Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3811 6 пікір 3 Қараша, 2022 сағат 15:41

Кедейлік қамытын кигеніміз көп

Дүниежүзілік банк Қазақстанда халықтың 15,5 пайызы кедей тұрады деп санайды. Бұл 19 млн халықтың 2 945 мыңы кедей деген сөз.

Елдегі ресми статистика кедей санын бұдан екі есе аз деп көрсетеді. Былтырғы сан бойынша 1 миллион адамнан сәл асады.

Қандай адамды кедей дейміз? Әдетте бұған ең төменгі күнкөріс деңгейінде табыс табатын адамдарды жатқызады. Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі биыл қазанда 48 121 теңге болды. АҚШ долларының қазіргі ресми бағамына шаққанда 103 доллар. Бір айға - 31 күнге бөлсеңіз күніне 3,3 доллар.

Дүниежүзілік банк табысы орташа елдердегі күніне 3,2 доллар, ал табысы ортадан жоғары елдерде күніне 5,5 доллар табатын адамдарды кедейлік шегінде деп бағалауды ұсынады.

Осы жерде мынандай кереғарлық туады БҰҰ-ның Адам дамуының индексі дейтін көрсеткішінің 2022 жылғы рейтингінде Қазақстан адам дамуының жоғары деңгейіндегі елдер қатарына жатқызылыпты. БҰҰ әр ел бойынша тек ресми статистикаға сүйенетінін ескеру керек. Ал бізде статистиканың қалай сөйлейтінін бәріміз жақсы білеміз.

Еуропа елдерінде күндік табысы 5, 5 доллардан аспайтын адам кедей саналады. Санкцияның астында қалған, соғысып жатқан Ресейде ең төменгі жалақы алатын кедейдің күндік табысы 8,5 доллар. Орыстың кедейінің өзі қазақтың кедейінен 5 долларға көп табады.

Ресейдегі инфляция 13,7 пайыз, бізде 17,7 пайыз. Яғни біздегі кедейдің күндік 3,3 доллар табысының біразын инфляция жеп қоюда. Ал жалпы ел дамуы үшін оның азаматтары күнделікті ішім-жемнен бөлек табысының кемінде 10 пайызын білімге, 10-20 пайызын денсаулығын жақсартуға жұмсауы тиіс.

Елде өндіріс болмайынша, азық-түліктен бастап халық тұтынатын ең қажет тауардың кемінде 50 пайызы өзімізде өндірілмейінше, жемқорлық індетін тоқтатпайынша кедейлік қамытын киген отандастардың санын азайта алмаймыз.

 

Дәнеш Байболатов

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340