Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 6248 0 пікір 23 Қаңтар, 2013 сағат 08:55

Жемісбек Толымбеков. Тарих қиялға емес, дерекке сүйенеді

Суретте Талдықорған қаласындағы Ескелді би, Балпық би және Қаблиса жырауға орнатылған ескерткіш

 

«Бабалардан қалған сөз» тақырыбымен  «Алатау» газетінде  (№ 51, 20.12.2012) материал басылған. Бұл жолғы материал негізінен Ескелдіге арналыпты. Мақалада Ескелдінің батырлығын Талдықорған маңайындағы Үштөбе деген жерде қалмақ батыры, жоңғар емес, Долонхорды жекпе-жек ұрыста жеңгенімен дәріптейді. Материалда: «Ескелді Долонхормен ұзақ арпалысып, аттан аударып, басын кесіп әкелген. «Ер Ескелді аталатын» тұсы сол. Осы оқиғадан кейін Ескелді бір топ жасаққа қолбасшы болып тағайындалады», - делінген. Топ жасаққа «қолбасшы» тағайындалушы ма еді? «Топбасы» демей ме? Әмбе «қолбасшы» емес, о заманда «қолбасы» деп айтқан ғой.

Енді Талдықорған қаласындағы «Үш ата» деп жүрген ескерткіштегі Ескелдіні батыр, жоқ әлде би дейміз бе? Батыр десек, би болмайды. Себебі, мойынында адам өлтірген қаны бар. Қазақ батырды билікке қатыстырғанымен ешқашан «би» етіп қоймаған. Батыр әмбе би ешқашан болмаған.

Суретте Талдықорған қаласындағы Ескелді би, Балпық би және Қаблиса жырауға орнатылған ескерткіш

 

«Бабалардан қалған сөз» тақырыбымен  «Алатау» газетінде  (№ 51, 20.12.2012) материал басылған. Бұл жолғы материал негізінен Ескелдіге арналыпты. Мақалада Ескелдінің батырлығын Талдықорған маңайындағы Үштөбе деген жерде қалмақ батыры, жоңғар емес, Долонхорды жекпе-жек ұрыста жеңгенімен дәріптейді. Материалда: «Ескелді Долонхормен ұзақ арпалысып, аттан аударып, басын кесіп әкелген. «Ер Ескелді аталатын» тұсы сол. Осы оқиғадан кейін Ескелді бір топ жасаққа қолбасшы болып тағайындалады», - делінген. Топ жасаққа «қолбасшы» тағайындалушы ма еді? «Топбасы» демей ме? Әмбе «қолбасшы» емес, о заманда «қолбасы» деп айтқан ғой.

Енді Талдықорған қаласындағы «Үш ата» деп жүрген ескерткіштегі Ескелдіні батыр, жоқ әлде би дейміз бе? Батыр десек, би болмайды. Себебі, мойынында адам өлтірген қаны бар. Қазақ батырды билікке қатыстырғанымен ешқашан «би» етіп қоймаған. Батыр әмбе би ешқашан болмаған.

Материалда: «Ескелді күллі ұлы жүзді аузына қаратқан Төле биден бата алысымен абыройы көтеріліп, барша Жалайырдың билігіне араласа бастайды», - делінеді. «Барша Жалайыр» деп бас әріппен жазылғанына қарағанда, жалайырдан тараған бірманақ, сырманақ, шуманақ, мыңманақ па, әлде Әлкей Марғұлан «12 фратрий жалаиры» деп атап жазғанға ма? Негізі абақ-тарақ шығар. Өйткені, ХІХ ғасырдың ІІ-жартысына дейін «барша жалайыр» емес, абақ-тарақ деп аталғанын тарих меңзейді.

«Ескелді Төле биден бата алған» дегенді сараптасақ. Алғаш 1993 жылы Сейдахмет Мұхаметше мен Ораз Смайылұлы «Ескелдідей ер өткен...» деген мақала жазды. Сонда: «Ескелді Төле бидің кенже қызы Ұланбикеден туады. Еркетотай қыз «жас батыр» Жылкелдіге бұйырса керек. Ұланбике туралы ел аузында бірнеше аңыз бар», - делінеді.  Ауыр аяқ Ұланбике әкесінен сұратып алған тарғыл бұқа басын пісіріп желке тұсындағы бұлшық етін ойып алып, шайнамай жұтып, сонан соң тілін алып жеп, жерігін басады. Мұны естіген Төле би «е, жиен қол бастайтын батыр, елді аузына қарататын би болады екен» дейді. Аңыз баяны осы. Төле би Ескелдіге бата берді делінбеген. Батамен ойнамас.

