Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3702 0 пікір 8 Сәуір, 2013 сағат 10:26

Интернет-конференция: Дүкенбай Досжан (Басы)

Интернет-конференциямыздың кезекті мейманы, жазушы - Дүкенбай Досжан оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдардың алғашқы легіне жауап беріп отыр.

Жазушы өз шығармашылығы хақындағы сұраққа жауап бері келіп: «Шығармашылық шаруа - тетігін басып қалса, тере жөнелетін компьютер емес. Ол көбіне көңіл күйіне, кісінің шабытына, оқыған,  тоқыған өмір тәжірибесіне көп байланысты. Саналы өмірімде онға жуық роман, жиырманың үстінде хикаят, жүз әңгіме жазсам - бұл сөз киесі қонған, дүниені бояумен, суретпен елестете білетін, қиялы бай, тоқығаны көп, жазумен ауырған кісі үшін аса көп шаруа емес. Әр шығарманы жазуға бір нәрсе түрткі, итермеші, тиек болады. Сол тиекті, итермешіні дәл тауып, қадағалап, көркем сөзбен өрмек тоқысаң - шығарма желісін ұстағаның.   Бәзбір оқырман ағайын: «Сіз сырғытып жаза бересіз бе», «жылына бір роман бітіру оңай шаруа ма», деген секілді сауал қойып хат жазып жатады. Көркемсөз тауқыметін түсінбегендіктен жазады. Шындығына үңіліп қарасақ: сөзден сөйлем, ойдан өмір, қиялдан кеңістік, болмыстан мінез, мінезден тағдыр тауқыметін туғызып, тірі сөзбен кісі бейнесін ойып келтіріп көркем шығарма жазу қиынның қиыны» екенін айтады.

 

- Сіз кімсіз?

Интернет-конференциямыздың кезекті мейманы, жазушы - Дүкенбай Досжан оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдардың алғашқы легіне жауап беріп отыр.

Жазушы өз шығармашылығы хақындағы сұраққа жауап бері келіп: «Шығармашылық шаруа - тетігін басып қалса, тере жөнелетін компьютер емес. Ол көбіне көңіл күйіне, кісінің шабытына, оқыған,  тоқыған өмір тәжірибесіне көп байланысты. Саналы өмірімде онға жуық роман, жиырманың үстінде хикаят, жүз әңгіме жазсам - бұл сөз киесі қонған, дүниені бояумен, суретпен елестете білетін, қиялы бай, тоқығаны көп, жазумен ауырған кісі үшін аса көп шаруа емес. Әр шығарманы жазуға бір нәрсе түрткі, итермеші, тиек болады. Сол тиекті, итермешіні дәл тауып, қадағалап, көркем сөзбен өрмек тоқысаң - шығарма желісін ұстағаның.   Бәзбір оқырман ағайын: «Сіз сырғытып жаза бересіз бе», «жылына бір роман бітіру оңай шаруа ма», деген секілді сауал қойып хат жазып жатады. Көркемсөз тауқыметін түсінбегендіктен жазады. Шындығына үңіліп қарасақ: сөзден сөйлем, ойдан өмір, қиялдан кеңістік, болмыстан мінез, мінезден тағдыр тауқыметін туғызып, тірі сөзбен кісі бейнесін ойып келтіріп көркем шығарма жазу қиынның қиыны» екенін айтады.

 

- Сіз кімсіз?

- Жақсы сұрақ. Кез келген өз ісіне, өз өміріне, алыс-жақын  таныс-білістеріне уақыты келгенде тура қарап тұрып жауап беретіндей болып саналы адамның көкейінде жүретін сауал. Шындығында мен кіммін осы? Саналы өмірімде не тындырдым?..ақырет таразысына салатын нем бар?

