Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4452 0 пікір 28 Қаңтар, 2013 сағат 07:39

Ошо. Жаратылыстың жауһарлары (басы)

Аудармашыдан:

Ошо ХХ ғасырдың ойшылы, кемеңгері атанған адам. Мистик, философ, ұстаз. Біздің замандасымыз. Ол Шығыстың даналығымен бүгінгі Батыстың технологиялық қуатын үндестіріп өмір туралы пайымдауларға ізгілікті ойлар сіңіруге бел буған  тұлға. Қатыгезденіп алған адамзат қоғамына Ошо жаратылыстың жауһар аралдарын ашып, бауырмалдыққа шақырады. Ошоның ойлары біздің оқырманның жандүниесін де нұрландырар деген ниетпен ана тілімізге аударып беріп отырмыз.

 

Аудармашыдан:

Ошо ХХ ғасырдың ойшылы, кемеңгері атанған адам. Мистик, философ, ұстаз. Біздің замандасымыз. Ол Шығыстың даналығымен бүгінгі Батыстың технологиялық қуатын үндестіріп өмір туралы пайымдауларға ізгілікті ойлар сіңіруге бел буған  тұлға. Қатыгезденіп алған адамзат қоғамына Ошо жаратылыстың жауһар аралдарын ашып, бауырмалдыққа шақырады. Ошоның ойлары біздің оқырманның жандүниесін де нұрландырар деген ниетпен ана тілімізге аударып беріп отырмыз.

 

Шығыс күллі тіршілікті өрмекшінің торына ұқсатады. Егер нәзік бір қылына қолың тисе болды, бүтін тор сетінеп кетуге бар. Жасыл алқапты көмкерген өскіннің біреуіне, тек біреуіне жұғышшы, ұлы жұлдызға, ең алыс түкпірдегі тұңғиық жұлдызға самғап барып қол жеткізесің, өйткені бүтін дүние тұтас бір ағзадан тұрады, онда шетін нәрсе жоқ. Тек адам баласындағы кісәпірлік қана менмендік деген бітімсіздікке бой алдырған. Адам өзі жасап алған, өзін өзі басы бүтін байлап  берген айдауда өмір сүреді. Сіз маңайыңызға тас қамалдар соғып, тар әм тұйық кеңістікте бәрінен аласталғандай тіршілік кешіп келесіз.  Сондықтан сіз жапа шегудесіз, сондықтан сіз өзіңізді бақытсыз бейбақ сезінесіз. Өмірден мән аңғарып, тірліктен мағына түйе алмайсыз. Қазір сіз тамырынан үзіліп, жер бетінен көшкен сүлдеріңізді сүйретіп жүрген күйдесіз. Бейуақта салаң етіп келе салғандайсыз, қадірі кем қажетсіз жандайсыз, сізсіз де мынау дүние жалғасып, сіздің бар жоғыңызға қарамай сырғи беретін сияқты. Осының бәрі жаныңызға айықпас жара салған. Сіз бар үміттен ақталып, күш қайратыңызды күдермен күрмеп қойдыңыз. Өзіңізге деген сенімнен жұрдайсыз. Сөйтіп жарық дүниедегі ең керексіз, қажетсіз, оңғақ затқа айналып тынғансыз. Ал бар ғой, осының бәрі сіздің ішіңіздегі менмендіктен ғана орын тауып жаныңыздан жағаласып қалмай жүр. Эго - бұл тұтастықтан  іргені аулақ салу, мүмкін болмаса да бүтіннен көшу, ақырында  баяны ауған дүниеде ғұмыр кешудің сыбағасы. Осы себептерден болып, сіз өзіңізді  тамұқ өмірдің тұтқыны етіп қойғансыз. Тамұқтың тұрғыны екендігіңізге иланып та қойғансыз.  Менмендіктен құтылыңыз, сол заматта сіз бүтін дүниенің сізге бітуажа айтып тұрғанын, сіз бен  күллі жаратылыстың бірлігін әйгілейтін ізгі хабарлардың көптігін, ол хабарлардың күн сайын, сәт сайын еселене түсетінін аңғарасыз. Бал көмей құстар сізге даналықты, түнгі тұнық жұлдыздар сізге ілімді үйретеді. Жаратылыс кемеңгер кітапқа, нағыз Киелі кітапқа айналады. Менмендікті тәрік етіңіз, сол уақытта сізге сарғайған, кемітілген жазбаларға шарт жүгінудің қажеттілігі азайып, жарық дүние кітап бетіндей судырлап ашыла түседі. Рәсімдер мен жоралғылар бар маңда орындалып, бар маңнан сіз келелі әңгіме, келісімін тапқан ән естисіз.

Жаратылысқа үнсіз сіңген жөн; күбірлеуге де болмайды. Әлдене айтудың да қажеті шамалы. Сиыну мен жалбарыну - тыңдап үйрену. Егер сіз сөйлей бастасаңыз, сізді кім тыңдайды? Егер сіз сөйлей жөнелсеңіз, сөзге әуейленсеңіз, сізді кім тыңдайды? Өйткені рахман нұрындай саулаған ізгі тілектер үзілмей келіп жатыр.

Әрбір сәт сіз үшін сәулесін шашсын десеңіз, әрбір сәт гаухарлана түссін десеңіз, ғұмырыңыз сәттіліктердің алтын арнасына айналып өтсін  десеңіз, шаттықпен өмір сүріңіз, шат-шадыман жайдары күндер кешіңіз.

Ондай адам өлмек емес. Оның қолы тиген дүниеге мәңгілік  дариды.

Хх хх хх

Тәйірі, адам өзіне берілген келте өмірден  жұмақтың төрін жасап алса болады. Себебі біздің Жер-ана - жұмақтың өзі ғой.

Хх хх хх

Айнымастық  ішіңді ақтарып, қажырың мен қайратыңды қатар жұмсап, ақыл түйсігіңді дамытып сәйкестендіргенде беки түседі.

Хх хх хх

Сіз дарақ емес, дән болып жаратылғансыз. Сізге өніп-өсудің мүмкіндігі берілген, осы мүмкіндік сіздің көсегеңізді көгертеді, сол ғана сіздің мейманаңызды тасытып, жаныңызды рахатқа бөлейді. Жайқалып жапырақ жаюдың билікке, дүлей күшке, ақша мен саясатқа еш қатысы жоқ. Ол сіздің ішкі әлеміңізде жаңғырады, ол сізге ғана тән дамудың өлшемі. Сіз өз жаныңыздан қуаныш таба білуіңіз керек.

Хх хх хх

Қандайда бір қателік - сабақ алудың мүмкіндігі. Тек бір істеген қатеңді қайталай берме - ол ақымақтық. Алайда жаңа қателікке ұрынсаң, оңбай ұрын, қорықпа, себебі табиғаттан үйренудің бізге берілген жалғыз амалы осы.

Хх хх хх

Ғаламның ілімін меңгеру - ішкі әлеміңнің құпиясын танып жетілудің қасында түкте емес.

(Жалғасы бар)

Ошо, «Золотые самородки».

Орыс тілінен аударған Дәурен Қуат

"Abai.kz"

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270