Жұма, 22 Қараша 2024
Бір сауал 3439 25 пікір 2 Желтоқсан, 2022 сағат 12:59

Президент қашан толық қазақша сөйлейді?

Ашығын айтпай, шындыққа жетпейміз!

Ел-елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.

Халық мақалы.

Кейде, көкірегіңе талайдан жиналған ойлар мен пікірлер адамның мазасын алып, еріксіз шығаруға тура келеді екен. Сондай бір қордаланған ойларды жоғарыдағылар біле жүрсін деп, қағазға түсірген едік.

Еліміздің қадірменді билігі, мемлекеттік басқару орындарына, қорғаныс саласына, сонымен қатар, қаржы жүйесіне (банктерге иелік ету), өзге ұлттарды жолатпаса екен дейміз. Неге десеңіз, бұл үш тармақ мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен ел болашағының тұрақты және мәңгілік болуы үшін аса қажетті нәрсе. Біздің ел, Америка Құрама Штаттары немесе Канада секілді мигранттардың мемлекеті емес. Сондықтан, аса сақ болу, әрдайым күн тәртібінде тұруы керек-ақ.

Айта кетейік, екінші дәрежелі банктерді өзге ұлт өкілдеріне ұстата беруді қою керек. Егер, ұлттық мемлекет боламыз десек, жоғарыда аталған жүйелерді тек қана қазақтардың қарамағына беру жөн болар еді (сонымен қоса өзге салаларды да). Қаңғырып келген гүржіні немесе орысты ол қабілетті болса да, тағайындауды тыйғанымыз жөн.

Сонан кейін, қазіргі күндері ұлтын қазақ етіп өзгерткен ұйғыр да, татар да, башқұрт та көбейді. Әрине, бұларға кір жағайық деп отырған жоқпыз. Құдай сақтасын! Дегенмен, кезінде Ұлттық банкке жетекшілік еткен К.Мәсімовтің де қазақ деп жазылғанын білеміз. Кейін, Премьер-министр болғанда да, ұлты қазақ деп баспасөздерге шығып еді. Артынан не болғанын өздеріңізде білесіздер!

Кезінде, Қазақстан Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болған Смайыл Юсупов та елімізді сатып кете жаздаған. Сондықтан да, кадрларға аса тиянақты болу қажет-ақ.  Қазіргі Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов та (қазақта Пірмат деген атты естімеппіз) қазақша жатық сөйлегенімен, оның қазақ екендігін кім анықтапты? Әрине, бұл адамды жамандайық деп тұрған жоқпыз. Бірақ, еліңнің  болашағын, қауіпсіздігін ойлаған соң, көңіліңде күдік тұрады.

Мысал ретінде келтірейін: Американың негізін ағылшындар қалағанымен, мұнда ағылшын тілі үстемдік еткенімен және президенттерінің көпшілігі (Барак Обамадан басқа) ағылшындар мен ирландықтар болса да, осы әлемдік державаның бүкіл қаржылық жүйесінің 99 пайызын еврейлер ұстап отыр. Олар, билікке келген әрбір президентке, өздерінің ұстаған түпкі мақсаттарын жүзеге асыртып келеді (Иерусалимді еврейлерге күштеп алып берген секілді). Сондықтан, билікке сұраныс ретінде айтарымыз, біздің қаржылық жүйемізді, әсіресе, банктерді өзге ұлттарға  ұстатуды шұғыл доғаруымыз керек.

Г.В.Колбин (Қазақстан Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болған) елімізден кеткен соң, осы Орталық Комитеттің қысқа мерзімде болса да, екінші хатшысының  міндетін атқарған Марат Сәмиұлы Меңдібаевтың қазақ емес екендігін естіген едім. Есілде жұмыс істеп жүргенімде, үйіміздің қасында көршіміз болған, жасы үлкен бір апайымыз, әлгі М.С. Меңдібаевтың үй-ішімен қатар бір көшеде тұрған екен. Ұмытпасам, Қарағанды жақта деген еді. Сол кісі үйге келгенде, анда-санда айтып отыратын.

«Анау Меңдібаевтардың әулеті башқұрттар», - деп. Шешесі кішкене кезінде арқасына салып, көтеріп жүретін. Кейін жоғарғы оқу орынын бітіріп, жұмыс істеп жүрген кезінде өсіп кетті ғой. Сөйтсем, құжатын қазақ қылып өзгерткен екен. Мұны да, соның өз үй-іші бірде айтып қалған болатын. Кейін, оның екінші хатшы болып тұрған кезінде, ішімнен қатты қорқушы едім. Біріншілікке тағайындалып кетеме деп. Абырой болғанда, Н.Назарбаев ел басшылығына келді ғой.

Елінің тілеуін тілеп жүретін, қатардағы қарапайым сол кісінің айтқаны сөзі, әрқашан ойымда жүреді.

Тағы бір айтарымыз, қазіргі күнгі қазақ тілінің  хал-жағдайы туралы. Біздің тіліміз мемлекеттік тіл болған соң, оның аудиториясын кеңейтіп, жоғары деңгейге жеткізуіміз керек. Бұрынғы президентіміз Н.Назарбаев, қазағы қалың облыстарға барғанда айтар ойын, пікірін қазақ тілінде айтып және баяндамасын қазақша жасаушы еді. Қазіргі билігіміз, сонау Түркістанға, Қызылордаға немесе Батыс облыстарға барса да, Абай облысында жүрсе де, алдында отырғандар тұтастай қазақ болғанымен, дайындаған баяндамасының қазақшасы кем, орысшасын көп  қылып айтудан жалықпай-ақ келеді. Егер, солтүстік облыстар болса, онда бір жөн. Айып етпесін, ашығын айтқанда, ондағылардың орысы да орыс, қазағы да орыс тілді. Біз қалай дегенмен де, Ресейліктер емес, Қазақ елі екендігімізді ұмытпауымыз керек. Төл ұлтымызға алдыменен өзінің ана тілі керек! Абай бабамыз қалам тербеген, Жамбыл атамыз жырын жырлаған қазақ тілінің абыройын төмендетпей, қайта алға дамытып, өркендетуіміз қалайда қажет!

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3224
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279