Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3314 0 пікір 3 Сәуір, 2013 сағат 06:11

Ақорда ақ батасын берсе, “Руханият” пен “Әдiлет” ортақ отау құрмақ

Ақордадан тағы жел естi. Саяси аренада шөптiң басы тағы қимылдады. Жасыратын несi бар, дәл қазiр беделдiсi, беделсiзi бар, мақсаттысы, мақсатсызы бар, саяси партиялар қызу саудаға түсiп жатқан кез. Бұл жолы қай партияның құлағы шулап жатыр дейсiз ғой? "Руханият" пен "Әдiлеттiң" тағдыры халықтан алшақ жатқан сонау Астананың төрiндегi Ақордада талқыланып жатқан сыңайлы. Ондағы саясаттың жiлiгiн шағып, майын iшетiндер дәл осы екi партияның бiр тудың астына бiрiгу жолын ұйымдастырып жатыр деседi.

Неге? Қандай мақсатта? Бұл кiмнiң, немесе кiмдердiң бастамасы? Ақорда тағы да айласын асырып, ойын ойнамақ па? Анығы сол, бұл жоғарғы жақтан келген бұйрық. Уақыты да белгiленiп, шешiлiп қойған. Бiрiгу мерзiмi: осы сәуiр айы. Ендiгi мәселе партия мүше­лерiнiң қолдауында, дауыс беруiнде. Содан кейiн әдет­тегiнше "Саяси партиялар туралы" заң ақтарылады, бастамашыл топ құрылады, съезд... Осылайша шын-өтiрiгi аралас-құралас құжаттар жиналып, Әдiлет министрлiгiнiң қоржынына сап ете қалады. Әдiлет министрлiгi Ақордадан бұйрық болған соң, көп ойланып жатпайды, немесе партия басшыларын жүйкесiн тоздырып, сабылтпайды. Мөрiн басып, қолын қойып, заңдастырып бередi. Бұған шүбә кел­тiрмеңiз. Өйткенi, бесiктегi балаға да белгiлi, Ақорданың ақ дегенi - алғыс, қара дегенi - қарғыс.

Рәсiмдеу мәселесi әп-сәтте шешiледi-ау, көпшiлiктi бұл партияның мақсат, мiндетi қандай болмақ деген сұрақ мазалайтыны анық. Байқасаңыз, соңғы уақытта Ақорда жақтан шамадан тыс гу-гу әңгiме тарап кеттi. Басты мәселе, Назарбаев­тан кейiнгi билiк төңiрегiнде өрбiп тұр. "Руханият" пен "Әдiлеттiң" бiрiгуi жөнiнде сөз де осы "билiк басына кiм келедi?" деген мәселеден туындаған дүние. Бiлгiштер, Назарбаевтан кейiнгi билiк пре­зиденттiк емес, парла­менттiк-олигархтық республика құрылатынын айтады. Яғни билiктi жеке тұлға емес, билiк басындағы беделдi кландар жүр­гiзедi. Бұл арада атына заты сай болмаса да, көппартиялы парламенттiң рөлi зор болмақ. Ендеше, "Руханият" пен "Әдi­лет­тiң" бiрiгiп бiр партия болуы, сол партия өкiлдерiнiң парламент депутаттығына үмiткер ретiнде тiр­келуiнiң мәнi бар.

"Руханият" пен "Әдiлеттiң" бiрiгуiне кiмдер мүдделi болуы мүмкiн? Егер соңғы кезде айтылып жүрген әңгiмелерге сүйенсек, парламенттiк-олигархтық билiктi көксейтiндер қолдан жасалған жаңа партияны құруға мүдделi. Айталық, Тасмағамбетов билiк басына келуге үмiттi ме, үмiттi. Құлыбаев әлiптiң артын бағып отыр ма, отыр. Мәсiмов миығынан күлiп, билiк тiзгiнiне көз тiкпей жатыр дегенге сенесiз бе? Шүкеев тiсiн қайрап жүрген жоқ дегенге ше? Мiне, осындай артында бiр топ командасы бар үмiткерлер Назарбаевтың тақтан түскенiн аңдып, ашық болмаса да, астыртын қам жасауға кiрiсiп кетерi әбден мүмкiн.

Саясаткер Расул Жұмалының айтуынша, негiзi партиялардың бiрiгуi, әрине белгiлi бiр ортақ мүдденi көздейдi. Мәселен, сайлау алдында әлеуметтi бiрiктiру арқылы тұғырын күшейту мақсатында бiрiгедi. Кейде нақты бiр мәселелердiң төңiрегiнде бiрi­гедi. Ал дәл осы екi партияның бiрiгуiне келетiн болсақ, билiк, билiктiң партиясы "Нұр Отан", шын мәнiсiндегi оппозициялық партиялар бiрiнен-бiрi ажырап, тiркелмей жатқанда, сырттай болса да демографиялық мемлекеттiң көрiнiсi ретiнде, қолдан оппозиция жасамақ. "Мұны "Руханият" пен "Әдi­леттiң" бастамасы деп айта алмаймын, билiктiң басы-қасында отырғандардың қолдан ұйымдастырып отырған жо­басы. Егер бұл қоғамның өз iшiндегi үрдiстерден гөрi, қолдан жасалған әрекет болса, оның өмiрi ұзаққа бармайды", - дейдi Расул Жұмалы.

Асылы, бүгiнде Ақордадан, таққа үмiткерлерден тыныштық кеттi. Әсiресе, "Назарбаевтан кейiн билiк басына кiм келедi?" деген мәселе қызу талқыға түстi. Таққа үмiткерлердiң ұйқысының қашуында да мән бар. Өйткенi билiк басында бiрiн-бiрi аяқтан шалуға дайын тұрған кландық топтар бар екенi жасырын емес бүгiнде. Ал "Руханият" пен "Әдiлеттiң" бiрiгуi, билiктiң, не сол топтардың саяси амал, айласы екенi анық.

Бiз қосақталуы ықтимал бұл партиялардың жетекшiлерiмен хабарласуға күш салғанымызбен, одан нәтиже шықпады. Жұрт шулап жатқанда анық-қанығын өздерi де айтып қалар. Егер Ақорда уақыты жетпей үн шығарма деп жүрмесе.

Дилара ИСА,

Астана

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357