалақының өсуі, жақсы деп айтпағанмен, инфляциядан қалыс қалған жоқ. Жылда осылай бо­лып жатса, жаман деп айта алмаймыз. Осын­дай инфляцияның аз кезінде жалақыны да, зейнетақыны да өсіруге болады. Еңбекақы мен зейнетақыны өсірсек, ол инфляцияны көтереді деген сөз емес, көтере алмайды. Дәл қазіргі жағдайда жұмысшылардың айлық жалақыларын да, зейнетақыны да өсіруге қолайлы жағдай туып тұр.

Сауалнаманы дайындаған Қайыржан ТӨРЕЖАН

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377