Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3191 0 пікір 10 Тамыз, 2009 сағат 18:13

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ. Сүтті неге сырттан тасимыз?

Қазақстандағы сүт пен сүт өнiмдерiнiң басым бөлiгi Ресей, Украина, Беларусь пен Қырғызстаннан тасымалданады. Алдағы уақытта қазақ жерiндегi үлес салмағын арттыруға құлшынған қырғыз бен беларусь бүгiнде бiздiң шенеунiктермен келiссөздер жүргiзiп әлек. Ал сөрелердегi самсаған сүт өнiмдерiнiң сүбелi бөлiгi шетелдiктерге тиесiлi. Сорақысы сол, iшкi нарықты отандық тауармен қамтамасыз етуге мүдделiлiк танытпай отырған қазақ билiгiнiң кесiрiнен азық-түлiк қауiпсiздiгiне қатер төнуi мүмкiн.

Айырқалпақтылар елi таяу уақытта Қазақстан, Ресей мен Өзбекстанға тасымалдайтын ет пен сүт өнiмдерiнiң көлемiн ұлғайтуды қолға алмақ. 2006 жылдан бастап, Қырғызстандағы сиырларға жаппай тиген аусылдан кейiн көршi мемлекеттерге ет пен сүт өнiмдерiн тасымалдауға қатаң тыйым салынған едi. Әлбетте, бұл қырғыздар елiнен қазақ жерiне сүт, ет келтiрiлмейдi деген сөз емес. Өйткенi, бiздiң iшкi нарықтағы сүт саудасында қырғыздардың да салмағы басым. Қырғыз үкiметiнiң көздейтiнi - импортталатын өнiмдердi сараптамалық тексерулерден өткiздiрiп, қазақ, орыс және өзбек шенеунiктерiмен кездесу барысында келiсiмге келу және импорт көлемiн арттыру. Ресми деректерге сүйенсек, соңғы 100 жылда Қырғызстанда 1219 сиырға қарасан келiп, оның 528-i қайтадан өңдеуден өтуде. Бiр қызығы, дертке шалдыққан iрi қаралар Ұлы Отан соғысына дейiн көп болыпты.

Сыртқа сүт сатуға құлшынған тағы бiр себеп, Қырғызстан премьерiнiң бiрiншi орынбасары Өмүрбек Бабановтың мәлiмдеуiнше, қазiргi кезде айырқалпақтылар елiнде өндiрiлетiн сүт пен сүт өнiмдерi шамадан тыс көп. Өйткенi, қырғыздардың қазақтарға экспорттайтын сүт пен сүт өнiмдерi қыста 150 тонна болса, казiр бұл көрсеткiш 20 тоннаға дейiн азайып кеткен. Қырғыз Республикасы Ұлттық статистикалық комитетiнiң деректерiне сүйенсек, былтырғыға қарағанда, биыл сүт 3,6 пайызға артық өндiрiлген. 2009 жылдың алғашқы жарты жылдығына шаққандағы көрсеткiш - 607 мың тонна сүт. Қазақ нарығын жаулап алуға ұмтылғандар арасында беларусьтер де бар. Өткен аптада Витебск облысының шенеунiктерi Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Иранмен сүт және сүт өнiмдерiн аталған елдерге экспорттауға қатысты келiссөздердi бастады.

Бүгiнгi таңда елiмiзде 200-ден астам сүт өңдеу кәсiпорындары бар. Ал жоғары сапалы және заманауи технологиямен жабдықталған iрi кәсiпорындар саусақпен санарлықтай. Сүт пен сүт өнiмдерiн өндiрушiлер - қаржылық дағдарыстың қиындығына тап болған отандық шағын және орта кәсiпкерлiк өкiлдерi. Қаражаттық тұрғыда қолдауға зәру әрi тұтынушылық сұраныс деңгейi төмендеп кеткен бұл салаға мемлекеттiк деңгейде көмек керек. Iшкi нарықтағы импорттық өнiмдердiң көбеюi - отандық өндiрушiлерге тиетiн ауыр соққы. "Қазагроинновация" АҚ сарапшылары: "Ресей, Украина, Қырғызстаннан Қазақстанға әкелiнетiн сүт өнiмдерi отандық кәсiпорындардың қаржылық қауқарына керi әсер ететiндiктен, азық-түлiк қауiпсiздiгiне қатер төндiруi мүмкiн. Жатжұрттықтар қазақ нарығын қайтсек, молынан қамтимыз деп жанталасуда. Осы себептi, ҚР аумағына шеттен әкелiнетiн сүт өнiмдерiнiң көлемi 21,3 пайызға өскен. ҚР Статистикалық агенттiктiң хабарлауынша, 2008 жылы елiмiзге 227 млн. долларға 144,4 мың тонна сүт өнiмдерi импортталған. Есесiне, отандық кәсiпорындардағы сүт өндiрiсi тоқтап, экспорт 3 есеге қысқарған. 2005-2007 жылдар аралығында жүйелi түрде өсiп отырған сүт өнеркәсiбi iшкi нарықтағы тұтынушылық сұраныстың артуына тiкелей байланысты болатын. Алайда, 2008 жылы жағдай күрт өзгерiп, iшкi нарықтағы тұтынушылық сұраныстың өскенiне қарамастан, сүт өндiру қарқыны 2007 жылмен салыстырғанда, тым төмендеп кеткен. Мамандар қауымы мұның себебiн былтырғы қуаңшылықпен, елiмiздегi, әсiресе, оңтүстiк аймақтардағы малға берiлетiн жем-шөптiң жетiспеушiлiгiмен түсiндiредi. Олардың айтуынша, 2005-2007 жылдар Қазақстандағы ауыл шаруашылығы үшiн өте қолайлы болған көрiнедi. Бүгiнде сүт нарығының сүбелi үлесi ресейлiк өнiмдердiң еншiсiнде. Қазақстанға сырттан тасымалданатын шетелдiк сүт өнiмдерiнiң тең жартысы - ресейлiк. Көрсеткiшке шақсақ, жалпы құны 122 млн. долларға бағаланатын 70 мың тоннадан астам өнiм. Одан кейiнгi кезекте 15,8 пайыздық үлеспен Беларусь, 15 пайызбен Украина және 7,7 пайызбен Қырғызстан тұр. Осы 4 елге тиесiлi жалпы импорттық өнiмдердiң ең қымбаты беларусьтерге (1 келiге - $2,2), ал ең арзаны қырғыздарға (1 келiге - 0,7) тиесiлi.

