Прокуратураның мәліметінше, кейінгі үш жылда елдің құқық қорғау органдары қылмыс жасады деген күдікпен 3 мыңнан астам адамды іздестірген.
Қазірге дейін оның 500-і ұсталған, оның ішінде шетелде ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланғандар да бар.
– Қазір 2500 адам іздестіріліп жатыр. Оның 400-і "алаяқтық жасады", 250-і "ұрлық жасады" деген күдікке ілінген. "Ауыр және аса ауыр қылмыс жасады" деген күдікке ілінген 250 адам іздеу жарияланғаннан кейін ұсталды. Шет мемлекеттермен ынтымақтастық нәтижесінде іздеудегі 600 күдіктінің жүрген жері анықталды, олардың көбі Ресейде, АҚШ-та, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Қырғызстан, Өзбекстан және Украинада жасырынып жүр, – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Abai.kz