Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3950 0 пікір 1 Ақпан, 2013 сағат 08:05

Талжан Райымбердиев. Демократия – заң шеңберіндегі сана еркіндігі

Cуретте: Талжан Райымбердиев

 

Жамандық көрсең нәфрәтлі,

Суытып көңіл тыйсaңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі,

Оны ойға жисаңыз...

(Хакім Абай)

Саналы азамат өз орнын ғұмыр кешіп жатқан қоғам ортасынан іздері хақ. Кез-келген тұлға өзін қоғамының толыққанды мүшесі ретінде сезіну үшін тұрақтылықтың кепілі ретінде қоғамнан шынайылықты талап ететіні де шүбәсіз. Мемлекет тұрақтылықтың кепілі ретінде азаматтар арасында шынайы қарым-қатынас орнату мақсатында демократиялық жүйені ұсынғанына тарих куә. Демократияның тікелей мағынасы қоғамдық өмірін халықтың өзі ұйымдастыруын білдіреді. Бірақ бүгіндері жер бетіндегі бірде-бір елде шынайы мағынасындағы демократияның орнамағаны ақиқат. Көптеген елдерде тек қана халық билігінің мінсіздігі ұқсастырылып, жақындастырылуы ғана көрініс тапқан. Мұнда қоғамдарда әлі күнге дейін қоғамдық өмірді реттеу қызметін өкілеттік және басқа да билік органдары, яғни мемлекеттік органдар атқаруда. Шын мәнінде демократия - халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік ұстанымдарына негізделген мемлекеттік құрылым.

Cуретте: Талжан Райымбердиев

 

Жамандық көрсең нәфрәтлі,

Суытып көңіл тыйсaңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі,

Оны ойға жисаңыз...

(Хакім Абай)

Саналы азамат өз орнын ғұмыр кешіп жатқан қоғам ортасынан іздері хақ. Кез-келген тұлға өзін қоғамының толыққанды мүшесі ретінде сезіну үшін тұрақтылықтың кепілі ретінде қоғамнан шынайылықты талап ететіні де шүбәсіз. Мемлекет тұрақтылықтың кепілі ретінде азаматтар арасында шынайы қарым-қатынас орнату мақсатында демократиялық жүйені ұсынғанына тарих куә. Демократияның тікелей мағынасы қоғамдық өмірін халықтың өзі ұйымдастыруын білдіреді. Бірақ бүгіндері жер бетіндегі бірде-бір елде шынайы мағынасындағы демократияның орнамағаны ақиқат. Көптеген елдерде тек қана халық билігінің мінсіздігі ұқсастырылып, жақындастырылуы ғана көрініс тапқан. Мұнда қоғамдарда әлі күнге дейін қоғамдық өмірді реттеу қызметін өкілеттік және басқа да билік органдары, яғни мемлекеттік органдар атқаруда. Шын мәнінде демократия - халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік ұстанымдарына негізделген мемлекеттік құрылым.

Демократия - ол еркіндік, яғни конституция мен заң шеңберіндегі сана еркіндігі. Бүгінгі таңда сана еркіндігінің негізгі қозғаушы күштерінің бірі, ол - материалды құндылық, билік, дәстүрлі менталитет және басқа да негіздер орын алып отыр. Саналы адамды демократиялық қоғамда сана еркіндігінің мөлшері болуы керек пе, әлде жоқ па деген сұрақ ойландырары хақ. Адамзаттың даму тарихына зер салсақ, демократиялық қоғамның Сана деңгейіне сәйкес еркіндік мөлшері болуы тиіс. Ол - тұрақтылық кепілі, тыныштық эталоны.

Өткенге шегініс жасап, ғибратлансақ. Егер еркіндік мөлшері тұрақтылық мөлшерден асып кетсе, я болмаса кеміп кетсе қоғамның дамуына кері әсерін байқаймыз. Мысалы, ұлттық менталитетімізге жақын Өзбекстан мен Қырғызстан сынды көрші ұлыстардың тарихи дамуына назар салсақ. Алашапанды туыстың еркіндік мөлшерінің тым төмендігінен елдің саяси-экономикалық және рухани дамуында келеңсіздіктер бой көрсетті. Ал айырқалпақтылар ауылында еркіндік мөлшерінің ернеуінен асуы саяси дағдарыстарға ұрындырды. Сондықтан демократиялық процестердің, яғни сана еркіндігінің де тиісті мөлшері болуы өте қажет және ол өлшем қоғамның даму, яғни сананың тәрбиеленуіне сәйкес өзгеріп отыруы тиіс.

Жоғарыда атап өткендей сана менталитетке тәуелді және ол жылдар бойы қалыптасқандықтан Америка я болмаса Европа демократиясының түп нұсқасын көшіру қоғамымызға пайда бермесі уақыт тұрғысынан дәлелденді. Яғни ғасырлар бойы американдық демократиялық қоғамның сүзгісінен өткен сана еркіндігін, қалыптасқан менталитетін көшіріп алып келуге деген талпыныстың өзі қоғамыздың тұрақтылық жағдайының бұзылуына үлкен қауіп. Кейбір демократтарымыздың «Халық шешу керек», «Халықтың таңдауы болсын» және т.б. сол сияқты халық атын жалау етіп, атойлап ұрандауы сана еркіндігінің қалыпты мөлшерінен асып тұрақсыздыққа келтіруі әбден мүмкін.

