Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 8210 0 пікір 18 Қаңтар, 2013 сағат 10:21

ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУГЕ НЕ КЕДЕРГІ?

Жоқ жерден жау іздегіміз келмейді, бірақ сөзсіз шешілуге тиісті бір мәселе бар. Ол - Ұйғыр ауданының атауын өзгерту. Былтыр жылдың соңында «Ономастикалық мәселелер» туралы Заңмен бірге Петропавл, Павлодар, Ұйғыр атаулары біржақты болар деп елеңдеп едік. Сөйтсек заң «қоғамдық пікірді есепке алу қажеттігін» баса айтқан екен. Өте дұрыс. Қоғамдық ойды есепке алу керек. Бірақ қоғам деген - бір қаланың, не көшенің жергілікті халқы ғана емес. Қоғам деген - бүкіл Қазақстан халқы. Біз ономастикаға бір ауылдың көзімен қарай алмаймыз. Күллі қазақтың бүтіндігі тұрғысынан ғана қарамайтын ба едік?
«9 қаңтарда Президент бір топ өнер қайраткері, ақын-жазушыларды қабылдады. Сол жиында ұйғырлардың көсемі Ахмадиев (Мәжіліс депутаты Мұрат Ахмадиев - ред.) ұйғыр жастарына ҚР Конституциясын ұйғыршаға аударып беруге ұсыныс айтты. Бірде-бір қазақ: «Ау, бәріміз - Қазақстан азаматымыз. Неге олар мемлекеттік тілді білмейді? Неге үйренбейді?» деп уәж айтпады».

