Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4022 0 пікір 8 Сәуір, 2013 сағат 10:03

Зейнетақы реформасы: Көшбасшы жүйенің көрімдігі

Зейнетақы қоры туралы әңгіменің мән-жайын  Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева жақсы білетін сияқты. Ол туралы сәл кейінірек.

Үкімет туралы екі түрлі түсінік бар. Өткен шақтағысы: «Үкімет өлтірмейді». Бүгінгісі: «Үкіметке сенгенше, өз күшіңе сен». Біздің Үкіметтің бір «ерекшелігі» - халықтың өзіне деген сеніміне пысқырмайды. Бұл аз десеңіз, қыстырмайды. Оның үстіне Үкімет ешкімнен ақыл сұрамайды (халықтың пікірімен санаспайды). Үкіметтің өз біліп істеген ісінің бірі - Бірыңғай мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын құру. «Қорларды бiрiктiру туралы саяси шешiм қабылданды, егер бәсекелi жүйенi қайта жасау туралы саяси шешiм қабылданатын болса, онда сәйкесiнше, біз оны да орындаймыз», - дейді Ұлттық банктің төрағасы Г.Марченко. Әрине, Марченкоға бәрібір - біріктір десе, қоса салады, бөлшектеп бәсеке құр десе, оны да істей салады. Әйелдердің зейнат жасын өсір десе, тіпті өршеленіп шыға келеді.

Марченко қатардағы орындаушының бірі делік. Сонда Үкімет бірыңғай мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы саяси шешім қабылдауға және әйелдердің зейнет жасын көтеруге нені негіз етіп алып отыр? Неліктен зейнетақы жүйесін біріктіру қажеттілігі туындады? Одан қарапайым зейнеткерге келер пайда мен зиян қандай болмақ? Бұл сауалдарға ешкім нақты әрі толымды жауап берген жоқ. Шенеунік атаулының бәріЗейнетақы қорларын бiрiктiру туралы қабылданған саяси шешiмді ақтап, оның дұрыстығын ежіктеп әрең айтып жүр. Соған қарағанда, біріктірудің түбі неге апарып соғатынын, оның қалай болатынын өздері де білмейді. Саяси шешiм қабылданған. Сонымен әңгіме бітті.

Ал, әйелдердің зейнет жасына қатысты мәселе Мәжіліске дейін жетті. Қоғамда даулы дүниеге айналды. Баспасөз күн құрғатпай жазып жатыр. Ал, министр болса, әйелдердің зейнет жасы бірден емес, бірте-бірте белгіленген межеге жетеді дейді. Бірақ, оның қалай жүзеге асып, қайтып жұмыс істейтін механизмдерін жіліктеп түсіндірмейді. Бір сөзбен айтқанда, бірыңғай мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын құру да халыққа ақпараттық түсіндірме жұмысы мүлдем жоқ. Тап бір зейнетақы жүйесі халыққа қатысы жоқ дүние секілді. Тіпті мұның астарынан «Қандай зейнетақы жүйесі болса да, сендерге бәрібір емес пе?» дегенге саятын Үкіметтің пиғылы қылтия ма қалай?!

Зейнетақы жүйесінде жинақталған қаражат не күйде дегенге келсек, оның жағдайы мәз емес көрінеді. Жалпы біздің елде зейнетақы жүйесіне аударылған ақшасының айналымы, оның қандай салада жұмыс істеп жатқандығынан қарапайы салымшы мақұрым. Яғни, салымшының зейнетақы жүйесіндегі ақшасын бақылайтын құқы жоқ. Әйтеуір, табан ет, маңдай терімен тапқан табысының бір бөлігін ай сайын аударады да, бір Құдайға тапсырады.

Ал, депутат Дариға Назарбаеваның сөзіне қарағанда, бірыңғай мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына түсетін салымшылардың ақшасы шетелдерде өзгенің кәсібінің көрігін қыздыратынға ұқсайды.

«Бұл бізді алаңдатады. Қаражатымыздың өзге елдің экономикасына жұмыс істеуіне қарсымыз», - деді депутат.  Міне, мәселе қайда! Бірыңғай мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын туралы қабылданған саяси шешімнің астарындағы ақиқат осы болып жүрмесе қайтсін.

Сөйтіп, түсіндірмесі жоқ саяси шешім мен әйелдердің зейнет жасының арасында әңкі-тәңкі болып отырмыз. Сауал көп, жауап жоқ.

Р.S.

Осыдан бір жыл бұрын ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 25-нші пленарлық отырысында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Томас Миров: «Қазақстан ТМД бойынша зейнетақы реформасында оны реттеу тұрғысынан да, зейнетақы қорларының активтері бойынша да көшбасшы мемлекет болып табылады», - деп көпірте мақтап кеткен екен. Шамасы, Миров мырза кәрі адамда бала сияқты болады ғой деп ойлап, «көшбасшы» зейнетақы жүйесі туралы әңгімесіне су қосып жіберген секілді. Әйтпесе, «көшбасшы» жүйе неғып жылға жетер-жетпес уақытты өзгеріске ұшырайды? Ол «көшбасшы» емес пе? «Көшбасшы» жүйенің жайы бүгінгідей болғанда, оның шаңын қауып қалған ТМД-ның өзге елдерінің тағдыры не болады деп адам өзі алаңдайды екен?..

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3620