Ең әуелі - мен жазушымын. Сырт дүниені, адам қалыбын қапысыз танып, сол таным-түсінігімді тірі сөздің бояу-белгісімен мөлдіретіп суреттеп бере алатын, тірі сөз қонған адаммын. Өзіме салса дүние бейнелі образдан құралған. Құралым - тірі, бейнелі сөз. Мысалға журналист ағайын: күн батып бара жатыр деп жазса; менің баяндау машығымда: күн сүрі қазыдай еріп  көкжиекке сіңді деп баяндаймын. Қарсы беттен тау көрінді деп келтірсе; менің машығымда: маңдай алдымнан тау иықтап түрегелді деп жазамын. Дәп осылай тізіп келтіре беруге болады. Осы тұста тірі сөз қонған дегенді түсіндіре кетейін. Стилистикадан хабары бар кез келген біледі: қазақ тілі өте бай тіл, оның мүмкіндігі ұшан-теңіз, қолданыстағы ауызекі тіл, бейнелі, образды тіл, көркем әдебиет тілі, журналистикалық баян, идеомалық тіркес тілі,  т.б. сан салаға бөлініп халықтың өмір өзегіне айналады. Бас-басына синтаксистік сыйпаты жетерлік. Дүкенбай Досжан қолданысындағы сөз байлығы - көркем әдебиет тілі. Көркем әдебиет тілін құрғақ баяндау машығына, я болмаса идеомалық ділмарсыған қалыпты тіркесіне салып роман, повест жазып жүргендер адасып жүр - ондай кісілер жазушы емес.

Өз күшімді әуел баста бабалардың өшебастаған тарих ізіне жаңғыртып «Жібек жолы» романын, «Фараби», «Отырар» хикаятын жазуға жұмсадым. Сосын қазақ бейнелі сөзінің майталман шеберлері Абай, Мұхтар Әуезов тағдырана арнап ғұмырнамалық баянға ден қойдым. Өз басым бір жағы кәрі Қаратау белдеулеген, батыс бетін Қызылқұм шөлі жиектеген айтақыр, алапат ыстық жерде туып өскенмін. Сол ең күні ыстық, ең өмір сүруге қолайсыз алапат шөл даланы мекендеген жері сор, бейнеті зор, сіңіріне ілінген диқан, малшы қауымының тіршілігін қозғап «Зауал», «Дария», «Табалдырығыңа табын» атты үш роман жазыппын. Мұның сыртында әлгі сіңіріне ілініп жүріп тіршілік үшін таңның атысы, күннің батысы аралығында бел шешпей бейнет кешкен өлерменадамдарды сөйлеткен жиырманың үстінде хикая жүзге жуық әңгіме туды. Қайталаудың қажеті болмады. Бұлардың бас-басына уағында келесі мәслихат, сыни пікірлер айтылған, мақалалар жазылған.

Мен кіммін?

Негізгі кәсібімді әлгіде айтып өттім.

Сосындағы тіршілік - көбіңізге ұқсайды, ұл, қыз өсірдік, үйелмен болдық, өзімізге жетерлік дәулет жинадық.

Мал сою, үй тіршілігімен айналысу, қонақкәде рәсімі - қолдан келмейтін тіршілік. Қолдан келетіні - көлденең кезігіп шаруа айтқан кісінің жұмысына жүгіру, қалған уақытта кітап оқу, ағылып келіп жататын хат-хабарға шұқынып отырып жауап жазу, туған-туыстың көлденең шаруасына көңіл бөлу. Өзім оқыған мектептің төбесі қалың жауған қардан ойылып түсіпті, осы көктем парламент депутаттарын жағалап, соларға өтініш хат жазғызып, Қызылорда облыстық білім департаментіне мектепті жаңадан салуға ұсыныс жасаттым. 161-ші Қосүйеңкі қазақ орта мектебі жаңадан салынатын болып осы жылдың жоспарына  енді.

- Құдайға сенесіз бе? Жағымпаздыққа көзқарасыңыз қандай? Елбасыға елдегі шындықты айта аласыз ба? Қазақ елінде неге қазақтың жағдайы нашар? Осындай қазақтың тағдыры, болашағы белгісіздеу болып тұрған кезде,зиялысымақтар неге үнсіз?

- Адал сөйлеп, ақ жүруге дағдыланған мұсылманмын. Рас, елімізде жергілікті ұлттың жағдайы анау айтқан жақсы емес. Мұны облыс әкімдерінен бастап, атқа мінген шенеунік ағайындардың бәрі біледі. Негізгі мұнай, алюмений,  газ, уран, темір, көмір, вольфрам кеніш көздері шетелдік алпауыттардың қолында, бірі аз, бірі көп уақытқа мәртебелі министрліктермен келісімшарт жасап, пайда табу көзіне айналдырып, негізгі байлықты шетелдік инвестор ағайындар пайдаланып отыр.  Қаржы құйған шетелдік алпауыттар табиғи байлықты қалай пайдаланам десе - қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шағарса дегендей, пайда үлесін өз еріктерінше жұмсауға құқылы. Қазақ зиялылары барға мәз болып, аузын қу шөппен сүртіп қарап отырған жоқ; бұл туралы айтылып та, жазылып та жүр. Жергілікті ұлттың тағдыры, болашағы дегенге түн ұйқысын төрт бөліп, уәйім жеп, күңіреніп жүрген ел зиялылары жетерлік. Алдағы уақытта қиын түйіннің шешілер тұсы, қалың уәйімнің жақсы нәтижесі болар деген үміттеміз.

