Сенбі, 23 Қараша 2024
Сайлау 2023: 2690 0 пікір 9 Ақпан, 2023 сағат 13:14

Ол сайлаудан бұл сайлаудың артығы не?

Ақпан айының 3 күні "Қазақстан заңгерлер одағы" қоғамдық бірлестігінің алда болатын Мәжіліс пен мәслихат сайлауы бойынша "Адал сайлау үшін" штаб мүшелерінің брифингі өтті. Алматы қалалық штабының жетекшісі білікті заңгер Бауыржан Мақұлбаев мырзамен 19 наурызға белгіленген кезекті сайлаудың ерекшелігі туралы аз-кем сұхбасттасқан едік.


- Президент 19 қаңтарда парламенттің 7-ші шақырылымын, жергілікті мәсилихаттарды таратып, екі сайлауды екі айдан соң бір уақытта өткізуге жарлық шығарды. Елімізде кезектен тыс сайлау өткізу сәнге айналып бара жатқандай әсер қалдырады. Сіздің ойыңыз?

- Шындығында парламент сайлауы болатынын 6 ай бұрын Президент ресми жарияланды. Тарихты таразылай қарасақ, Тәуелсіздік жылдарында өткен саяси науқандарда кандидаттар мен саяси партияларға сайлауға дайындалуға мұндай мұрсат, 6 ай мерзім берілген емес.

- Ескі сайлаулармен салыстырғанда тағы да қандай айырмашылықтар байқадыңыз?

- 2004 жылдан бастап күшінен қалған Мәжіліске кандидаттарды бір мандатты округтер бойынша сайлау жүйесінің қайта қалпына келтірілуі дер едім. Осы жолы 98 депутаттың 29-ы мажоритарлық негізде сайланғалы отыр. Енді жергілікті сайлау комиссиялары кәсіби негізде жұмыс жасайды деген сөз. Тағы да бір айта кетерлігі Мәжілістің жаңа құрамында Қазақстан Халқы ассамблеясының квотасы болмайды. Әйелдер мен жастарға, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 30 пайыздық квота мандаттарды бөлу кезінде назарға алынады.

- Парламеттегі орыннан дәмелі ескі де жаңа 7 партия бар екені белгілі. Оларға да жеңілдік қарастырылған ба?

- Иә, бар. Партиялар кандидаттарын партиялық тізіммен де, бір мандатты жүйемен де ұсына алады. Парламентке өту шегі бұрынғы 7 пайыздан 5 пайызға төмендетілді.

- Жаңа саяси өзгерістерден кейін елде жаңа екі партия ("Байтақ", "Республика") тіркелді. Саясатқа араласқысы келген Қоғам белсенділеріне де жол ашылған сияқты.

- Бұл жолғы сайлаудың басты ерекшелігі сол болып тұр. Азаматтар Мәжіліске партия, қоғамдық ұйымдар атынан ғана емес, өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік алды. Жоғарыда айтқанымдай бұндай саяси мүмкіндік 19 жылдан кейін қайта оралып отыр. Сондай-ақ сайлаушылардың да таңдау еркіндігі кеңейіп отыр. Мәжіліс пен мәсилихаттың сайлау бюллетеньдерінде алғаш рет "Барлығына қарсы" деген баған болады. Сайлаушылар бес бюллетень бойынша дауыс береді (Республикалық маңызы бар қалаларда-төрт бюлетен бойынша).

- Әңгімеңізге рақмет!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392