Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Анық 3888 4 пікір 27 Ақпан, 2023 сағат 11:20

Лукашенко Қытайға, Блинкен Орта Азияға ұшты

Украина мен Ресей қақтығысына жыл толғанда әлемдік геосаяси қытынастар басқаша бағыт алып, мемлекет басшыларының әсіресе, елшілердің жүріс-тұрысының көбейгені байқалады.

Күні кеше әлемдік БАҚ Беларусь басшысы Лукашенконың 28 ақпанда Қытайға сапарлай баратынын, ал Америка мемлекет істер хатшысы Бликеннің Орта Азияға келетінін жеткізді.

Лукашенко Қытайда екі күн ереуілдеп, мемлекет басшысы Ши төрағамен кеңес құрмақ. Путиннің сәлемін алып бара жатыр ма, ол жағы белгісіз. Оның алдында ғана Қытай сыртқы істер кеңсесінің басшысы Уаң И Маскеуге келіп, Путинмен кездескен еді. Кремль БАҚтары алдағы айларда Қытай басшысы Мәскеуге сапарлай келетін болды деп алақайлаған.

Ақ үйдің сыртқы істеріне жауапты Блинкен Астанада ОА+1 самитіне, атап айтқанда  Орталық Азия мен Америка сыртқы істер министрлік өкілдерінің ынтымақтастық жиынына қатысады. Президент Тоқаевпен кезігеді, одан ары Ташкенге барады деп күтілуде.

Лукашенконың Қытай сапарынан бұрын, өзіміз үшін Ақ үй өкілінің біз жаққа ат басын бұруы елең етерлік оқиға екені белгілі. Ресейдің Украина соғысындағы әлеуеті белгілі болғаннан кейін, саяси сарапшылар аймақта Қытайдың ықпалы артатынын жаппай жаза бастаған.

Өткен жылы Астанада өткен тәуелсіз елдер достастығы елдері жиынында Тәжікстан басшысы Рахмонның Путинге қазіргі тәуелсіз елдерге бұрынғы Кеңес одағы елдеріндей мәміле жасамауға үндеуі соның көрінісіндей болған. Путин жақындағы жолдауында қиыр шығыс арқылы Қытайға, Қазақстан арқылы Орта Азияға шығатын бағытты дамытуға баса мән берілетінін жеткізген.

Бликеннің кезекті сапары соған жауап сияқты. Байден билігі Ауғанстанды бір-ақ күнде тастап кеткен қадамдарының қандай геосаяси салдарға алып келгенін жете түсініп, сабақ алғандай. Десе де саяси сарапшылар «теңіз жолы жоқ Орта Азия елдеріне АҚШ билігі экономикалық көмек, демократиялық құндылықтар ұсынудан ары аспайды» деген пікірде. Күні кеше Бликеннің орынбасарының Өзбек билігінің балаларды мақта теруге тартуды күшінен қалдыруын оңды қадам деп бағалауы сол болжамның растығын дәлелдегендей. Десе де көңілі күпті көпшіліктің Америка мемлекет істер хатшысының сапарынан күтері көп.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048