Тағы бiр түйткiл, өндiрiлетiн сүттiң небары 30 пайызы ғана өңдеуге өткiзiледi де, қалған 70 пайызы өңделмеген күйiнде жеке азаматтар тарапынан саудаға шығарылады. Мұндай өнiмдердiң сапасына кепiлдiк жоқ болатыны анық. Оның үстiне, қайта өңдеуге жiберiлетiн сүттiң 90 пайызы - шағын шаруа қожалықтарының өнiмi. Сондықтан шикiзат жетiспеушiлiгiн iрi сүт кәсiпорындары құрғақ сүтпен (оның 80 пайыздан астамы шет елдерден әкелiнедi) қамтамасыз етедi. Сүт нарығындағы баға мәселесiнде де отандық тұтынушы ұтылады. Себебi, сырттан тасымалданатын шикiзат құны күн сайын өсiп отырады, жылу мен жарық, жанар-жағар май бағасы да тұрақсыз, яғни, жоғары. Аталған келеңсiздiктер тұтынушылық деңгейдiң күрт төмендеуiне ықпал ететiнi белгiлi. "Жығылғанға - жұдырық", сүт өндiрушiлер өнiмдерiн мемлекеттiк тапсырыс бойынша өте сирек таратады. Негiзiнен пайдаға шаш-етектен кенелетiн - жекелеген кәсiпкер болып табылатын делдалдар. Ал бағаның 10-20 пайызға бiр-ақ шығандауы мемлекеттiк тендер бекiтiлетiн лоттар тiзiмiнде әртүрлi сала өнiмдерi, мысалы, ет, көкөнiс т.б. азық-түлiк түрлерi енгiзiлетiндiктен. Мемлекеттен қаржылық қолдау көргiсi келетiн сүт өндiрушi кәсiпорындардан талап етiлетiн анықтама, өтiнiшке тiркелетiн құжаттар саны 100 беттен асып түсуi де кәсiпкер ағайынға үлкен кедергi. Өзi өндiрген өнiмдi тарату, тасымалдау да кәсiпорындардың мiндетiне жатады. Есесiне, әлгi ортада жүретiн делдал, яғни, жекелеген кәсiпкерлерден құжат атаулы мүлде талап етiлмейдi. Сонда ұтатын кiм, ұтылатын кiм? Отандық кәсiпорындарға жағдай жасалса, iшкi нарықты қамтамасыз етуге қауқарлы. Мысалы, қазiргi таңда елiмiзде жоғары сапалы сыр мен ерiтiлген сыр қоры жеткiлiктi бола тұра, украиндар жерiнен әкелiнетiн 1 келiсi 1200-1600 теңге тұратын сыр түрi сан алуан. Әсiресе, Ресеймен шектесетiн аймақтардағы отандық кәсiпкерлерге өте қиын. Өйткенi, солтүстiк аймақтардағы облыстардың сүт пен сүт өнiмдерiн өндiретiн және өңдейтiн зауыттары болса да, базар мен дүкен сөрелерiнде ресейлiк тауарлар самсап тұр. Мұндай келеңсiздiк отандық кәсiпкерлерге керi әсер ететiнiн бiле тұра, билiк iшкi нарықтағы азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бейiл танытпай отыр - "жаны ашымастың қасында"...

"Түркістан" газеті, 06.08.2009

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343