Ескелді әкесі «Жылкелді» және Жылкелді «батыр» дегенді сараласақ. Жылкелдінің ұрпағы Нысанқызы Дәмеш Жылкелдінің зират-күмбезінің алдына, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қазалы ауылында белгі қойып, жазба қалдырыпты. Белгі жазбада: «Жылкелді - бақсы, зікірші. Нармен кітап артып жүріп, зікір салған», - делінеді. Екінші белгіні 2005 жылы Кемал Аймырза қойған. Белгіде 1820-1884 ж.ж. деп таңбаланған. Батыр болса жазар еді ғой. Сейдахмет Мұхаметше мен Ораз Смайылұлы «Жылкелді жас батыр», «Ескелді ер» дегенде аңызға сүйенген. Дерек емес. 1925 жылы Ташкенттен шыққан «Родословные таблицы» шежіре таратуында Мұхамеджан Тынышбаев: «Сиирчы - Баимбет - Жылкельды, Ескельды», - деп таратқан. Сонда Жылкелді мен Ескелді аға-іні, әкесі Байымбет. Жылкелдіге Төле би Ұланбикені ұзатқан болса, онда ол Ескелдіге жеңге, не келін болады. Ұланбикеден Ескелді қалай тумақ? Мұхамеджан Тынышбаев: «Ескельды-бий несколько моложе знаменитого Толе-бия», - дейді. Сондықтан Ескелді туралы пайымды зерттеулер қажет.

Материалда «Ескелді қалмақ батыры Долонхорды жекпе-жек ұрыста өлтірген» дегені шындық па? Себебі, «Ескелді қалмақ батыры Долонхорды өлтіріп, басын кесіп әкелген» деген дерек тарихта кезікпейді. Жоңғар хандығы 1757 жылы жойылды. Қалмақтар Волга тұсында болды. Он бес мың қалмақ жоңғар соғысынан кейін «бос қалған жер» деп, қыста Балқаш көлі арқылы қазіргі Қытай жеріне оралғаны тарихта бар. Олардың 8 мыңы жол азабы мен қатал қысқа ұрынып қырылыпты. Қазақпен соғыспаған. Соғысса, Ескелді қалмақ батырын өлтірген деп топшылауға болар еді. Үштөбеде өткен жекпе-жек ұрыс ойдан шығарылған сияқты.

Газеттегі материал тағыда оралайық: «Өзінен екі жас кіші Балпық би де осы тұста ел басқаруға жарап қалған еді. Екеуі тізе қосып, Орақ батырды қолбасшы етіп, елді үгіттеуге, мәмле жүргізуге от ауызды, орақ тілді Қаблиса ақынды бас етіп, Сыр бойындағы елді Жетісу өлкесіне көшіреді», - дейді. Қабылиса есімі қате жазылыпты. «Алатау» газетінің 14.10.2010 жылғы санында «Жыр атасы - Қабан жырау» мақаласында Қабаннан тараған ұрпақтарды жазған Ораз Исмайылов: «Қабан атаның сүт кенжесі Ысқақ. Ысқақтан Биахмет, Қожахмет, Мұхаметше, Рахмет, Кенжебек. Рахметтен Мәрима (1923-2006 ж.ж.), Нағима. Нағима Ұзынағашта тұрады», - дейді. Ата арасы 25-30 жыл. Сонда қалай Қабан жыршы елді Сырдан Жетісу өлкесіне көшіруге бас болмақ, туғаны бері болса? Көшен төреге айтылған жоқтауда «Қабан атты жас жыршы Ералы атам жолдасы» делінеді. Ералы сұлтан Көшен төренің әкесі. Көшен Тезек (1819-1877 ж.ж.) төренің ағасы. Ізденген осыдан-ақ анықтар еді.

«Балпық Ескелдіден екі жас» емес, одан едәуір жас кіші тәрізді. Өйткені, «Примечаниеде» Мұхамеджан Тынышбаев: «Балпық-бий и Карынбай-бий моложе Ескельды. Балпық - первый из джалаиров родивщийся в Копальском уезде», - деп деректейді. Тіленші Балпықоғлы 1846 жылы Шұбарағаш-Ойжайлауда Кенесары ханға қарсы мөр басып, қол қойғандар тізімінде № 31 тұрғаны «Қазақ әдебиеті» газетінде 1993 жылы басылған. Бұл - архив дерегі. Ал, Ільяс Жансүгіров «Рүстем қырғыны» деп жазған «Найман қаны», қазір «Найман сүйек», «Бала қырған» деп аталған қырғын бітімін Орынбор мен Аягөз генерал-губернаторлары Қаратал өзенін жалайыр-найман шекарасы қылып екі елді тыныштатпақ болғанымен, ақтық істі 1840 жылы Тіленшінің қызы Ұлбайды Тәнеке батырға, артынан сүйек жаңғырту дәстүрімен інісі Дәулетбақтың қызы Шалипаны Тәнекенің ұлы Есімбекке ұзатып бітірген Балпық би болған. Сонда 1840 жылы Балпық тірі. «Жетісу» газетінде Балпық би мен Бөлтірік шешен екеуінің сөз саптасы берілген еді. Бөлтірік (1771-1854 ж.ж.) шешеннің өмір сүрген жылдары айқын. Жақан Балшетегі шежіресінде: «Балпық атадан Тіленші, одан Телқозы, одан Қисмет, одан Жұмахан, одан Болат - Көксуда статистика басқармасының бастығы», - деп таралған. Осы таратудан Балпық Бөлтірікпен замандас екені аңғарылады. «Балпық би елді Сырдан Жетісу өлкесіне көшірді» деу шындыққа жанаспайды.

