Жексенбі, 25 Мамыр 2025
2511 0 пікір 26 Сәуір, 2023 сағат 11:37

Қазақстанның байы мен кедейінің жейтін асындағы айырмашылық қанша пайыз?

Қазақстанның бақуатты азаматы бір жылда кедей тұрғынға қарағанда үш есе көп ет жейді. Бұл туралы LS басылымы жазыпты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, ең ауқатты халықтың 10 пайызының бір адамы жылына 162,7 келі нан мен жарма жейді. Ал әл-ауқаты төмен топтың 10% тұрғыны – 106,3 кг нан мен жарма өнімін тұтынады.

Қалталы қазақстандықтар жылына 135,6 келі ет жесе, тұрмысы төмен кісілер 42,9 келі етті қанағат тұтады екен. Сонымен қатар, бір бай жылына 125,5 кг көкөніс (картопты қоспағанда) пен 326 дана жұмыртқаны азық қылса, бір кедей 50,8 кг көкөніс (картопты қоспағанда) пен 107,8 жұмыртқа тұтынады.

Айта кету керек, жалпы жұрт былтыр 2021 жылмен салыстырғанда жұмыртқадан басқа өнім түрлерін тұтынуды азайтқан.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2880
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4618