Жұма, 22 Қараша 2024
Ақмылтық 3132 9 пікір 27 Қаңтар, 2023 сағат 13:52

Президент жасырын келіп, жасырын кетті ме?

Жақында Қостанай облысына президент Тоқаев мырза келіп кетті. Өте құпия түрде. Бұрын мұндай сапарлар туралы барлық БАҚ-та алдын-ала хабарланып, бүкіл жұртқа дабыл қағатын. Бұл жолғысы өзгеше. Ешкім ештеңе білмейді. Бұдан тіпті, жергілікті журналистер де тыс қалды.

Содан Мемлекет басшысы облысымыздағы бірнеше обьектілерді аралағаннан кейін, Рудный қаласына барып, ондағы жылу жүйесімен танысты. Президенттің айтуына қарағанда, бұл жұмыстың қалай жүргізіліп жатқандығын көруге әдейі келіпті. Бір қызығы, аса құпия түрде.

Сосынғы бір қызығы, сол қала әкімнің көзінше көшеде жиналып тұрған (олар Президенттің келгенін қалай білген десеңізші?) аз ғана жұрттан үйлеріндегі жылу деңгейі жайлы сұрады. Олар, әрине, бәрі тамаша екендігін қуана хабарлады.

Ал жергілікті тәуелсіз «Наша газета» деген басылымның жазуына қарағанда, бұл қаладағы жағдай анау Екібастұздағы апатты жағдайдан кем болмаған көрінеді. Ал қазірдің өзінде барлығы жөнделіп болмаған. Тоңып отырғандар әлі де жетерлік.

Қысқасы, сонау Назабаевтан қалған «өтірікті шыңдай, шынды құдай ұрғандай» етіп көрсету әдетінің жаны сірі екен. Баяғы өтірік көзге түсіп қалу үрдісі әлі жалғасып келеді. Сонда «Жаңа Қазақстан» дегеніміз де жалған болып шыққаны ма? Енді оны қайдан іздедік? Мүмкін, біреулер бір жерден көріп қалған шығар?

Жайберген Болатов

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5273