Жұма, 29 Наурыз 2024
Алаң 2158 3 пікір 8 Ақпан, 2023 сағат 15:11

Түркиядағы қазақтардың жағдайы қалай?

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтар саны – үшке жетті. Оның бірі – Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев. Бұл туралы оның әріптесі мен ағасы мәлімдеген болатын.

Енді бүгін Мирус Құрмашевтың Түркиядағы үш әріптесі байланысқа шықпай қалды. Олардың екеуі қазақстандықтар және бірі – Түркия азаматы.

«Мируспен бірге оның үш әріптесі де байланысқа шықпай қалды: Әділ Қадырбеков, Сабина Мамадиярова, Kubilay Keskin.

Егер бір ақпарат болса, +7(702)430-20-21 нөмеріне жазуларыңызды сұраймыз», - деп жазды Astana Hub Бас директоры Мағжан Мәдиев Instagram парақшасында.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, апаттан зардап шеккен не қаза тапқан отандастарымыз туралы ақпарат жоқ. Бірақ соңғы тәулікте Түркияда оқитын балаларын іздеген бірнеше ата-ана хабарласқан. Ол ақпарттың тексеріліп жатқанын айтады. Министрлік өкілі бүгін 19 қазақстандық студент пен тағы 18 отандасымыздың елге қайтатынын жеткізді.

«Мерсин қаласындағы құрметті консул – Түркия азаматы Ахмет Будан Қазақстанның 25 азаматын, оның ішінде 19 студентті қонақ үймен қамтамасыз етті. Бүгін осы 19 қазақстандық студент құрметті консулдың ұйымдастыруымен Анкараға жеткізілді және олар бүгін кешке Анкара – Астана рейсімен Қазақстанға қайтады... Осы бортпен елге қайтуға ниет білдірген бірқатар азаматтарымызды Қазақстанға әкелу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, сағат 15:00-дегі жағдай бойынша, 18 адам елге қайтуға ниет білдірді. Қазақстанның 16 азаматы және Қырғызстанның 2 азаматы бар. Аталған борт Астанаға келеді деп күтіліп отыр. Ұшу уақыты қосымша хабарланады», - деді Айбек Смадияров.

СІМ мәліметі бойынша Қазақстанның 968 азаматы Түркияда консулдық есепте тұр. Анкарада - 498, Ыстанбұлда – 45, Анталияда -189 адам. Соңғы мәлімет бойынша Түркияда 8219 қазақстандық студент білім алуда. Ал түрік елінің дерегінше, жалпы 75 мыңға жуық қазақстандық Түркияда жүр.

Айта кетейік, Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны соңғы мәлімет бойынша 7 мыңнан асады. 40 мыңнан аса адам жарақат алған. Зардап шеккендерді құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1564
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3540