Жоқ жерден жау іздегіміз келмейді, бірақ сөзсіз шешілуге тиісті бір мәселе бар. Ол - Ұйғыр ауданының атауын өзгерту. Былтыр жылдың соңында «Ономастикалық мәселелер» туралы Заңмен бірге Петропавл, Павлодар, Ұйғыр атаулары біржақты болар деп елеңдеп едік. Сөйтсек заң «қоғамдық пікірді есепке алу қажеттігін» баса айтқан екен. Өте дұрыс. Қоғамдық ойды есепке алу керек. Бірақ қоғам деген - бір қаланың, не көшенің жергілікті халқы ғана емес. Қоғам деген - бүкіл Қазақстан халқы. Біз ономастикаға бір ауылдың көзімен қарай алмаймыз. Күллі қазақтың бүтіндігі тұрғысынан ғана қарамайтын ба едік?
«9 қаңтарда Президент бір топ өнер қайраткері, ақын-жазушыларды қабылдады. Сол жиында ұйғырлардың көсемі Ахмадиев (Мәжіліс депутаты Мұрат Ахмадиев - ред.) ұйғыр жастарына ҚР Конституциясын ұйғыршаға аударып беруге ұсыныс айтты. Бірде-бір қазақ: «Ау, бәріміз - Қазақстан азаматымыз. Неге олар мемлекеттік тілді білмейді? Неге үйренбейді?» деп уәж айтпады».
Бұл - журналист Нәзия Жоямергенқызының «Фейсбуктегі» парақшасынан алынған жазба. Өзіміз ол жиынға шақырылмадық, бірақ айтылған әңгіме рас болса, таңғалмасқа лажыңыз жоқ. Ұйғырлар ұйғыр тілінен басқа тілді түсінбей ме екен? Ал түсінбесе, осы күнге дейін Қазақстанның Конституциясын оқымай келген бе? Әлде бұл елде Конституцияның бары енді естеріне түсіп пе? 20 жылдан кейін Мұрат Ахмадиевтікі қай сандырақ?
Осының алдында ғана «shyn.kz» сайтында «Ұйғыр ауданы Қалжат ауылында жергілікті ұйғырлар топтасып келіп, үш қазақ шекарашысын итше тепкілеп кеткені» жазылды. Отыздан астам ұйғырдың осындай озбырлығына жергілікті полиция да көз жұма қарапты-мыс. Ал көршілес жатқан қазақ ауылдары көтерілмек болғанда аудан әкімі мен прокуроры, полиция бастығы барып, екі жақты татуластырмақ болған. «Аудандық атқарушы билік пен құқық қорғау органдары шекара түбіндегі ұлтаралық қақтығысты жасырып қалу үшін жанын салуда. Тіпті шекарашылардың өздерін айыптауы да мүмкін...» дейді жаңағы жарияланым авторы.
Болды-болмады, бірақ бұл жағдайлар бірнеше жылдан бері тынышталғандай көрінген «ұйғыр мәселесін» интернет-ресурстарда қайта қоздатып қойды. Жоқ жерден жау іздегіміз келмейді, бірақ сөзсіз шешілуге тиісті бір мәселе бар. Ол - Ұйғыр ауданының атауын өзгерту. Былтыр жылдың соңында «Ономастика туралы заңмен» бірге Петропавл, Павлодар, Ұйғыр атаулары біржақты болар деп елеңдеп едік. Сөйтсек заң «қоғамдық пікірді есепке алу қажеттігін» баса айтқан екен. Өте дұрыс. Қоғамдық ойды есепке алу керек. Бірақ қоғам деген - бір қаланың, не көшенің жергілікті халқы ғана емес. Қоғам деген - бүкіл Қазақстан халқы. Біз ономастикаға бір ауылдың көзімен қарай алмаймыз. Күллі қазақтың бүтіндігі тұрғысынан ғана қарамайтын ба едік? Мәселен, бәзбір әкім өзінің Мырқымбаев деген атасының атына көше беріп қойды дейік. Ертең «Әй, мынау ұят қой, Мырқымбаев деген кім еді?» десе, көшенің атын ауыстыру керек болады ғой. «Қоғамдық пікір» деген бір көшенің тұрғындары болса, ол көшеде тұратын 15 Мырқымбаев өлсе бермейді атасының атын. Сол сияқты, Петропавлдың атын 80 пайыз орыс өлсе өзгертпейді. Ұйғыр ауданында да сол жағдай.
Бірер жыл бұрын саясаттанушы Дос Көшім: «Қазақстанда басқа ұлттың атында аудан болуға тиісті емес. Ұйғыр ауданының атын өзгертуді ұйғыр халқының зиялылары көтерсе дұрыс» деп еді. Бірақ ондай есті ұсыныс көтеретін ұйғыр зиялысы көрінбейді. Ең бейтарап деген Юлдаш Азаматовтың өзі (журналист): «Қазiр «Ұйғыр ауданының атын өзгертеміз» десе, мен бiле тұра «Неге олай?» деп ойлаймын. Бiлмеген бiр жiгiт шығады да, «Бұл қалай?» деп дау көтеруi мүмкiн. Тағы да қақтығыс шығып кетпесiне кепiл жоқ», - дегені бар.
Ал түптеп келгенде, ауданның атын өзгерту - ешқандай да ұйғырларды ренжітетін қадам емес. Біз ұйғырлардың республикасын тартып алайын деп жатқан жоқпыз, бар болғаны жердің тарихи атауын қайтармақпыз. Ал бұл жердің тарихи атауы - Шарын. Ұйғыр ауданы деген бертінде, 1935 жылы Кеңес өкіметі таңған сөз. Әйтпесе ғасырлар бойы мұнда қазақтар ғана тұрған, қазақтың ғана жері бұл.  Қазір 1860-80 жылдары бір, 1960-70 жылдары екі босып келген ұйғыр өніп-өсіп, 210 мыңға жетіп отыр. Жер-жаһанда ұйғырларды жарылқап, жағдай жасап отырған жалғыз мемлекет - Қазақстан. Бір ұйғыр танысымыздың: «әлемдегі ең бақытты ұйғырлар Қазақстанда тұрады» дегені есімде. Ендеше сол, бақытқа бөлеп отырған мемлекетті неге құрметтемеске?
