Амангелді АЙТАЛЫ, қоғам қайраткері: Біздің ұлтшылдығымыз – қазақтың мәртебесін өсіру
- Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделі қаншалықты өзін ақтай алды?
- Келісім, тұрақтылық деген ұғымдардың мәнін ашып алайық. Әлеуметтік ғылымда екі концепция қалыптасқан.
Функционализм концепциясы қоғамды салыстырмалы тұрақты құрылым, оның субъектілері (ұлттар, діндер, әлеуметтік топтар, жастар, зейнеткерлер, әйелдер мен еркектер, байлар мен кедейлер) өз қызметтерін (функцияларын) атқарып, елдің тыныштығына тырысады дейді. «Батырға да жан керек» дегендей.
Конфликтология теориясы К.Маркстан бастап, бүгінгі Р.Дарендорфқа дейін қоғам үнемі өзгерісте, қайшылықта болады, дау-жанжалдар жиі-жиі көрініс алады. Сатушы мен тұтынушы, кредит алушы мен банк, жұмыс беруші мен жұмысшы, ұлт пен ұлт, дін мен дін мүдделері үйлесе бермейді, сол сияқты мемлекеттер арасында да қайшылықтар кей-де ашық, кейде бүркемелі түрде көрініс алады. «Жау жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме, бөрік астында» дейді біздің қазақ. Неміс ғалымы Р.Дарендорф былай дейді: «Дау-жанжалдардың барлығын мойындаған, оларды жеңген адам тарихты өзінің бақылауына алады. Осы мүмкіндікті пайдаланбаған, өзіне қарсылар табады».
- Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделі қаншалықты өзін ақтай алды?
- Келісім, тұрақтылық деген ұғымдардың мәнін ашып алайық. Әлеуметтік ғылымда екі концепция қалыптасқан.
Функционализм концепциясы қоғамды салыстырмалы тұрақты құрылым, оның субъектілері (ұлттар, діндер, әлеуметтік топтар, жастар, зейнеткерлер, әйелдер мен еркектер, байлар мен кедейлер) өз қызметтерін (функцияларын) атқарып, елдің тыныштығына тырысады дейді. «Батырға да жан керек» дегендей.
Конфликтология теориясы К.Маркстан бастап, бүгінгі Р.Дарендорфқа дейін қоғам үнемі өзгерісте, қайшылықта болады, дау-жанжалдар жиі-жиі көрініс алады. Сатушы мен тұтынушы, кредит алушы мен банк, жұмыс беруші мен жұмысшы, ұлт пен ұлт, дін мен дін мүдделері үйлесе бермейді, сол сияқты мемлекеттер арасында да қайшылықтар кей-де ашық, кейде бүркемелі түрде көрініс алады. «Жау жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме, бөрік астында» дейді біздің қазақ. Неміс ғалымы Р.Дарендорф былай дейді: «Дау-жанжалдардың барлығын мойындаған, оларды жеңген адам тарихты өзінің бақылауына алады. Осы мүмкіндікті пайдаланбаған, өзіне қарсылар табады».
Қоғамда келісім мен керісу, қақтығыс пен бейбітшілік араласып, келісім кезінде қайшылықтар қордаланып, бірте-бірте дау-дамайға айналады, дау-дамайдың алдын алып, қайшылықтарды еңсерген тұста, келісімге ұласады. Ұлтаралық, әлеуметтік даулардың пайдасы да бар, олар әлеуметтік жүйенің көп қозғалмайтын адамның сүйектері, буындары сияқты семіп, қатып қалмауына, жаңаша ойлауға, жаңа жағдайға бейімделуіне, әрекет жасауға итермелейді. Ал қатып қалған тоңмойын билік шындықты мойындағысы келмесе, Жаңаөзендегі сияқты қанды оқиғалар-ға ұласады. Жаңаөзен мәселесіне үңіліп қарасақ, көптеген моноқалалардың мәселесі екенін енді білдік. Қоғамда тұрақтылыққа да, жанжалдарға да негіздер бар, тек елдің тынысын, ахуалын алдын ала танып білу қажет. Қазақстан халқы ассамблеясына ақиқат емес, аплодисмент керек сияқты.
Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық моделі дегенімізде оны ешбір мемлекетте қайталанбайтын, ерекше ноу-хау деуге болмас. Әр мемлекеттің бұл салада өзінің қайталанбас жолы, басынан өткен асулары, өкініштері мен табыстары бар. «Бүкіл әлем Қазақстаннан үлгі алып отыр деу» асырып айтқандық болар.
Марк Твен айтқандай, «тәуелсіздікке қол жеткізген ел саяси лотереяда пілді ұтқанмен бірдей, ал пілді асырау керек» деп. Жазушы тәуелсіздіктің жүгі мен жауапкершілігіне, алға ұстаған нысанаға жету жолының қауіп-қатерге, күмән мен күдікке толы екендігін меңзеп отырса керек.
Тәуелсіздік алғаннан кейін саяси, экономикалық, моральдық дағдарысты әр этнос өз ой елегінен, жан дүниесінен өткізеді. Қазақтар күні бүгінге дейін «табиғи байлық шетел байларының қолына кетті» деп алаңдаса, славян текті диаспоралар адам құқығы бұзылды деп орынсыз алаңдады. Славян тектілер мен немістер пессимистік көңіл күйге бой алдырса, қазақтар болашаққа сенімді болды. Этносаралық қатынастарды бағалауда қазақтар мен этностар өкілдерінің айырмашылықтары анық байқалды. Сол кездегі әлеуметтік зерттеулерге қарағанда, қазақтар ұлтаралық қатынастарды «достық», «бейбіт» деп сипаттаса, славян, еуропатектілер оңды баға беруге сараңдау, «әр уақытта да достық емес», «қайшылықты» деп бағалаған. Қазақтар «басқа этнос өкілдерінің ішінде достарым көп» десе, басқалар «достарым өз этносым ішінде көбірек» деген.
Еліміздің әртүрлі аймақтарында сепаратистік көңіл күй де байқалды. 1991 және 1992 жылғы этноәлеуметтік зерттеулер бойынша, Шығыс Қазақстан облысында славян тектілердің басым көпшілігі - 42,6%-ы автономия идеясын қолдап, 30,3%-ы қарсы болған. Ал Солтүстік Қазақстан саны сәйкесінше 35,5 пен 33,5% болды. Территориялық автономияны ашық қолдағандардың арасында немістер мен ұйғырлар да бар.
Қазақстанда 1989 жылы Жаңаөзенде, 1994 жылы Шығыс Қазақстанда, 2006 жылы Ақтауда, 2006 жылы Теңізде, 2007 жылы Шелекте, Маловодное, Маятаста этносаралық жаппай қақтығыстар болды. Ресейдің кейбір ғылыми басылымдары 1989 жылы Жаңаөзенде болған жағдайдың себебін күні бүгінге дейін қазақтардан көреді: «...в 1989 г. националистически настроенная часть населения вынудили работавших дагестанцев в одночасье покинуть Казахстан и вернуться в Дагестан» деп жазады кейбір басылымдар.
Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, әр эт-нос өкілдерінің бизнеске араласу мүмкіндігі, оларға өз мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтауға мүмкіншілік жасалды. Бірақ барлығы бірдей ол мүмкіндікті пайдаланған жөн, себебі қазақстандықтар бүгін де орыстанған қоғам. Көпұлтты қоғамбыз десек те, бүгін Қазақстанда мемлекет құраушы қазақ ұлтымен алты диаспора бар: орыстар, өзбектер, украиндықтар, ұйғырлар, татарлар мен немістер, осылар ел халқының 95,6 %-ын құрайды. 40-қа жуық диаспора мүшелерінің саны жүзге де жетпейді. Қытайда ХХ ғ. 50-жылдардың аяғында халық санағы жүргізілгенде, статистер ұсақ-түйектермен қосып, 500-ден астам ұлттың атын келтірген. Үкімет елдің ұлттық құрамын қайта қаратып, бір ғана ұлт қытайлықтармен қатар, қырықтан астам диаспора (қазақтарда соның ішінде) өмір сүреді деген. Біз еліміздегі халықтардың санын көбірек көрсетуге тырысамыз. Ол да бір саяси мақсат көздеуден болар: осыншама ұлттар сүттей ұйып отыр деп, оны ұлт саясатының үлкен табысы деген мақтан үшін бе деймін.