Сөз етіп отырған мақалада жазылғандай, «Қолбасшы Орақ батыр» емес, Орақты шығар. Ораз-Мұхамед Исмаилұлы жазғандары бойынша Орақты батыр ХVІ ғасырдың ІІ-жартысынан аса туып, өмір сүрген. Ойратпен соғысқан. Орақты батырдың 17-ші буын ұрпақтары қазір ғұмыр кешуде. Ендеше, Орақты қалай Ескелді, Балпық, Қабанмен бір жүр? Ескелді Орақтыны қалай қолбасы қоймақ? Орақты жалайырға «ноқта аға» саналады. Оны «Ұлы жүздің «ноқта ағасы» атты тарихи-тәмсілде Құлтай Нұрқалбайұлы жазды.

Ғажабы баспа беттерінде «үш атаның» бірі аталса, басқа екеуі қасынан табылады. Үшеуі бүтін іспетті. Қатынас ортасы, заманы, қызмет қылғаны болмағандай. Әр адам өмірі әртүрлі екенін білмейтіндей. Ералыұлы Көшен төреге айтылған жоқтауда «Әділ бабам кезінде халыққа жақсы күй болған, Ескелді, Балпық уәзірі» делінсе, жыр алыбы Жамбыл ақын Досмағанбетпен айтысында «әулие болса қайда еді, Ескелді би жалпағың, нашарларын жылатып, қадырын білмей халықтың» деп айтады. «Жыршылар хақында» өлеңінде Төребай ақын: «Найманда Ақтайлақ пен Сарышуаш, солармен бір заманда өткен екен, ұлы жүз жалайырда Қабан ақын», - дейді. Өтебай Сарышуаш шешен матай елінің биі. Жүз жасқа таяп қайтыс болған. Тезек төре құрмет, қадыр тұтқан. Әділ төре ұлы жүз сұлтаны, қолбасы -Райымбек батыр. Ералы сұлтан кезінде абақ-тарақ биі Қарынбай, батыры байшегір Бақай болған. Ескелді, Балпық, Қабанның жастары тең емес, заманы бір. Мөлшермен ХVІІІ ғасырдың ІІ-жартысынан аса, не ХІХ ғасыр басында туып, ХІХ ғасырдың орта деңгейіне жете, не аса өмір сүрген. Нанбағандар алшын Төребай ақын, Қабан жыршы өлеңдерін, Тезек төре туралы Төлен Қаупынбаевтың еңбектерін оқыса аңғарады.

Мақаладағы «Жалайыр елі Сыр бойынан Жетісу өлкесіне көшіп келген. Мөлшермен 1767 жыл сияқты» деген дерек тарихи шындыққа жатпайды. «Материалы к истории киргиз-казакского народа» еңбегінде Мұхамеджан Тынышбаев: «В изгнании джунгар джалаиры приняли деятельное участие, в 1757-58 годах были в низовьях р. Аягуз, откуда они повернули в Копальский уезд, где в настоящее время и проживают», - деп тайға таңба басқандай жазған. Яғни, жалайырлар Жетісу өлкесіне Итжонарқадағы Аягөз өзенінің төменгі жағынан келген. Сыр бойынан емес. Жалайырлар Іле өзенің оң жақ төңірегіне, қазіргі Балқаш ауданы өңірін мекендеп, одан Қоқан ханының қолшоқпары қанышер Рүстем 1837 жылы «найман шабамын» деп қол жиғанында, оны қолдап Балқаш, Қаратал өңіріне келгендерін тарих білдіреді.

Ал, газетті «Бұл оқиға...» деп, ақын Қалқа Жапсырбаевтың қай дастанында жырлағаны берілмеген. Әубәкір Диваевтың жазғанын келтіріп, қандай еңбегінен алғанын көрсетпеген. Басылымдарда Диваевтың қазақша аты-жөні Әбубәкір Ахметжанұлы еді. Қысқарта өзгертіпті. «Бабалардан қалған сөз» мәтіні қайдан алынғаны жазылмаған. Бұрыс дәріптің түбі шикі. Алдау -арбауға тең. Барша оқырман зерелі болайық.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270