Бүгінгі біздің қоғамда демократиялық сана тәрбиесінің басым бөлігі тайпалық, рушылдық түсінік шеңберінде екенін ешкімнен жасыра алмаймыз. Сондықтан демократиялық үрдістердің қоғамда дұрыс қалыптасуы, сана еркіндігінің бірте-бірте артуы қоғамның тәрбиелену деңгейіне тікелей байланысты болып отыр.

Бір сөзбен айтқанда  демократиялық процестерді және сана еркіндігінің мөлшерін қалыпты басқару тетігінің қажеттілігі айқын болып тұр. Қарапайым мысал. Табиғаттың апатты құбылыстарын (жер сілкінісі, дауыл және т.б.) басқару мүмкін еместігі белгілі, нәтижесінде апатты жағдайлар орын алады. Ал өндірістегі технологиялық құбылыстарды басқару мүмкіндігі бар, нәтижесі өнім. Сол сияқты қазақтың киелі жылқысын тізгіндемесе, жабайыланатыны белгілі. Олай болса, қалай айтсақ та әрбір қоғамның даму және тәрбиелену деңгейіне сәйкес демократиялық процестерді қалыптастыратын сана еркіндігінің деңгейіне сәйкес басқарылуы міндетті және ол қажеттілік.

Қазіргі қоғамымыздағы сана еркіндігін басқарып отырған материалдық құндылық пен билік, әрине оларға тәуелділіктің кезеңі өтпей, қоғам рухани еркіндікке қол жеткізе алмайды. Алайда қазіргі даму кезеңімізге, әсіресе сана тәрбиемізге сәйкес бүгінгі қоғамға тиімдісі, әрине билік тетігі. Материалдық тетік қоғамды бөлшектеп жіберуі айқын, нәтижесінде мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі ықтимал. Сонымен қоғамның тұрақты дамуының ,әсіресе, жас мемлекеттер үшін демократиялық жағдайлардың Қазақстандағы деңгейі, қоғамның осы үрдістерге әсері немесе оны қалай қабылдауы туралы ой жүгіртетін болсақ қазіргі бағытымыз дұрыс.

Осы орайда еліміздегі назарға алынған келесі қадам, ауыл әкімінің сайлануы құптарлық жағдай. Әкімдерге дауыс беру мандаты мәслихат депутаттары арқылы болуы да дұрыс шығар, бірақ болашақта мәслихат депутаттарының сайлануын партиялық тізіммен болуы нәтижелі жеміс берер еді. Себептері ретінде аргументтер келтірсек:

  1. Бүгінгі маслихат депутаттарының басым бөлігі бизнес өкілдері. Яғни сана еркіндігі материалдық құндылыққа тәуелді жағдайда, ол жоғарыда атап өткендей демократиялық сана тәрбиесіне нұқсан келтіреді.
  2. Мәслихат депутаттарының құрамында интеллектуалды топ өкілдері (дәрігер, мұғалім, өнер-мәдениет қайраткерлері, жазушы-журналистер, заңгерлер, ғалымдар, жастар ұйымдарынан, мемлекеттік емес ұйымдардан және т.б.) жоқтың қасы. Бұл топ өкілдері билік пен халық арасындағы алтын көпір.
  3. Ел бірлігіне кері әсер етуші рушылдық дертінен арылар едік.

 

Ал партиялық тізімді жасақтаушы партиялар, мұндағы билік партиясы тізімді жасақтауда үлкен жауапкершілікпен жасауы өте маңызды. Таңдау барысында үміткердің рухани тазалығы, қоғамдық жұмыстарымен елге танылуы, сол сияқты анкеталық принциптерді алға тарта отырып сараптама жасау өте қажет және оның дұрыс ұйымдастыру маңыздының маңыздысы. Олай болса сайлау институттары (сенат, мәжіліс, мәслихат) арқылы елдегі саналы таза адамдарды, яғни қоғамға пайдасы көп интеллектуалды топ өкілдерін билікке жақындату бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі және бүгінгі заман талабы.

Түйіндей келе, ойымды еліміздің абзал азаматы ҚР ҰҒА академигі Өмірбек Жолдасбековтің ғибратты сөзімен сабақтасам. 1996 жылдың күз мезгілі. Оңтүстік Қазақстан облысынан мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде келген. Қазығұрт тауын асып, Алтын төбе ауылындағы кездесуден қайтар жолда бір шаруа қорасында Енисей комбайнының сабан жинақтайтын артқы сеткасынан тауықхана жасап қойғанын көрдік. Көпті көрген Өмірбек ағаға: «Өмірбек Арысланұлы, осы көрініске орай, ауылдың болашағы қандай болмақ?» деп сұрақ салып едім, ол кісі терең күрсініп: «Менің білетінім он жылдан кейін елде таза адамдар тапшы болады. Сол кезде Елбасының елді басқаруы қиын болады, сонда сендердің қажеттіліктерің керек» - деп ұстаз өзін қоршаған шәкірттерінің көңіліне сәуле салып, келер күннің игілігі үшін адал қызмет етуге үндеп еді...

Талжан РАЙЫМБЕРДИЕВ,

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің вице-президенті,

техника ғылымдарының докторы, профессор

ABAI.KZ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300