Шындығында, елімізде славян тектілер аралас некелерде тұрып негізінен орыстанғандар. Мысалы, украиндықтар, белорустар, немістер, орыстар арасында аралас некелер алпыс пайызға жетіп қалды. Оларда ана тілдерінде жазатын жазушылар, ақындар жоққа жақын, себебі олар орыстілділер. Кәрістер де орыстілді, ал татар , ұйғыр, өзбектер арасында қазақ тілі ана тілдерінен кейін екінші орында.
- Ұлтаралық қайшылықтар неден тууы мүмкін?
- Ел ішінің тыныштығы жайбарақат, қаперсіз, бейжай көңіл күйге, келісімнің сылбыр, марғау, қамсыз ахуалға ұласпағаны керек. Кейде тұрақтылық төңірегінде қарабайыр, жаттанды ресми насихат халықты жалықтырады, этносаралық келісімнің қазақстандық моделін проблемаларды мүлдем біржола шешілгендей, барлығы тап бүгінгідей бола беретіндей көреміз.
Елімізде жаңа демографиялық ахуал қалыптасты. Қазақстан екі қауымдастық (қазақтар мен орыс диаспорасы) басым болған мемлекеттен сан жағынан бір ұлт - қазақ ұлты басым елге айналды. 1999-2009 жылдар аралығында қазақтардың саны - 26,0%, өзбектер - 23,2%, ұйғырлар 6,8% өссе, орыстардың саны - 15,3%, украиндар - 39,1%, татарлар - 18,0%, немістер - 45,5% азайды. Ұлт саясатын талдағанда қазақ ұлтының мәселесі алға шығатыны анық. Бүгінгі ақпараттық заманда қазақтар өз мәртебесін кеңес заманымен салыстырып қана қоймайды. Өз деңгейін басқа мемлекет құраушы ұлттармен, олардың аштық-тоқтығымен ғана емес, басқа мемлекет құраушы ұлт мәртебесімен, ұлттың даму деңгейімен, тіл, мәдениет дамуымен салыстырады. Мемлекет ішінде қазақтар, диаспоралардың мемлекеттік тілді меңгеруін қазақты сыйлаудың индикаторы ретінде бағалайды. Ал алыс аудандарда тұратын қазақтар өздерін экономикалық-әлеуметтік жағынан дамыған өңірлермен салыстырады.
Үш тілді меңгеру мәселесі де қазақтарды ойландырады. Кейде біз ағылшын тілін меңгерген, университет бітірген, біздің жастар-ды Лондон мен Парижде күтіп отырғандай тәрбие жүргіземіз. Осының өзі мемлекеттік тілге, әсіресе, диаспора жастар арасында салқынын тигізеді. Бұл істе әлемдік тәжірибемен есептескен дұрыс. Канада лингвистерінің зерттеулеріне қарағанда, оқушыны екінші, үшінші тілге үйрету үшін сол тілдік ортада қай тілдің қуатты, қай тілдің әлсіз екенін айқындап алу қажет.
Канаданың Сен-Ламберс провинциясында ағылшын тілін ана тілі ретінде терең меңгерген оқушылар үшін француз тілі ана тіліне қауіп төндірмеген. Ана тілі - француз тілін толық меңгермеген оқушылар үшін ағылшын тілі олардың ана тілін ығыстырушы қызметін атқарған. Сондықтан екі-үш тілді меңгеру үшін оқушыларды ана тілін меңгеруіне қарай таңдаудан өткізіп, арнаулы топтарда ғана енгізу жөн. Қазіргі үш тілділік саясат Н.Хрущев заманындағы топырағының ерекшелігі-не қарамай, аймақтарға жаппай жүгері егуді талап еткен сияқты.
