Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 3970 11 пікір 7 Ақпан, 2023 сағат 17:41

Солтүстік Қазақстан: Орыс ғалымы қазақ жеріне шүйлікті

Ресейлік көбік ауыз сарапшысымақтар Қазақстанның жеріне тағы да ауыз сала сөйледі. Бұл жолы Алексей Савватеев деген адам, деп жазды Mezgil.kz.

49 жастаға Савватеев Мәскеудің тумасы екен. математик. Профессор. Ресей Ғылым академиясының корреспондент мүшесі екен. Қайбір жылы (2019 ж.) Ресей Думасына депутаттыққа да түсіп көрген. Ара-тұра Қазақстанға да келіп, дәріс оқып жүрген.

Міне, сол Савватеев деген «білгіш» Украина, Қазақстан мен Беларусьтің территорияларына қатысты сыңаржақ пікір білдіріп, «Қазақстанның солтүстігі – Ресейдің жері» деген ескі сөзді қайта айтыпты.

Әлеуметтік желіде тараған видеода, математик деген Савватеев: «Украиндер де, беларусьтер де – орыстар. Кешіріңіз, Ростовтың орысы мен Мәскеудің орысы бір-біріне ұқсамайды. Сол секілді, олар да...», - деп сөйлейді.

Ал: «Қазақтар да орыс па?», - деп қойылған сұраққа: «Кешіріңіз, қазақтар – ұлт. Бірақ, олар біздің орбитамызда. Меніңше, оларға Ресейдің қол астында болған - жайлы. Бұл сұрақтың философиялық сарыны бар. Ресейдің кеңеюі барысын алайық. Қазақ елі олардың жеріндегі орысқа қабақ шытпаса, әзірге көңілім толады. Бірақ белгілі бір уақытқа ғана. Солтүстігік Қазақ елі дегенің - тегіс орыс. Қазақ елінің солтүстігі дегенің – Ресей», - дейді ғалымсымақ Савватаеев.

Біріншіден: Ресейлік медиа тұлға Савватеев Тәуелсіз Қазақстанның территориялық тұтастығына қауіп төндіретін сөздерді жария түрде айтып отыр. Демек, Қазақстанның құзырлы органдары Савватеевке қатысты қандай да бір шара қолдануы керек. Ал ҚР Сыртқы істер министрлігі ресми түрде сұрау салып, Ресейге ескерту жасауы керек. Әзірге, ҚР Сыртқы істер министрлігі тарапынан ешқандай реакция байқалған жоқ.

 

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377