Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2971 0 пікір 18 Қаңтар, 2013 сағат 10:34

Салғырттық пен сырғытпа жауаптан қалай арыламыз?

Электронды үкімет идеясы түптің түбінде әлемдік басқару жүйесіне біржола енетіні түсінікті жайт. Әсіресе халықпен жұмыс жасау мәселесінде виртуалды байланыс ресми мекемелерге де, халыққа да айтарлықтай жеңілдік  береді. Бұрындары мекеме басшысына бір ауыз өтініш, арыз-шағым, лебіз айту үшін де ресми тұлғаның қабылдауына кезекке тұрып, күндеп, апталап, айлап күтетін жағдайлар кездеседі. Ал «Электрондық үкімет» веб-порталы жанынан құрылған мемлекеттік орган басшыларының ресми блог-тұғырнамасы және әкімдердің жеке парақшалары халықпен шұғыл байланыс орнатуды жеңілдетті.

Жалпы айтқанда, қазір қала мен шағын өңірлерді айтпағанда, облыс әкімдерінің кез келгенінде жеке блог-тұғырнама жұ­мыс жасап тұр. Тұрғындардың әртүрлі та­қырыптарды қамтитын сауалдарына бір әкім шұғыл жауап қайтарса, екіншісі жай­ба­сарлық танытып, бірі тұшымды жауап ай­тып, қол ұшын беріп жатса, екінші біреу­лері халықтың өтініштеріне салғырт қарап жатқан жайы бар. Қазір әкімнің жеке бло­гы оның жұмыс белсенділігінің бір көр­сеткішіне айналғаны да рас. Жалпақ тілмен айт­қанда, әкімнің блогы әкімдіктің айна­сына айналып келеді.

Әкімдердің виртуалды жауаптарын сипатына қарай екі топқа бөлуге болады екен. Алғашқысын - тұщымды жауап, екін­­ші­сін сырғытпа жауап деп атауды жөн көр­дік. Өкінішке қарай, шенеуніктердің бло­гын ақтара бастасаңыз сырғытпа, нем­­­құрай­ды жауапты көп кездестіресіз. Бұ­ған себеп - блог-тұғырнамадағы тұр­ғын­дардың сауалына әкімнің көмекшілері немесе қол астындағы қызметкерлер жа­уап береді. Әдетте бұл «жансыз жауаптар­да» заңнамадан, үкімет қаулыларынан, жер­гілікті биліктің белгілі бір мәселеге қа­тысты жарлықтарынан кесек-кесек үзін­ді­лер беріліп тұрады. Кейде бұл ресми жа­уап­тар тұрғынның қойған сауалына сай кел­мей де жатады.

Сауалыңа салмақты қарайтын әкімдер

Ал әкімнің өзі қарап, өзінің қарапайым тілімен, жанашырлығымен берген жауап­тары да көзге бірден байқалады. Мұндай ерек­шелікті Павлодар облысының әкімі Ер­лан Арын, Астана қаласының әкімі Иман­­ғали Тасмағамбетов, Шығыс Қазақ­с­тан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтардың блогтарынан байқауға болады. Әсіресе Астана әкімі мен ШҚО әкімінің блог-тұғырнамадағы келіп түскен сауалдарына салмақты қарайтыны тұрғындар үшін жағымды құбылыс екені түсінікті.

Соңғы кездері ОҚО әкімі Асқар Мыр­за­х­метовтың белсенділігі артып, халық­пен, тұрғындармен нақтылы жұмыс жа­сау­ға деген ұмтылысы сезіліп жүр. Бұл бе­сен­ділікті Оңітүстік Қазақстан облысы әкім­дігі сайтындағы блог-тұғырнамадан да байқауға болады.

