Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2765 0 пікір 9 Сәуір, 2013 сағат 10:05

Интернет-конференция: Дүкенбай Досжан (жалғасы)

Интернет-конференциямыздың кезекті мейманы, жазушы - Дүкенбай Досжан оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарға жалғасты жауап беріп отыр.

Дүкенбай мырза жазушылық жайлы сұраққа жауап бері келіп: «Жазушы деген аса жоғары мәртебелі кәсіп. Бұл кәсіп - қасиетті тірі сөз қонған кісіге ғана жұғысты болады. Осы күні 2-3 кітап шығарған, я болмаса газет-журналға мақаласы жарияланған кісінің бәрі жазушы болдым, мақсатыма жеттім деп ойлайтын әдет шығыпты. Қате түсінік. Бұл жерде журналистиканы төмен санап, кемсітейін деген ойда емеспін. Ақиқаты: журналистика - болған оқиғаны болғандай, тура, дәлме-дәл жеткізетін жанр; ал, көркем әдебиет - болмысты, шындықты боямалап, әрлеп, әспеттеп, бейнелі сөзбен кемпірқосақша құбылтып беретін жанр: яғни болмысты тілдің суреті арқылы елестетіп көрсетуімен құнды» екенін айтады.

- Әңгіме, роман, хикаят жазатыныңызды білеміз. Халқыңыздың мұң-зарын, көріп жатқан әділетсіздіктерін, талап-тілектерін айтып ашық хат жазу ойыңызда жоқ па?

Интернет-конференциямыздың кезекті мейманы, жазушы - Дүкенбай Досжан оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарға жалғасты жауап беріп отыр.

Дүкенбай мырза жазушылық жайлы сұраққа жауап бері келіп: «Жазушы деген аса жоғары мәртебелі кәсіп. Бұл кәсіп - қасиетті тірі сөз қонған кісіге ғана жұғысты болады. Осы күні 2-3 кітап шығарған, я болмаса газет-журналға мақаласы жарияланған кісінің бәрі жазушы болдым, мақсатыма жеттім деп ойлайтын әдет шығыпты. Қате түсінік. Бұл жерде журналистиканы төмен санап, кемсітейін деген ойда емеспін. Ақиқаты: журналистика - болған оқиғаны болғандай, тура, дәлме-дәл жеткізетін жанр; ал, көркем әдебиет - болмысты, шындықты боямалап, әрлеп, әспеттеп, бейнелі сөзбен кемпірқосақша құбылтып беретін жанр: яғни болмысты тілдің суреті арқылы елестетіп көрсетуімен құнды» екенін айтады.

- Әңгіме, роман, хикаят жазатыныңызды білеміз. Халқыңыздың мұң-зарын, көріп жатқан әділетсіздіктерін, талап-тілектерін айтып ашық хат жазу ойыңызда жоқ па?

- Ұлтқа жаны ашыған бәзбір азаматтардың ұғымы біржақты:  кім мінбеге шығып, жұдырығымен ауаны түйгіштеп оппозицияның сөзін сөйлесе, я болмаса бір жапырақ жекеменшік газетке байбалам салып мақала жазса - соны ұлтқа жаны ашыған деп ойлайды. Ал үндемей жүріп үйдей іс бітірген адамды сырттай қарап жүріп: «үндемей қалды», «аузын буған өгіздей» деп күстаналаудан тыйылмайды. Негізінен бұлай топшылау мүлде теріс көзқарас. Бұл жерде ақталайын деп тұрғам жоқ. Жазушы А. И. Солженицин «Русьті қалай қайта құру қажет» деген мақаласын жазған кезде АҚШ-та, Вермонд қалашығында тұрған болатын. Біраз наразылық туғызып шу жасаған әлгі мақаласы жарық көрген кезде өз басым  Америкада тұратын жазушыға наразылық хатын жазған едім. Ол кісі: «Менің кейбір болжамдарым теріс көзқарас туғызуы мүмкін, бұл жөнінде бәзбір оқырманның алдында кешірім сұраймын», деп жауап жазған болатын. Мұны бір деп қойыңыз.

1961 жылы Алматыдағы ҚазГУ-дің студентіміз. КСРО атты алып мемлекеттің басында отырған Н.С. Хрущев Қазақстанның байрығы облыстарын «өлке» деп атап, «Оңтүстік өлкесі» деп, оған үш облысты, «Целиноград өлкесі» деп атап, оған солтүстік қазақстанды алып жатқан  үш облыстың күллі құзіретін біріктіріп... қалған облыстарда да жойып... өлкеге айналдыру туралы қаулы шығара бастады. Түпкі мақсаты - әлгі  өлкелерді келешегі ресейдің құрамдас бөлігі етіп жіберу еді. Бұл саясатқа қарсы болған біраз студенттер - ішінде өзім де бармын - бұлай етуге болмайды, біз Қазақстанды бөлшектеп, бұтарлап, өлке жасауға қарсымыз деп, көпшілік жүретін жерге үнпарақ тарату ісімен айналысқан едік. Бұл әрекетімізді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері дер кезінде айғақтап, шетімізден ұстап, жоғарғы оқудан шығарамыз деп қоқанлоққы жасап жазалағаны осы күнге дейін ұмытылмайды.

