Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
46 - сөз 2192 0 пікір 17 Қазан, 2022 сағат 14:40

Транзиттік-көліктік әлеует және қаржы

Транзиттік-көліктік әлеует және қаржы. Нақты істер. Экспорт/импорт алға шықты.

Ал әлемдік саясат, Еуропа мен АҚШ-ты өсектеу сияқты болмайтын бла-бла артта қалды. Ол қызық емес, уақытты алады, пайдасы жоқ.

Бұл - осы жолғы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің нақты байқалған құбылысы болды. Негізі, ол Қытайдың прагматикалық принципі. Енді Қазақстан да осы бағытқа түсіп отыр. Қытай кезінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысты Ресейдің "әскери-саяси қылайық" деген ұсынысын шорт кесіп, ШОС-ты бизнес-транзиттік идеология аясында өсірген болатын. Артынан дивидендін көрді. "Бір белдеу, бір жол" ғасыр жобасын ШОС арқылы жүзеге асырды.

Нақты бизнес келіссөздер жүргізген тараптар Қазақстан, Қытай, Түркия, Әзірбайжан, Түркіменстан мен Өзбекстан болды. Бакуде пысықталған Транскаспий мәселесін Ердоған енді Ақтауда Тоқаев және Әлиевпен бірлесіп біржолата шешпек.

Алгоритмі қиын емес: Ақтаудағы порттарды үлкейту керек, оған Қытай көмектеседі. Одан кейін Қазақстанға сауда флотын (танкерлер, контейнер таситын кемелер) жасақтау керек. Баку де порттарын күшейтуі тиіс және Түркиямен арада құрлық коридорын (Зангезур) реттеуі керек. Тағы бір мәселе, Қытайдан Ақтауға баратын теміржолдың өткізу қабілеті жоспарланып отырған көлемге шыдамайды. Бізде пойыздар бірінен соң бірі өтсе, рельстің балқып кету проблемасы шығып тұр. Сондықтан транзит деп құлшынып отырған Қазақстанға көршілердің көмегі өте керек. Осы мәселе Ақтаудан шешіледі деген үміт бар. Шынымен, Ақтаудағы кездесуге қазір біздің болашағымыз байланып отыр.

Түркіменстан басшысымен өте жақсы кездесу болды. Ол жақ геокартинаға реалды қарап отыр. Бұл Сердар Бердімұхамедовтың Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары. Ертең ол Астанадағы "Орталық Азия - Ресей" саммитіне қатысады.

СICA - Азия елдерінің кеңесі. Оның ішінде Қытай, Израиль, БАӘ, Оңтүстік Корея, Бахрейн мен Катар сынды қаржы институттары жақсы дамыған елдер бар. Осы ескеріліп, Қазақстан президентінің ұсынысымен кеңестің қоры құрылды. Ол инвестиция тартуға көмек беретін болады.

Оның алдында Қытай CICA аясында қаржылық саммит жасаған болатын. Бүгін Тоқаев оны тұрақты қылайық деді. Қытай ұсынысы бізге өте қажет, Шанхай мен Дубайда биржа мен қаржы орталықтары бар. Астана халықаралық қаржы орталығын соларға міңгестіру керек болып тұр.
Саммитте әрине, басқа да әңгімелер болды. Ресей мен Беларус президенттері жігіті тастап кеткен, комплексі бар қыз сияқты Батысқа өкпелерін айтып қоймады. Әлемді билейтін "алтын миллиард" утопиялық теориясын 50 жыл бұрын банан елдерінің диктаторлары тілге тиек етуші еді. Енді Ресей жақтан сондай әңгіме естідік.

Азия елдерінің басшылары басын шайқап, мырс етіп күлді де қойды. "Не су ішіп жүр?" деп мен де ойланып қалдым.
"Тұран" суын ішсе, ондай болмас еді.

Айбар Олжаев

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1554
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3348
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6217