- Дүкенбай аға, жазуды 15 жасыңызда бастаған екенсіз. Әлі де тынбай жазып келесіз. Бір әңгімені немесе бір хикаятты қанша уақытта жазып бітіресіз? Жалпы күй талғап, жағдай таңдап жазасыз ба, әлде, шабыт келген кезде жаза бересіз бе?

- Шығармашылық шаруа - тетігін басып қалса, тере жөнелетін компьютер емес. Ол көбіне көңіл күйіне, кісінің шабытына, оқыған,  тоқыған өмір тәжірибесіне көп байланысты. Саналы өмірімде онға жуық роман, жиырманың үстінде хикаят, жүз әңгіме жазсам - бұл сөз киесі қонған, дүниені бояумен, суретпен елестете білетін, қиялы бай, тоқығаны көп, жазумен ауырған кісі үшін аса көп шаруа емес. Әр шығарманы жазуға бір нәрсе түрткі, итермеші, тиек болады. Сол тиекті, итермешіні дәл тауып, қадағалап, көркем сөзбен өрмек тоқысаң - шығарма желісін ұстағаның.   Бәзбір оқырман ағайын: «Сіз сырғытып жаза бересіз бе», «жылына бір роман бітіру оңай шаруа ма», деген секілді сауал қойып хат жазып жатады. Көркемсөз тауқыметін түсінбегендіктен жазады. Шындығына үңіліп қарасақ: сөзден сөйлем, ойдан өмір, қиялдан кеңістік, болмыстан мінез, мінезден тағдыр тауқыметін туғызып, тірі сөзбен кісі бейнесін ойып келтіріп көркем шығарма жазу қиынның қиыны. Адам бойындағы мінез, я болмаса оқыс әрекеттің себеп-салдары сағаттар, күндер, айлар бойына қиялыңда жүреді, ойыңды қозғайды; көз алдыңа қимыл күйінде елестеп маза бермейді, содан барып әрекет шындығы пісіп жетіледі. Сол шындықты қағазға түсіріп әуресің. Бір қарасаң - көкейге қонымды, өмірдің өзінен көшіріп алғандай сурет шығады. Жазу тауқыметі дегенің осы!

Көз алдыңа кейіпкердің қимыл-қалпын, әрекетін, көкейге қонымды бейнесін елестетіп отырып - бірнеше бет жазып тастағаныңды өзің де сезбей қаласың. Сан түрлі ситуация, әрекет, құлық, мінез қыры кемпірқосақ бояуындай қилы-қилы көрініс жасап қағазға түседі, көркемдіктің тірі сөздегі көрінісі осылайша дүниеге келеді. Әр шығарманың дүниеге келуі әрқилы, әртекті: әр шығарманың қағазға түсу тарихы туралы сонша беттік зерттеу мақаласын жазуға болар, бәлкім.

- Дүкенбай Досжановқа қояр пәлендей сұрағым жоқ, бір кездерде жақсы жазушы болатын. Жақсы жазушы болғандығы сол - тілі күңгірт те, өте құнарлы, ал стилі өте баптаулы болатын: "Жолбарыстың сүрлеуі", "Қызылқұмның желі не деп жылайды", "Күміс керуен" т.б. Оралханның әлемі Алтайдың қарындай аппақ болса, Дүкенбайдың әлемі Қызылқұмның құмындай қып-қызыл болатын. Яғни, өздерінің өзіндік бір қайталанбас әлемі бар жазушылар болатын. Оралхан - Қазақтың Ұлы жазушысы болып қалды. Қазіргі Дүкенбай - олай емес. Неге?