Қисынды әрекетімізді кейінше отставкіге шыққан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қабулов есімді полковнигі өз естелігінде қиыстырып келтіріп жазғанын жұрттың бәрі оқыды.

Жоғарыдағы келтірілген сауалда «халқыңыздың мұң-зарын» ашық хат ретінде жоғарыға жазу ойыңызда жоқ па дейді.Зер салып оқыған кісіге менің қаламымнан шыққан жүзге жуық әңгімелердің басым көпшілігі осы жүрген қазақтың қою мұңы, зар кешкен тіршілігі, өмірінде өшіп бітпейтін ұлы сағынышы, әділетсіздік көруі... сол әділетсіздікке қарсы қисынды, қисынсыз әрекеті... жан ашуы... опынысы... өкініші көркем сөзбен хатқа түскен. Өз ойымша жалаң айқайдан гөрі кейіпкер жанын тебірентетін тірі сөзбен көзге елестетіп беру - әрі әсерлі, әрі пәрменді деп ойлаймын. Өз басым өмір бойына қадым қазақтың қаны шыққан, жүрек сыздатқан жан ашуын тәспіше тізіп жазып келемін.   Көркем әдебиеттің құдіреті де осы ма деп топшылаймын.

- Дүке, кім не десе о десін, жазатын және оқылатын - оқырманы бар жазушысыз. Қазақстанда 700 жазушы бар - дейтін "аңыз" әңгімеге, ақ сөйлер қаламгер ретінде, сенесіз бе? Европадағы бір жындыхананың маңдайшасында - "бұл қапаста жатқандардың жартысы осында жатуға тиісті еместер, ал еркіндікте жүргендердің жартысы ол арада жүруге тиісті еместер"- дейтін сөз ілулі тұр дейді, көргендер. Маған осы сөздердің әсер еткендігі соншалық, кейінгі жылдары мінез-құлқым мүлдем өзгерді-ашуланшақ, өкпешіл едім, енді оның бәрі артта қалды, көп іске "түсіністікпен" қарайтын, тіптен ешкімге өкпелемейтін болдым. Сөз құдыреті дегеніміз осы ма? Таққа таласқан, немесе оны тартып алған кездеріңіз болды ма?

- Жазушы деген аса жоғары мәртебелі кәсіп. Бұл кәсіп - қасиетті тірі сөз қонған кісіге ғана жұғысты болады. Осы күні 2-3 кітап шығарған, я болмаса газет-журналға мақаласы жарияланған кісінің бәрі жазушы болдым, мақсатыма жеттім деп ойлайтын әдет шығыпты. Қате түсінік. Бұл жерде журналистиканы төмен санап, кемсітейін деген ойда емеспін. Ақиқаты: журналистика - болған оқиғаны болғандай, тура, дәлме-дәл жеткізетін жанр; ал, көркем әдебиет - болмысты, шындықты боямалап, әрлеп, әспеттеп, бейнелі сөзбен кемпірқосақша құбылтып беретін жанр: яғни болмысты тілдің суреті арқылы елестетіп көрсетуімен құнды. Тілдегі сурет қай қиылыста... нендей сәуледе... қандай құбылыста... нендей шеберлікпен... көз алдыңызға құбылған көрініс жасайды - бұл жәйіт жазушының кәнігі шеберлігіне (профессионализм) сайып жатады. Сол себепті жазушылық, жазушымын деген сөзге әсіре абай болған ләзім. Жоғарыда сауал қойған жігітіміздің ойына от салып, жүрегін қозғаған жәйіт - сол баяғы көркем сөздің құдіретінен, бәлкім. Өз басым өмір бойы көркем, тірі, бейнелі, әсерлі сөзден қадалып отырып өрмек тоқығаннан өзге тірлікке ат басын бұрған жан емеспін.

Нанбасаңыз: өмірбаянымды шолып шығыңыз. Уағында  бір кісідей шахмат ойнаған екенмін: уақытты аяусыз жұтатын болған соң - ол ойыннан жеріп шықтым. Жерлестерім преферанс үйретті,  қолым шығып, ақшаға құныға бастаған бетте - алтынға парапар  уақытымды қимай әлгі ойыннан  ат құйрығын үзгенім бар. Ақселеу Сейдімбек құрдасым қоймай жүріп әрі қан айналысыңа жақсы болады, әрі жолдас-жораң көбейеді деп тастыаяқ үйретті: ол құрғырың қымбат уақыттың жұты болып елестеген соң - қағынан жеріген байталдай, оны-дағы қойып кеттім. Аңға шықпаймын, балық ауламаймын, қонаққа баруға құлқым жоқ. Бұл көңілсіз дүниеден не қызық табасыз деген сауал көлденеңдейді.

Қызығы сол... баяғы алдыма темірқазық етіп ұстап ұстаз тұтқан классик қаламгерлерді қайталап оқу... сол баяғы ертеңді-кеш өзіңді-өзің іштей кеміріп, сұрау белгісіне ұқсап шаншылып отырып қағазға қадалу... көз алдыңа елестеген мінез құбылысын, тіршілік жосығын жайлап қана қадым сөзге айналдыру... кейіпкер мінезімен шарпысу,  ұғысу, үңілу... жын иектеген бақсыға ұқсап өзіңмен-өзің отырып күңірене күйініп тірі сөздің астарына үңілу -тіршілік  қызығы осы ғана болып барады!

(Жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383