Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3278 107 пікір 17 Қараша, 2022 сағат 14:29

Үміткерлер: Ақшасы көп алтау...

Президенттікке үміткерлердің әрқайсысында қанша қаражат бар және ол қаржы қайда жұмсалып жатыр? Бұл сұраққа Республика.kz телеграм арнасы жауап жазыпты.

Ең ауқымды қаражат қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тиесілі. Оның бюджеті өткен жолғы есептен еш өзгерген жоқ – 1 млрд 620 млн теңге. Оның ішінде 720 млн теңгесі өз қалтасынан және кандидатты ұсынған қоғамдық бірлестіктің бюджетінен ұсынылды. 899,9 млн теңгені азаматтар мен ұйымдар ерікті түрде аударған.

Екінші орында 476 млн теңгеге жуық қаражатпен Қарақат Әбден тұр. Барлық қаржы кандидатқа ерікті түрде аударылған. Үгіт-насихат басталған сәтте Әбденнің 187 млн теңгесі болған.

Бюджеті бойынша үшінші орындағы Жигули Дайрабаевқа қазақстандықтар 26,5 млн теңгені ерікті түрде аударды. Осылайша оның қаражаты 430,5 млн теңгеге дейін өсті. Оның ішінде 284 млн теңге өз қалтасынан шыққан қаражат болса, 146,5 млн теңге ерікті аударымнан келген.

Кейінгі кезекте Салтанат Тұрсынбекова тұр. Қазір оның бюджеті 47 млн теңгеден 247,8 млн теңгеге дейін өсті. Оның ішінде өз қаржысы – 23,4 млн теңге, ал 224,4 млн теңге — қайырымдылықтан түскен.

Бесінші орынға Нұрлан Әуесбаев жайғасты. Оның партиясы ЖСДП үгіт-насихатқа 10 млн теңге бөлді.  Тағы 70 млн-ға жуық теңгені оған қазақстандықтар ерікті түрде аударды. Қазір кандидаттың жалпы бюджеті 189 млн теңге.

Соңғы орында Мейрам Қажыкен тұр. Оның бюджеті – 134,3 млн теңге, барлық қаражат ерікті аударымнан түскен.

(1-14 қараша аралығындағы деректер)

Abai.kz

107 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467