Ұлтаралық қайшылықтар байлық, билік, мансап-мәртебе төңірегінде де этностық топтар арасында туып жатады. Байлық, билік, мансап-мәртебе жеке адамдар ғана емес, әр этностық топ үшін де құндылық. Қазақстандық диаспоралардың бүгін мемлекеттік билікте, оның жоғары басқару органдарында орын алуға тырысатындары айқын. Қазақ-стан Парламентінде Қазақстан халқы ассамблеясы сайлаған тоғыз депутат этностардың сұраныстарын толық қанағаттандырмайтын сияқты. Тіпті ашу-ызаға толы, іштей наразылығын сыртқа шығара алмайтындар қаншама? Ресейдің ТМД институты «Қазақстандағы орыстар» атты жобаға сәйкес Қазақстанда социологиялық зерттеулер жүргізген.
Білім саласының қызметкері, өзіндік өмірлік жоспары бар, кәсіби мансаптан да үмітті, Қазақстаннан көшу ойында жоқ, жасы отыздағы шымкенттік орыс әйел көңіл күйге ерік беріп «Сен өзіңді қазақстандықпын деп есептейсің бе?» деген сауалға былай деп жауап беріпті: «Нет , я не чувствую себя казахстанкой , несмотря на то, что здесь родилась и это моя родина, я не чувствую, что президент и его «программа 2030» что-то делает для людей обычных и простых. Я вижу постоянно, что у нас везде коррупция, пойти в налоговую, пойти в финполицию, финконтроль, везде надо дать на карман и везде казахские фамилии. Никакие мы не казахстанцы. Почему-то так получается, что все руководящие должности должны занимать или казахи или корейцы, а русские нет. Я вот в суд хожу, все судьи вышли из залов на перекур, все казахи. О чем еще здесь еще можно говорить? Какие казахстанцы? А русские где? Только прислуживают и моют полы.70 школ в городе и в 68 из них казахи директора. И ждут, когда эти двое на пенсию уйдут». Бұл жерде қазақ ұлтының жемқорлық дертіне шалдығуы да ұлтаралық қатынастарға жағымсыз әсер ететіні де көрініп тұр.
- Еліміздегі халықты біріктіруші фактор қазақ тілі деп жиі қайталап жатамыз. Бұл қаншалықты ақиқат? Өйткені ана тіліміздің жағдайының өзі қазір күрделі емес пе?
- Осы тұста латын әліпбиіне көшкенде қазақ тілінің ахуалы қалай болмақ деген мәселе қоғамда қызу талқылануда. Қазақстан
ғалымдары латын әліпбиіне көшкен Түркия, Әзірбайжан және Өзбекстанның ащы сабақтарын жасырмай алға тартып жатыр. Оларды жинақтасақ мыналар:
1. Күні бүгінге латын әліпбиіне 1928 ж. көшкенмен, әлі де түрік тілінің дыбыстық қорындағы бірқатар дыбыстарды таңбалайтын түріктер әріптер әліпби жүйесіне енбей қалған. Өзбектерде де ондай мәселе бар.
2. Әзірбайжан, өзбектерді айтпағанда, түріктер сан ғасырлық араб графикаларына негізделген рухани мұраларын пайдалана алмай отыр.
3. Балалар әдебиеті тапшы.
4. Ғылыми әдебиет кирилл графикасында жазылған.
5. Мұғалімдер дайындау мәселесі өз алдына үлкен проблема.
6. Жекеменшік мекемелер іс-қағаздарын латын әліпбиіне көшіруге асықпайтын сияқты көрінеді.
7. Орыс мектептерінде, мысалы, Өзбекстанда, кирилл жазуымен білім береді.
Түрік ұлты болса, бодан емес, билеуші отарлаушы ұлт болған, олардың психология-сы бөлек, ана тілі бәріне ортақ әзірбайжандықтар мен өзбектер ана тілдерін толық меңгерген ұлттар.
