Жексенбі, 24 Қараша 2024
Деп жатыр 2885 13 пікір 14 Сәуір, 2023 сағат 15:04

АЭС: Қазақстан құрылысты кімге сеніп тапсырады?

Қазақстанда АЭС салуды Ресей енді түсінде көруі мүмкін. Өйткені АҚШ Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясының құрамына кіретін кәсіпорындарға қарсы санкция жариялады. Нақтырақ айтсақ, Росатом жобаларын шетелде дамытуға жауапты «Русатом Оверсиз» компаниясына бірқатар шектеу қойды.

АҚШ Ресей мен оның 34 жеке және 120-дан астам заңды тұлғасына қарсы санкция салды. АҚШ Қаржы министрлігі бұл тізімді 12 сәуірде жариялады.  Америкадан кейін, іле-шала Еуроодақ Росатомға санкция салу туралы талқылаудыы бастап та кетті. Қазір оған Венгрия ғана қарсы болып жатыр. Олардың сөзінше, Росатом Венгриядағы «Пешт» атом электр станциясы құрылысын аяқтауға тиіс. Литва болса, Росатомның Венгриядағы қызметіне ғана рұқсат беріп, қалған істеріне санкция салу керек деген ұстанымда.

Қазақстанның мұндай ірі жобаны санкция салынып, жан алқымға келген компанияға тапсыра алмайтыны бесенеден белгілі.  Солай жасаса, ол Батыстың алдында санкция режимін бұзған боп есептеледі. Осынау жағдайға позитивті тұрғыдан қарасақ, бұл – Кремльдің ықпалынан құтылудың таптырмас сылтауы. Сондай-ақ, Қазақстанда АЭС салуға үміткер ретінде Франция, Оңтүстік Корея мен Қытай компаниялары қалады. Франция мен Қытайдың технологиясы бір – EPR-1200. Ал Қазақстан – осы технология бойынша АЭС-терге ядролық отын дайындайтын ел. Сол себепті ядролық отынға қатысты мәселе туындамайды.  Алайда АЭС-ті Франция салса, ол еліміз үшін қымбатқа түседі. Қытайдың бізге қарайлауға әзір шамасы жоқ. Өйткені өз елдерінде 50 АЭС салуы керек.

Қазақстан үшін ең арзаны да, ең қауіпсізі де Оңтүстік Корея болып тұр. Оңтүстік Кореяға қазақ атомшыларының да бүйрегі бұрады. Бір әттеген-айы, аталған елдің технологиясы бойынша ядролық отын дайындауды игермегеніміз ғана аяғымызға тұсау салады.  Дегенмен Оңтүстік Корея технологиясын бізге беруге дайын екенін ресми мәлімдеді. Егер расымен келіссе, онда Өскемендегі Үлбі меаллургия зауытының базасында қазір Қытайға АЭС отынын жасап жатқан «Үлбі-ТВС» сияқты тағы бір зауыт салуға болады.

Қазір Оңтүстік Кореяның АЭС технологиясы үшінші буынды APR-1400 реакторларына негізделген. Бұл қуатты, қауіпсіздігі өте тамаша, жаңа реактр: 1400МВт қуат береді. Балқашқа осындай 4 реактор (бір АЭС), Курчатовқа 4 реактор (бір АЭС), Шардараға 2 реактор (бір мини АЭС) қойып, болашақтың бар проблемасын  шешіп алуға болады.

APR-1400 (Advanced Power Reactor 1400 MW electrity) – Korea Reactor Power Corprotion (KEPCO) ядролық корпорациясы әзірлеген қысымды судағы ядролық реактор. Бұл реактор үшінші буынды, яғни жаңа деп саналады. Ол өз уақытында ең қауіпсіз деп танылған OPR-1000 негізінде әзірленген. Қауіпсіз болғандықтан АҚШ пен Еуроодақ оған сертификат беріп, әлемнің кез келген нүктесінде тұрғызуға рұқсат берді.

Қазақстан уақыт созбай бір шешімге келуі керек. Бұл шешім – Кремль мен Ақорданың арасына сына қағуы да, тіпті керісінше болуы да әбден мүмкін. Қазақ – атом, ядролық технологияларды жетік меңгерген ұлттардың қатарына жатады. Қазір Қазақстанда үш тәжірибелік атом реакторы жұмыс істеп тұр. Курчатов қаласында «КТМ – Токамак» – термоядролық құрылғы. Көп ел магнитты катушкадағы ториалды ядролық камерамызда тәжірибел өткізіп жүр.

Асылан Қуанышұлы

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618