Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1180 0 пікір 22 Мамыр, 2023 сағат 15:12

Ассамблеяның және оның институттарын нығайту ісі алға басуда

Қазақстандық ауызбіршіліктің бірегей моделін дамытуда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі зор. Жаһанда тұрақсыз геосаяси жағдай туындап, жер шарының түкпір-түкпірін соғыс оты шарпып отырған кезеңде еліміздің бірлігі, бірттастығы алдыңғы орынға шығары сөзсіз. Осындай кезеңде Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін жемісті атқарып отыр.

Тәуелсіздіктің алғашқы ақ таңдарын тұңғыш президент осынау азаматтық қоғам институтын құрған болатын. Ассамблея көпұлтты еліміздегі барлық адамның бостандықтары мен құқытарын қорғауды басты мақсаты етіп алған. Қазіргі таңда Қазақтан қоғамдық келісімнің, халық бірлігінің үлгісін көрсетін әлемдік державаларға үлгі болып отыр. Олай дейтініміз кейбір елдерде көпұлттың басын қосып, бірлікте өмір сүру проблемаға айналып отыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясы бірліктің жалпыұлттық бірегей моделін тек ел ішінде емес, шекарадан тыс жерлерде де танытып отыр. Бүгінгі таңда Ассамблея мүшелеріне жүктелген жауапкершілік көп. «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңға сай, мемлекет азаматтарына қатысты кез-келген кемсітушіліктің жолын кесу, бейбітшілікпен келісімді нығайту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты орнату сияқты жауапкершілігі зор дүниелермен айналысуы керек.

Ассамблеяның негізгі мақсаттарының біріне тоқталсақ, ол қазақ халқының шоғырландырушы рөлі арқылы Қазақстан этностарының азаматтық және рухани-мәдени тұтастығы негізінде Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, патриотизмді қамтамасыз ету.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңның 5-бабында Ассамблея қызметінің негізгі қағидаттарының бірі «шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сенім-нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге мән-жайларға байланысты қандай да бір кемсітушілікке жол бермеу» болып табылады.

28 жылдың ішінде Ассамблеяның атқарар қызметінің ауаны едәуір кеңейді. Бүгінгі таңда Ассамблея тек бүкіл өзге ұлттардың мүддесін қорғаумен қатар, тіл үйрету, қайырымдылық институттарын нығайту, медиация, сонымен бірге еліміздің этномәдени бірлестіктерді аккредиттеумен айналысады. Жалпыұлттық ауызбіршілікті, қоғамдық келісімді орнату әрі дамыту бойынша мемлекеттік саясатты даярлауға және іске асыруға көмектеседі.  Осы ретте Ассамблея ТМД елдерінде баламасы жоқ, бірегей институт екенін айта кету керек.

Ассамблеяның тағы бір функциясы, қазақстандық патриотизмді дамыту, осы бағытта Ассамблея жастармен белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

Қазір Қазақстанның барлық аймағында Достық үйлері жұмыс істеп тұр. Елордада тұңғыш президенттің тапсырмасымен салынған Бейбітшілік және келісім сарайы да қызмет істеп тұр. Ол жерде маңызды жиындар, ҚХА-ның әр жыл сайын өтетін сессиялары, дәстүрлі әлемдік діндердің съездері өтікізіледі. Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілдің және басқа да ұлттардың тілдерінің қолдану аясына, этносаралық қарым-қатынастарға мониторинг жүргізіп отыратын орган.

ҚХА мүшелері мемлекеттік ұлттық саясат мәселелері бойынша заң жобаларының қоғамдық-саяси сараптамасына қатысады, келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, этносаралық қатынастар саласындағы жанжалды жағдайлардың алдын алу бойынша ұсынымдар әзірлейді және практикалық шараларды іске асырады.

Қоғамдағы экстремизм мен радикализмнің белгілеріне, адамның құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіруге бағытталған іс-әрекеттерге қарсы қимылда мемлекеттке жәрдемдесу Ассамблеяның бір міндеті болып табылады.

Ассамблея аясында этносаралық қатынастар бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің диалогын ұйымдастыратын конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері туралы бөлек айта кеткен жөн. Олар ҚХА-ның мақсат-міндеттерін бірге алып жүретін коммерциялық емес ұйымдар. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері қызметі азаматтардың белсенділігі мен әуесқойлығын дамытумен, дәстүрлерді, тілдер мен мәдениетті сақтау, дамытумен айналысады.

Ассамблеяның функциясы күрделенген сайын, көптеген тетіктерді жаңалау қажеттігі туды. Сол себепті былтыр Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітілді. Тұжырымдама қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісім саясатын қамтамасыз етудің негізгі идеологиялық тетіктерінің бірі ретінде Ассамблея қызметін қамтамасыз етуге арналған.

Сондай-ақ, Ассамблея азаматтық қоғам институттарының, мемлекеттік органдардың, ғылыми және шығармашылық қауымның, жастардың қоғамды интеграциялау, Қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайту мәселелері бойынша кең ауқымды өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік және ақпараттық алаң ретінде дамиды.

Ассамблеяның және оның институттарын нығайту төмендегідей негізгі бағыттармен іске асады:

кез келген сыртқы жанжал әлеуетін ҚР аумағына және оның азаматтарына көшіру әрекеттеріне жүйелі қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша шетелдік әріптестермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру; этносаралық ахуалдың шиеленісуіне, этникалық кикілжіңге ұласуы мүмкін жанжалдарға жедел назар аудару бойынша құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмысты жандандыру және өзектендіру, сондай-ақ олардың алдын алу шараларының жүйесін құру; этносаралық іс-қимыл мен келісімді нығайтудың маңызды құралы ретінде ҚХА жұмысын жетілдіру, сондай-ақ оның қоғамдағы барлық институттарының бірлік пен келісім саясаты, этностарды интеграциялау, этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде қоғамда мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша ағартушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы бүкіл этносотық топтарды біртұтас азаматтық ұлтқа интеграциялау жөніндегі көпжоспарлы жұмысты күшейту; ақпараттық өрісте таратылатын этносаралық қатынастар саласындағы теріс дүниетанымдық көзқарастарды бейтараптандыру мақсатында халық арасында Ассамблея институттарының, Достық үйлерінің, мемлекеттік органдар мен мекемелердің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын іске асыру; қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында Ассамблея институттарының мемлекеттік органдармен және өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылының жаңа тетіктерін енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту тетігі ретінде әлеуметтік саладағы қайырымдылық, медиация, волонтерлікті дамытуға жәрдемдесу, этносаралық қатынастарды нығайтудағы ҚХА жұмысын жүйелендіру және рөлін күшейту; қоғамдық сананы жаңғырту басымдықтарын іске асыру, қоғамда прогрессивті адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру жөніндегі ҚХА қызметін жетілдіру.

Сурет: ғаламтордан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419