Қазақстандағы жағдай өзгеше. 2009 жылғы халық санағы бойынша қазақтардың 98,3% ауызекі тілді түсінеді, 95,4% еркін оқиды, 93,2% еркін жазады деп көрсеткен. Өз басым осы деректерге сенбеймін. Бұл жерде этнопсихологиялық факторларды ескерген жөн. Кейбір санақшылар қазақтардың қазақ тілін білмесе де, білем деп көрсетуді талап еткенін айтады, неге олай? десе, «мені орыс деп жазасыңдар, ал мен орыс болғым келмейді» деген. Болмаса «қазақ тілін білмейтіндер көп» демесін деген ой айтқан. «Қазақ тілін білмесем де, оны білмейтінімді мойындауға ұялдым» дегендер бар. Сондықтан да қағазда барлығы да аман-сау, теп-тегіс. Тіл саясаты жемісін беріп жатыр деуге де жақсы. Сөз жоқ, тіл саясаты азды-көпті жетістіктерге қол жеткізді, бірақ әлі де өмірде қазақ тілін меңгермеген қазақтар аз емес, ол тілге сұраныс туғызылып отырған да жоқ. Оны міндеттейтін заң әлі жоқ, болмайтын да сияқты. Қазақтардың 92% ауызекі орыс тілін түсінеді, 83,5% еркін оқиды, 79,1% еркін жазады. Бүгін қазақ негізінен екі тілді ұлт болып отыр, ал мемлекетімізде орыс тілі басым.
Өзбекстан, Әзірбайжанмен салыстырғанда, мемлекет құраушы қазақ ұлтының отарланған ұлт екені әлі көзге ұрып тұр: 1) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл, мәдениет әлі басымдыққа ие бола алмауы;
2) азаматтық алу үшін мемлекеттік тілді білудің міндетті еместігі; 3) мемлекеттік тілді халыққа қызмет жасауға қолданбау; 4) сот жүйесі, құқық қорғау органдарының байырғы ұлттың тілін меңгермеуі, сондықтан байырғы ұлттың тілін қорғамауы. Осындай жағдайда латын әліпбиіне көшудің қандай қиындықтар туғызатыны белгілі. Бұл тек лингвистикалық емес, күрделі саяси-әлеуметтік проблема. Баспа-
сөзде латын әліпбиіне көшу бодан ел психологиясынан құтылудың бірден-бір жолы делінді. Бодандық психологияның тамыры әліпбиден тереңірек, санада, мәдениетте, дәстүрде, тәрбиеде.
Бір кезде қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берсек, ол тілді ана тілі болғандықтан қазақтар өзінен-өзі меңгеріп кетеді деп есептедік. Дегенмен, олай болмады. Бүгін де барлық қазақ латын әліпбиіне ауысады деу асығыс болар. Қазақ тілінің болашағына сенбейтін қазақ оқулықтары, ғылыми әдебиеттері, дайындығы мол мұғалімдері бар орыс мектептеріне балаларын беріп жатса, оған ешкім қарсылық жасау мүмкін емес.
Елімізде қаптаған орыстілді кирилл әліпбиіндегі бұқаралық ақпарат құралдарын қазақтардың басым көпшілігі бүгін пайдаланады және пайдалана береді. Бұл айналып келгенде тіл, мәдениет жағынан бөлінген қазақтардың жігін онан әрі тереңдетеді.
Сонымен бірге әліпби алмасуы қаншалықты Қазақстан қоғамының басын біріктіреді деген сауал туады. «Халық талабы», «қалауы» деген уәждер толықтай қазақстандықтардың көңіл күйін, талабын білдірмесе керек. Сондықтан әліпби ауыстыру ұлтішілік ғана емес, ұлтаралық жікті одан әрі тереңдетеді, әлеуметтік-саяси қайшылық-
тар туғызады.
Ең үлкен мәселе - кирилл әліпбиі тұсындағы маңызды мәдени мұрамыздың тағдыры не болмақ? Ол мұраның қазақ халқының тарихында теңдесі жоқ, орны бөлек. Кирилл әліпбиі негізінде көне мәдени мұра, ауыз әдебиеті, көркем әдебиет, ғылыми еңбектер, оқулықтар жазылды. Араб графикасынан латын графикасына, латын графикасынан кирилл әліпбиіне көшкен тұста қоғамның басым көпшілігі сауатсыз еді. Сондықтан ол реформалар қоғамның біршама бөлігіне жә-не мәдени мұрамыздың да салыстырмалы қарағанда шағын бөлігіне қатысты болды. Бүгін енді халықтың түгелдей сол мәдени мұрадан айырылып қалу қаупі бар. Оны түсіну үшін Ұлттық кітапханадағы қазақ тіліндегі каталогтарға көз жіберейік.