Алты жыл бұрын Шелекте «мемлекет сендердікі, жер біздікі!» деген ұран шықты. Қайбір жылы Астананың маңында ұйғырларды топтастырып, ұйғыр ауылын құрайық деген кәдімгі ресми ұсыныстар болды. 2006 жылы Шелек қаласында бір топ ұйғыр қазақ баласын тепкілеп, құлағын кесіп кетті. Оның алдында осыған ұқсас тағы бір даулы оқиға болды. Көп ұзамай балиғатқа толмаған қазақ қызын бірнеше ұйғыр жабылып зорлады. Осы оқиғалардан кейін облыс-облыстан қызуқанды қазақ жігіттері жетіп, «ұйғырларды сабаймыз!» деп кіжініп шыққаны да мәлім. Ол жайттардың бәрі баспасөзде жазылды. Қарап отырсаңыз, ұйғырдың сес көрсеткені де, қазақтың сес көрсеткені де жақсы емес. Бұл - атқарушы биліктің қарекетсіздігінің көрінісі.
Әйтпесе осы елдің азаматы жоқ елдің туын көтеріп жүретін бе еді көшеде? Олар қазақ бюджетінен ақша алып, ұйғыр мектебінде оқиды, ұйғыр газетін шығарып, ауруханаға тегін қаралып, барақатқа кенеліп отырады. Бірақ бөтен елдің туын көтереді. Әрине, егер Вьетнам азаматы Вьетнамның туын көтеріп жүрсе, оған ешкім қой демейді. Қайта Отанын сүйетін адамға құрметпен қарайтын едік. Ал Қазақстанның азаматы Қазақстан жерін өзге бір елге теліп, өзінше карта сызып, оны әлеуметтік желіде жариялап, жоқ мемлекеттің туын көтеріп жүрсе - ақылға сыймайтын жағдай.  Басқаны айтпағанда Астана маңындағы бір дәмханада («Мереке» сауда үйінің төменгі қабатында) даяшылары бетіне «Ұйғырстанның» туын басып жүреді. «Бұл жер - Ұйғырстан болу керек» деген сепаратистік пиғыл емей, немене? Ту - ұлттың емес, мемлекеттің белгісі. Яғни бұл - өз ұлтын сүю емес, Қазақстанды мемлекет ретінде құрметтемеу.
Қазақстанның өзге өңірінде ұйғыр көрмеген қазақтар бар. «Алматының қазақтары өз Отанында отырып келімсектерді неге басына шығарады?» деп тепсінетіндерін көргенбіз. «Көп қорқытады, терең батырады». Қазір Алматы облысы, Ұйғыр ауданы халқының 51 пайызы ұйғыр, 41 пайызы қазақ, 8 пайызы өзге ұлт өкілдері. Жоғарыда айтылған Қалжат ауылында, мәселен, халықтың 80 пайызы ұйғыр. Кей ауылдарға барсаң «ұйғыр патшалығына» түсіп кеткендей боласың. Ондай ауылдарда билік басында да ұйғырлар отыр. Әкімшілікте ұйғырша сөйлеседі, ұйғырша сөйлемейтін адам жұмысқа да тұра алмайды. Яғни Конституциядан бөлек, «жергілікті» заңдар бар. Соған қарағанда, жергілікті ұйғырлар Ата Заңымыздың барын шынымен де білмеуі мүмкін. Көшеде ұйғырша жазулар, мектепте ұйғырша пәндер, шүлдірлеп жүрген бақытты ұйғыр баласы - құдды бір басқа мемлекетте жүрген сияқтысың. Бұған жергілікті ауданның аты «Ұйғыр ауданы» екенін қосып қойыңыз. Осыдан кейін, әрине, ең меймандос бауырымыздың да кеудесіне нан піседі. Қасым Мәсимилер жазған жалған тарихты шындыққа балап, күндердің күні «бұл жер ұйғырдың ата қонысы» дегенге шын ниетімен сене бастайды. «Ұйғыр мәселесінің» бәрі осындай пиғылдардан шығады.
Жеке қазақ пен жеке ұйғырды алғанда олар бір-біріне жау емес. Құдайы көрші, әріптес, тіпті құда болуы мүмкін. Жалпы қазақ пен жалпы ұйғыр да араз емес. Екі ұлттың арасына қасақана сына қаққысы келетіндер де болуы мүмкін. Бірақ есте сақтайтын жай - қазақ осы Қазақстанның тұтастығына сызат түсіргісі келетін кез келген ұлтты да, жекелеген адамды да қолпаштай алмайды. Қазақстанның билігі де сондай қисынмен келуі керек сияқты...

Айтылған сөз
Бексұлтан НҰРЖЕКЕҰЛЫ, жазушы:
- Қазіргі Ұйғыр ауданы - бұрынғы Ақсу, Шарын болыстарының орны. Әр ұлтқа «ұйғырдың ауданы, орыстың ауданы, кәрістің ауданы» деп ерекшелеп жер атауын беруге болмайды. Бұл -  Кеңес өкіметі кезіндегі «бөліп ал да, билей бер» саясатымен жасалған шаруа. Менің пікірімше, саяси жағынан шекаралы аумақта мұндай атау болмауы тиіс. Мұнда Ілеге құятын Шарын өзені бар. Мыңдаған жылдар бойы түзілген керемет Шарын керіші бар. Ол керіштегі үңгірлер, жарлар қазақ жерінің әдемілігін паш етіп тұр. Сондықтан аудан Шарын ауданы деп аталуы керек. Ал көршілес Панфилов ауданына Орбұлақ деген атау берген тиімді.

"Халық сөзі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371