Сенбі, 23 Қараша 2024
1677 0 пікір 2 Қыркүйек, 2022 сағат 13:49

Алматыда медициналық білім беру ісі қалай жүргізілуде?

Дені сау азамат – мемлекеттің ең құнды капиталы. Жан мен тәнің саулығы кейде тек адам баласының өзіне ғана емес, елдегі ақ халаттылардың біліктілігіне де байланысты болып келеді. Оның үстіне медицина мамандарының жетіспеушілігі шалғай жатқан аймақ тұрғындарына қатты білінеді. Бұл мәселе туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын.

«Денсаулық сақтау саласы бәсекеге қабілетті болуы үшін дәрігерлер дайындау жүйесін жетілдірген жөн. Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникалар ашылады. Алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді. Мұның бәрі ұлт денсаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсартуға септігін тигізеді»,-деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Алматы қаласы түйткілді мәселені шешуге бұрыннан кіріскенін айтып өткеніміз жөн. 2021 жылдан бері Алматы қаласының әкімдігі талап етілетін клиникалық мамандықтар бойынша дәрігерлерді резидентурада оқытуға қаржы бөліп келеді. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің «Өңірлерде медицина кадрларының тапшылығын төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» Жол картасын, сондай-ақ «Алматы қаласында медицина кадрларының тапшылығын төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» Жол картасын іске асыру мақсатында орындалып отырған шаруа.

Биылғы жылы қала 120 резидентті аса тапшы дәрігерлік мамандықтар бойынша оқытуға жергілікті бюджеттен 2-3 оқу жылының ұзақтығына орай қаржы бөлді. Бүгінгі күні 2021 жылы оқуға түскен 108 маман резидентурада оқуын жалғастырып жатыр. 2022 жылы мамандықтар бойынша гранттардың ең көп саны резидентураға анестезиология және реаниматологияға 10 орын, жұқпалы аурулар бойынша 8 орын, педиатрияға 10 орын, офтальмология бойынша – 11 орын бөлінген. 2023 жылға қажетті мамандықтар бойынша резидентураға 130 грант және «эпидемиология» мамандығы бойынша магистратурада 10 орын оқыту жоспарланып отыр.

Резидентура оқу нысаны 1994 жылы бекітілген, оған фармацевтер, дәрігерлер, стоматологтар түсе алады. Қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Алматыдағы резиденттерді қабылдау, бөлу және орналастыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өткізілді осы жылдың 24 тамызында өткізілген. Ережеге сәйкес, конкурстық комиссияның құрамына Алматы қаласы әкімінің өкімімен бекітілген және жергілікті атқарушы органның қызметкерлері, азаматтық қоғам өкілдері кірді. Алматы әкімдігінің білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін медициналық университеттер түсу емтиханы бойынша ең жоғары балл жинаған үміткерлердің тізімін береді. Бұл жолғы конкурсқа 284 үміткер қатысты. Конкурстық комиссияның шешімі бойынша Алматы әкімдігінің грантына 120 қатысушы ие болып отыр.  Медициналық резидентураның күндізгі бөлімінде білім алу мерзімі екі жыл. Бірақ кейбір жағдайларда резиденттер 5 немесе одан да көп жыл оқуы мүмкін. Білім беру грантының иегері Алматы қаласының медициналық ұйымдарында тиісті мамандық бойынша 5 жыл жұмыс істеуі керек. Сондықтан резидент пен оқу орнының арасында үш жақты келісімшарт жасалады.

Былтыр да Алматы әкімдігінің қаражаты есебінен Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетіне және Қазақстан-Ресей медициналық университетіне клиникалық мамандықтар бойынша және "эпидемиология" мамандығы бойынша резидентура (110 грант) мен магистратураға (10 грант) кадрлар даярлау үшін 120 грант бөлінген болатын. Анестезиология және реанимация-35 грант; жұқпалы аурулар – 18; терапия-10; пульмонология-6; кардиология-2; педиатрия-9; неонатология-3; неврология-3; отоларингология-6; клиникалық фармакология-2; гастроэнтерология-6; офтальмология-3; эндокринология – 3; балалар хирургиясы-2; травматология және ортопедия-2; жедел медициналық көмек – 3; физикалық медицина және оңалту – 5; нейрохирургия – 2 грант бөлінді.

Бұдан басқа, республикалық бюджет есебінен клиникалық мамандықтар бойынша резидентурада оқуға 38 грант бөлінеді. Осылайша, елімізде кадр тапшылығын жою алдағы 2-3 жылда іске асады деп жоспарланған.

Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен. Тіпті, сақтандыру моделі тұрақсыз әрі жүйесіз дамуда. Бұл – үлкен олқылық. Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізетін уақыт әлдеқашан жетті. Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырамын. Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек. Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдаланған жөн.

Медицина – инвестиция салуға қолайлы сала. Тек оған дұрыс жағдай жасау қажет. Мен келесі жылдан бастап ұлттық жобаны жүзеге асыруды тапсырдым. Бұл құжат, ең алдымен, ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға арналған мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құралжабдықпен толық қамтамасыз етіледі.

Осылайша мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, енді ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады. Онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылады. Бұл төрт миллионнан астам адамға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырады. Сонымен қатар, телемедицина бағытын дамытамыз. Сол арқылы шалғайда тұратын халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетілетін болады»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектегі жолдауында.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге инвестиция көлемі рекордтық 73,7 млрд теңге болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ақшалай түрде 15,2%-ға артық (ХҚҰ – 112,3%). Бұған дейін осы кезеңде денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге құйылған инвестиция көлемі 2020 жылы 64,2 млрд теңге, 2021 жылы 64 млрд теңге болған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354