Сондай-ақ Алматы облысының әкімі Аң­сар Мұсахановтың өзі басқаратын аймақтағы тұрғындарға деген құрметі жеке блогынан-ақ байқалады. Жалпы, Алматы облысының экс-әкімі Серік Үмбетов те бұл мәселеде ұқыпты болатын. А. Мұсаханов сол қарқынды ұстап қалға­нын байқауға болады. Бір күн ішінде келіп түскен он шақты сауалға жауап жазылып үлгеріледі. Бір өкініштісі, қазір барлық әкімдердің блогына күніне қанша сұрақ келіп түсетінін және соның қаншасы ресми жа­уаппен толығып отыратыны белгісіз. Бұ­рын­дары бірқатар әкімдіктердің сайт­тарын­да тұрғын тарапынан қойылған сұ­рақ бірден көрініп тұратын. Қазір тек жа­уап жазылған сұрақтармен ғана таныса ал­асыз.

Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын­ның өз ісіне ұқыпты әрі биліктің емес, тұрғындардың көңіл күйіне қарай жұ­мыс істейтін шенеунік екені бұрыннан бел­гілі. Бұл белсенділікті біз әкімнің блог-тұ­ғырнамасынан да байқап отырмыз. Мә­селен кеше кешке дейін әкім тұрғындардың он шақты сауалға жауап беруге уақыт тауып­ты. Бұл жауаптарды әкім өз қолымен жазғанын байқау қиындық тудырмайды.

Салғырттықты әкімнің блогынан да байқауға болады

Қостанай облысының әкімі Нұралы Сә­дуақас­ов блогына келіп түскен сұрақтарға соңғы рет 9 қаңтарда жауап берген. Содан бері оған отыз шақты жаңа сұрақ келіп түс­ті. Жауап әлі жоқ. «Үмітсіз - шайтан» деген, тұр­ғындар бір жауаптан үміттеніп сұрақ­тарын әлі де жолдап жатыр.

Биылғы қыс Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің беделіне біршама әсер етіп тұр. Қалалық әкімдіктің сайтынан тұрғындардан қандай сұрақ беріліп жатқаны және оған қандай жауап қайтары­лып жатқанын толық көре алмайсыз. Егер әкімге келіп түскен сауалдар мен сын пікір­лер сайт пайдаланушыларына көрініп тұр­ған болса бір ғана «Алматыда қар неге кү­рел­мейді?» деген сауалдың астында қа­ла­тынына көз жеткізер едік. Алайда ин­тернет пайдаланушыларға тек жауап жа­зыл­ған сұрақтар ғана көрініп тұрады. Соң­ғы жауап өткен аптада, 10 қаңтарда бе­ріл­ген болып шықты. Әкімдік сайтының ре­дак­торларының айтуынша, келіп түскен сұрақ­тарға бір айдан кейін ғана жауап жа­зылады.

Жамбыл облысының әкімі Қанат Бо­зым­баевты белсенді әкім деп жатады. Алайда сол белсенділігін блог-тұғырнама­сы­нан байқалып тұр деуге келмейді. Әкім соң­ғы рет тұрғындардың сауалына 2012 жыл­дың 14 желтоқсанында жауап берген. Оған дейін де белсенді болмаған. Араға бес күн салып қазақ тілінде бір сұраққа, орыс тілінде бір сұраққа жауап жазып отырады.

Тұрғындардың сауалдарына селқос қарайтын әкімдердің қатарына Ақмола облысының әкімі Қайрат Қожамжаровты, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләловты да жатқызуға болады.

Ой-түйін

Халықтың виртуалды желідегі белсенділігі мен электронды үкіметке деген сұранысы күн сайын артып келеді. Алайда кейбір әкімқаралар бұл үрдісті өз деңгейінде бағалай бермейді. Сондықтан әкімдер блогы рейтингтің аса маңызды критерийіне айналғанда ғана қордаланған көп мәселелерге қатысты тек жауап беріп қоймай, жауапкершілік артылғанда электронды үкіметтің игілігін көретін боламыз.

Автор: Сәдуақас КЕБЕКБАЙ

"Алаш айнасы" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338