Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2565 0 пікір 12 Ақпан, 2013 сағат 11:50

Қытай сорған мұнай – қазақтың несiбесiн кемiтуде

Сан ғасырлық сабырлылық пен ұлттық талпыныстың арқасында Қытайдың экономикасы соңғы жылдары күрт артты. Қытай десе сескенiп, шошынбайтын мемлекет те кемде-кем. Осыдан бiрнеше жыл бұрын, тiптi бiр ғасыр бұрын айтып кеткен әлемнiң футурологтары мен сәуегейлердiң болжамдары шынға айналып келедi. Өткен жылдың өзiнде Қытай мұнай өндiруден әлемдiк рейтингiде төртiншi орынға көтерiлдi. Ал газ өндiрiсiнен 17-шi орынан 6-шы орынға бiр-ақ шықты. Осының өзi Қытайдың қарқынының қандай екенiн көрсетсе керек. Сондай-ақ, биылдан бастап Қазақстандағы барша мұнайдың 40 пайызын қытай ком­пания­лары иемденедi деген ақпарат тарады. Бiрақ билiк бұл деректi жоққа шығарып бағуда. Дегенмен, жел тұрмаса, шөптiң басы қимылдамайды.

Дереккөздерге сүйенсек, қа­зақ мұнайындағы Қытайдың үлесi қазiр 30 миллион тоннаға жеткен және оның көлемi күн санап ұлғайып келедi. Және бұл салада белгiлi бiр жабық саясат жү­рiп жатқаны жасырын болудан қалды. Тiптi билiктiң таратқан ақпараттарының өзi ашық емес. Мәселен, Қазақстан 2012 жылы Қытайға 50 миллион тонна мұнай экспорттады. Бiрақ одан кеден­дiк баж салығының алынған-алынбағанының өзi белгiсiз. Ол туралы еш жерде ақпарат жоқ. Тек әр тонна мұнайдан 40 пен 50 доллардың көлемiндегi салық алынады деген дерек бар. Осы цифрдың өзi күлкiлi. Себебi Ресей­дегi мемлекеттiк баж салығы әр тонна мұнайдан 300 долларды құрайды. Демек, бiз тұтас мемлекет ретiнде миллиардтаған қаржыдан көз ұшында айырылып отырмыз. Ол бюджетке түсе ме, түспей ме, бұл жағы күмәндi.

Ендi құқықтық тұрғыда мұны қисынға салып көрсек, ҚР "Бәсекелестiк туралы" Заңның 12-бабына сәйкес нарықтағы үлесi 35 пайыздан асқан ком­пания үстем деп табылады. Ал бiздегi Қытайдың нақты үлесi қанша? Ол осы шамаға жетсе, одан асса не болмақ? Сонда Қазақстан нарығын кiм бақылайды? Кiм үстемдiк жүргiзедi?

Қытайдың қазақстандық мұ­найындағы үлесi Қазақстанның өзiнен де, өзге шетелдiк компаниялардан да көп. Мұндай масқаралықты қай мемлекеттен көрiп едiңiз?

Қырғыздардың өзi ел iшiндегi азғантай ше­телдiктердi қуып шықты. Бұл бiздiң ел болашағына салғырт қа­рап жүр­генiмiздiң нәти­жесi. Және бiр айта кетерлiгi Қазақстаннан сырт жерлерде тiр­келген аралық фирмалардың санында есеп жоқ. Яғни "40 пайыз" дегенiңiздiң өзi қа­рапайым ресми дерек ретiнде қала бермек.  Қытайлықтар қазақ же­рi­нен шыққан мұнайды өз елдерiне тасып, дорбалап, арқалап әке­тiп жат­қан жоқ әрине. Олар мұнайды Қазақстан же­рiнен Еуропаға тiкелей тасымалдайды. 
Бұ­­дан бұрын Қытай компаниялары 939 миллион долларға ҚазМұнайГаздың" 14,5 пайыз акциясын сатып алған. Яғни, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының үлесi­нен Қытайдың "CNPC" компаниясының үлесi асып барады. Қысқасы, елдiң мұнай-газ саласындағы басты компания "ҚазМұнайГаз" емес. Ол - "CNPC".

Негiзiнен мұнай тү­сiмдерiн реттейтiн халықаралық стандарт бойынша мұнайдың әр баррелiнен қазынаға 90 доллардың көлемiнде қаражат түсуi керек. Ал бiзге түсетiн түсiм бұл көрсеткiштен 5-6 есе кем. Бұл не деген сөз? Бұл қазынаға түсуi тиiс ақша желге ұшып жатыр деген сөз. Ол шамамен 5-6 миллиард долларды құрайды. Осының есе­бiнен мұндай пайданы Қазақстан емес, шет­ел­дiк компаниялар көруде. "Жаман үйдi қонағы билейдi" деген сөз бар қазақта. Бiз осы уа­қытқа дейiн қандай мемлекет құрдық? Ер­тең қандай мемлекет боламыз? Бар байлығымызды Қытайға берiп, алтын астауға қарап аш отыра беремiз бе? Бұл әр қазақ ойланатын сауал.

Д.Қанат.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5409