Сырым Дат. Өрт пен сот
Бірнеше апта бұрын елдің астанасындағы Төтенше жағдайлар департаментінен бір күнде 66 өрт сөндіруші жұмыстан қуылып, Қазақстанның аталмыш саласы рекорд жасағанын жарияладық. Әрине, бұл 66 жігіттің ғана жанұялық немесе әлеуметтік мәселесі еместігі белгілі. Бұл мемлекеттік ауқымдағы өрт деуге болатындай жайт.
Біріншіден, астаналық департамент соңғы 10-15 жыл бойы өртте шыныққан түрлі маманды бір күнде таба алмасы белгілі. Сала қызметтік қауқардан бірнеше жылға кейін шегерілмесе де, сапалық жағынан айтарлықтай нұқсан келтірілді. Естуімізше, департамент басшылығы бөлімшелерді мамандастыру жағынан қатты қиналыста көрінеді. Себебі, аттестациялық сынақтан өткен 66 адамды бір күнде де, бір айда да табу мүмкін емес.
Екіншіден, жұмыссыздық көбейіп, әлеуметтік жағдай ушығып, бай мен кедей арасындағы әлемдік өлшеу коэфициенті елімізде 6%-ға жетуіне (10 болса, әлеуметтік жарылысқа апарады) үлес қосу мемлекеттің өзінің мекемесінде атқарылып отыр.
Үшіншіден, аталмыш төтенше жайттың салдары азаматтық-әлеуметтік ақуалды әлсіретті, құқықтық-әлеуметтік мемлекет орнатамыз деген жасанды мақтан саясаттың орашолақтығын әшкереледі. Бұған бүлк еткен ішкі саясат органдары болмады.

Төртіншіден, қолданыстағы заң мен әлеуметтік өмірдің алшақтығы бүтін бір ТЖ саласындағы осы түйткілден көрініс тапты. Теріс заңның ел азаматтарына өмір сүруді қиындатып қоймай, Ата заңда айтылған әркімнің еркін өмір сүру қабылетіне қол сұғудың Қазақстанда заң жүзінде атқарылатынына тағы да көз жетті. Жемқорлық туралы заң бойынша бала-шағаңды асырау үшін сондай санаттағы қосымша жұмыс істеу де жемқорлыққа жатып, мемлекетті миллондап тонау қылмысының сапына жатқызылады екен...
Бесіншіден, өрт сөндірушілерге мемлекеттік қызметтің заңды талабы қойылып, бірақ оларға мемлекеттік қызметкерге жасалатын жағдайдың жүрмейтіндігі әшкере болды. Жұмыстан босаған қызметшілерді бір де бір мемлекеттік құзырлы орган, оның ішінде Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік те іздеген жоқ, қақыларын қорғаған жоқ. Керісінше, оларды іздеп сабылып, шағымданудың соңы соттың күлді-көмеш шешімімен бітетін түрі анық. Шала-шарпы болса да, заңға бағынбайтын соттың жоқ екені белгілі.
Алтыншыдан, өрт сөндірушілер қызмет санаты жағынан мемлекеттік қызметке жатқызылып, ал еңбек санаты бойынша құқыққорғау саласына тиісті көрінеді.Бұл дегеніңіз - олар әскери қызметке теңестірілген төтенше жағдайда қызмет етіп, құқық саласының кеңсе қызметшісінің нәпәқасын алады деген сөз.
Жетіншіден, біздің елде қандай әлеуметтік ойсырау болса да, мемлекеттік деңгейдегі сараптаудың жоқтығын, ешкімнің бүлк етпейтіндігін көрсетті. Аталмыш жайт, өткен ғасырдың 90-жылдары біздің билігіміз аңсаған америкалық жабайы капитализмнің бізде жабайылана түскен түрі орныққанын көрсетіп отыр. Ал, нағыз капитализмге тән қоғамды үйлестіретін ішкі тетіктер қалғып-мүлгіген, алдарына келген шала заң жобаларға дауыс бере салатын, «сайлана салған» парламенттің құқайын 66 азамат қана емес, бүкіл ел тартып отырғанына көзіміз талай жетіп жүр. Талай өрттің ошағы сотты жағалап жүр...
Abai.kz