Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 1683 4 пікір 7 Маусым, 2023 сағат 16:17

Қырымға кеткен балалар оралды. Министр не дейді?

Қырымға демалысқа кеткен қазақстандық балалар елге аман-есен оралды. Осылай деп Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

Ведомство басшысы болашақта балалар шетелге тек министрліктің рұқсатымен жіберілетін айтады.

«Балалар аман оралды. Ата-аналары күтіп алды. Бұл жерде балалар ата-анасының рұқсатымен жіберілгенін түсіну керек. Енді болашақта Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығынсыз және Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің рұқсатынсыз балалар шетелге жіберілмейтін болады. Мұғалім тиісті жазасын алды», - дейді Ғани Бейсембаев.

Бұған дейін балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Қырымға балаларды жіберу туралы шешімді олардың ата-аналары қабылдаған. Олар бұл туралы ешқандай білім беру ұйымдарына, басқармаларға тіпті комитетке хабарламаған көрінеді. 

«Комитет күн сайын ол балалармен байланыста. Олар 28 мамырда елге оралады деп жоспарланып отыр. Оларды тағатсыздана күтеміз. Бүгінде олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Көңіл күйлері, эмоционалдық жағдайы жақсы. Себебі балалардың қасында ата-анасы бар. (...) Біз өз баламызды жіберер ме едік? Әрине, жоқ. Себебі ол аймақтағы жағдай ауыр», - деген еді комитет төрағасы Насымжан Оспанова ОКҚ брифингінде.

Қазақстан мектеп оқушыларының соғыс аймағындағы лагерге кеткені туралы 7 мамырда белгілі болған. Бұл туралы Астанадағы Орыс үйінің Instagram-парақшасында "жарыста жеңімпаз атанған 10 оқушы аннексияланған Қырымға 24 күнге жіберілетіні" жазылды. 

Оқу-ағарту министрлігі өкілдерінің айтуынша, Уoungreaders.ru сайтында проза оқырмандарына арналған «Жанды классика» халықаралық байқауы өткен. Өткізілген байқаудың қорытындысы бойынша 10 қазақстандық оқушы Қырымдағы «Артек» халықаралық балалар орталығына жолдама алған. Балалардың ата-аналары мектеп басшыларының келісімінсіз, сайтқа өтінім беріп, байқауға қатысуға өз бетінше ниет білдіргенін айтты. Ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың жауапкершілігі туралы қолхат алынған.

Еске сала кетейік, Ресейлік басылымдардың мәліметіне сенсек, қазіргі уақытта Қырым өрт пен жарылыс ошағына айналған.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3232
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341