Дабыл: Жұмыссыз Ресейліктер Қазақстанға ағылуда
ЕАЭО елдерінің азаматтары Қазақстанға жұмысқа ағылып келіп жатыр. Бұл туралы LS басылымы жазыпты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі бойынша 2022 жылы ЕАЭО елдерінен Қазақстанға 76,2 мың адам келген. 2021 жылмен салыстырғанда 70,8% - ға көп, 2021 жылы 44,6 мың адам келген.
Еуразиялық одақ елдерінің ішінен Қазақстанға ең көп келген адамдар – Ресей азаматтары – 63,3 мың адам. Бұл 2021 жылы ЕАЭО-дан келген жұмысшылардың жалпы көрсеткішінен 41,9% - ға артық.
Ресейліктерден 7,2 есе аз – 8,8 мың адам Қырғызстаннан келіп, елімізде жұмысқа орналасқан. Армениядан 2,3 мың адам, Беларуссиядан 1,8 мың адам келді.
Еңбек министрлігі «ЕАЭО туралы шартқа сәйкес жұмыс берушілер ұлттық еңбек нарығын (квоталарды) қорғау жөніндегі шектеулерді ескермей, одаққа мүше елдерден жұмысшылар тарта алатынын» айтады. Одаққа кіретін елдердің азаматтарына үшінші елдердің азаматтары сияқты жұмыс істеуге рұқсат алудың қажеті жоқ.
Бұған дейін Қазақстанда ресми түрде 13,5 мың шетелдік жұмыс істеп жатқаны туралы айтылған.
2023 жылғы 1 ақпанда басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 570 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 мың рұқсат (екінші санат), мамандар үшін 7,4 мың, білікті жұмысшылар үшін 883, маусымдық жұмыстар үшін 217, корпоративтік ауыстыру шеңберінде 1,4 мың рұқсат берілген еді.
Abai.kz