Жаһандану, американдану, орыстану үрдістері үлкен қарқынмен жүріп жатқан тұста, мәдени экспансия бүгін онсызда қазақ мәдениетіне қауіп төнгізіп тұрғанда, ұлттық тұғырымыз, тіліміз бен мәдениетімізден басқа тілге мәдениетке өту қатері бар.
Бүгін латын әліпбиіне көшу интернетпен байланыстырады. Латын емес, басқа графикада интернет дамып жатқан жоқ па?
Сонымен, латын әліпбиіне көшуді біз көбіне көп фонетикалық мәселелермен байланыстырып, мәдени, әлеуметтік-саяси мәселелерге мән бермей жатырмыз.
Бас-көзіне қарамай, бауырлас елдердің жағымды, жағымсыз сабақтарын сараламай, есептемей, латын әліпбиіне көшу асығыс. Тіпті 2025 жылдың өзі де ойландырса керек. Ең бастысы, қағаз емес, қазақ қазақ тілінде сөйлеп, оқып, жазып, ойлағанда ғана біз әліпби ауыстыруға кіріскеніміз жөн. Сонымен бірге оған қыруар қаржы да керек. Отаршылдықтың бір түрінен қашып, екінші отаршылдықтың құшағына енбесек болды.
- Сізді қашанда қазақтың тұтаса алмай келе жатқаны қатты алаңдататыны белгілі. Яғни ұлттық деңгейде ойланатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық құндылықтар негізінде біріккен тұтастық жоқ дегенге келісесіз бе? (Тілімізде тұтастық жоқ, қазақтілді, орыстілді дейміз. Дінімізде солай уақапшылар, зікіршілер, салафиттер деп бөлшектеніп жатыр, ұлт ұйысатын идеология жоқ т.б) Қайтпек керек?
- Биыл, ресми деректер бойынша, қазақтар елімізде 65%-ды құрады деп
Н.Назарбаев жариялады. БҰҰ өлшемі бойынша ұлттық мемлекетпіз, ел ұлттық сипат алды дегенді білдіреді. Бірақ қазақ ұлт болып ұйысты дегенді білдірмейді. Президент ең бастысы, қазақ ұлтының тұтастығын, бірлігін алға тартты.
Тарихи атамекені бар, сол жерде тұрып жатқан халықты әлі ұлт деуге болмайды. Халықтың барлығы ұлт емес. Миллиондаған халқымыз бар, біразымыз шетте, жер жағынан тоғызыншы орындамыз, бірақ тіліміздің, мәдениетіміздің, дініміздің, дәстүріміздің толық иесі емеспіз. Қазақтың статистикалық санымен толық қазақтар арасы алшақтау, сан мен сапа үйлеспей жатыр. Демек, әлі ұлттық масылдар, рухани арамтамақтар бар, олар кертартпа, қыңыр, қырсықтар. Бірақ олар өзге емес, өзіміздің қандастарымыз, оларды өңменінен итеруге болмайды. Еврейлер тарыдай шашылып, тілі, дінінен айырылғанмен, Израильде шоғырланып, ел болып отыр және қандай ел! Ұлттық мүддені қорғауда артық кетер, бірақ еврейлер ешкімнен кем түспес.
Басқа тілге ауысқан, басқа дінге өткен, әртүрлі партияға, руға, жүзге бөлінген, бірақ тегі бір, қаны бір қазақтардың басын, қазақ тілі, қазақ мәдениеті, мұсылман діні негізінде бірігу қажеттігі туып отыр. Қазақтың бірлігі біздің мақсатымыз ғана емес, сол мақсатқа жету үшін құралы, амалы. Басқа шаруалар осыдан туады.
Қазақтың бір-бірін қолдауы ұлтшылдық емес, тамыр-таныстық қазаққа пайда беретін болса қолдау керек, одан қазақ ұтылмайды. Біздің ұлтшылдығымыз - патриотизм, қазақтың мәртебесін өсіру. Шынайы интернационализм ұлтын сүюден басталады. Өзін сыйламаған, басқаны да құрметтей алмайды, басқа сөздің барлығы ақиқатты бұрмалау, алдау. Өз жанына жақындарды тарту, биологиялық та, адами да, ұлттық та орта жасау бізге де тиімді.
- Әңгімеңізге рақмет.
Сұхбаттасқан
Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ
"Айқын" газеті