- Қазақ ғұрпында өлі мен тіріні салыстырмайды. Бәрінің таразысы - уақыт. Көркемсөз әлемінде кім ұлы болып қалады, кім оқылмай ұмытылады - оның бәрін ұлы мәртебелі уақыт өлшемі шешеді. Ешкімнің алдына ешкім шығып көрген жоқ: бүгін дабырайтып, өңештеп, аспандатып мақтаған шығарма - ертең шалдуар баланың шалшық су кешкеніндей әншейін нәрсе болып қалуы мүмкін. Сондықтан асықпаған жөн.

Бар гәп көркемдік құдіретінде. Әрине, бұл жерде өз басым бір нәрседен секем алып, сезікті секіреді дегендей, оқырман алдында ақталайын деп тұрғаным жоқ . М. Ысқақбай өзінің «Дарқан дарын» атты мақаласында «Дүкенбайда кемшілік бар ма? Әрине, бар. Кемшілік барлық классиктерде жетіп артылады» деген сөзінде шындық жатыр. Асығыс құрылған жеңіл ситуация, сыдыртпа баяндау, ойда пісіп жетілмеген пәлсапалық топшылау -жазғандарымнан  ұшырасып қалады. Әсіресе , «Дария», «Табалдырығыңа табын»  романында,  «Тілегімді бере гөр», «Қайықшы» хикаяттарында рабайсыз ұбақ-шұбақ созылған ситуация, іш пыстыратын баяндау, жер табандаған сүлесоқ суреттеу машығы жетіп  артылады. Кемшілікті шығарманы оқырманға ұсынғаннан кейін біраз уақыт өткеннен соң сезіп-біліп жағаңды ұстап өкінесің. Үстінен бір қарағаныңда әлгі кемшіліктен құтылуға тырысасың.

Ең ғанибеті - тірі сөздің ұйқасымы, жарасымы, келімсімі, райы, ырғағы өлмей, кәдуілгі көкейге қонымды табиғи тартылыс күшімен құп үйлесіп хатқа түсуінде деп ойлаймын.

Бәлкім, өзімнің ерекшелігім болар, бәлкім, әсіре мазасыздығымнан шығар - өмір бойы жетілу, үйрену үстінде келемін. Бейне, шөл қиығында бір жұтым суға ынтыққан жолаушы секілді көркемдік атты жетіп болмас, сағымша сыланып оңайлықпен ұстата қоймас құдіретті күшке ындыным құрып ынтығумен келемін. Бүгінгі жазғаннан ертеңгі күні нақтырақ, мықтырақ, пәрмендірек, кемпірқосақ бояуы секілді көзге елестетіп қана жазсам деп армандаймын. Көркемдіктің жетіп болмас, игеріп тауыса алмас кепиет-қасиеті деп  әлсін-әлі айтып жүргенім содан болар, сірә.

- Латын тіліне қалай қарайсыз?
2030 деген бағдарламаны орындап тастадық дегенге сенесіз бе?
Ұлт ұстазы Абайдың сөздерін толық түсінемін деп ойлайсыз ба?
Қазақ зиялылары неге Абайды басшылыққа алып өмір сүрмейді?

- Латын калиграфиясына көшуді жөн санаймын. Ерте ме, кеш пе, бұл таңбаға славян тұқымдас біраз халық көшеді деп ойлаймын. Мұның астарынан я саясат, я ұлтшылдық, я болмаса бір ұлттың алдында келесі ұлттың  астамшылығын іздеудің қажеті болмас. Көшу мәселесі - жаһандану үрдісінің алдымызға тартқан сыр-сияпаты, өмір талабы! Сол себепті алпыс жыл бойына хатқа түскен көркем сөзіміз, тарихымыз, өткен-кеткен шежіреміз кирилицамен қосыла ұмытылады деген бергі ауылдың байбалам сөзі ғана.

Өз басым хәкім Абайды жүрегімнің төрінде ұстап үйренген адаммын. Оған дәлел: «Абай мен Байрон» атты университетті бітірер кезде жазған диплом жұмысым, «Абай айнасы» (1995 ж.), «Абайдың рухы» (2008 ж.) атты ғұмырнамалық - пәлсапалық зерттеу кітаптарым дәлел бола алады. Бұл дүниелерді оқырман қауым жылы қабылдады,  мұның  үстіне  аталмыш кітаптарым М. Әуезов атындағы Семей Ұлттық универсиетінде, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде  дәріс ретінде оқытылады.

(Жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364