Бейсенбі, 18 Шілде 2024
Ауыс-түйіс 2538 9 пікір 8 Маусым, 2023 сағат 12:08

Көлгінов енді немен айналыспақ?..

Сурет: Владислав Воднев

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Көлгінов Премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылды. Оның орнына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова барды. Көлгіновтың саяси мансабы қалай жалғасатыны әзірге белгісіз. Оның жеке кәсіпкерлікке бет бұратыны туралы да айтылады, дегенмен нақты ақпарат жоқ. Бұл туралы Политпросвет.kz телеграм арнасы жазады.

45 жастағы Алтай Көлгінов Қожа Ахмет  Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқыған.  Ол сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып, Абердин Британ университетінде құқық магистрі дәрежесін алып шықты.

Ол еңбек жолын Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығында бастаған, кейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының прокуроры болды.

2003-2007 жылдары Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басқарма басшысының орынбасары, бір жылға жуық Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілерді талдау және әзірлеу басқармасының бастығы болды. 2008 жылы «Алаш Медиа Групп» ЖШС жеке компаниясы бас директордың құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған.

2010 жылы мемлекеттік қызметке оралып, Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық – ұйымдастыру жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды. Одан кейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Орал қаласының әкімі, Батыс Қазақстан облысының әкімі және Астана қаласының әкімі болды.

2022 жылдың қыркүйегінде Алтай Көлгінов Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Бір қызығы Көлгінов екі күн бұрын елорда әкімі болған кезіндегі құрылысқа қатысты айыптауларға жауап беріп, өткенді есіне алған болатын.

«Елорда экономикасының негізгі драйвері - құрылыс, сонымен қатар шағын және орта бизнес саласы. Сондықтан мемлекеттік органдардың алдында ең әуелі инвестиция тарту міндеті тұр. Астаналықтарды тұрғын үймен қамту да маңызды. Тек 2021 жылдың өзінде Отбасы банкі арқылы кезекте тұрғандар мен салымшыларға 10 мың пәтер берілді. Оның 7 мыңы - кезекте тұрғандарға. Егер сіздерде құрылыс, тұрғын үй салу бойынша нақты фактілер болса, тыңдауға дайынбыз. Фактілер бұрмаланбай, нақты жоба бойынша келтірілгені жөн. Жалпы құрылысқа қатысты сұрақтар бойынша қала әкімдігіне хабарласыңыз. Мен өткен жылдан бері елорда әкімі емеспін», - деді Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар журналистер елорда тұрғындарының “Сізді Көлгінов – 20 пайыз" деп атайтынын білесіз бе?”, деген сұрақ қойды.

Көлгінов қала тұрғындарының сынына ашуланып, әкім кезінде жұмысын адал атқарғанын, ал айтылып жүрген әңгімелердің тапсырыспен орындалып жатқанын жеткізді.

«Артық әңгіме керек емес. Ол үшін жауап бересіз. Бұл мемлекеттік қызметкерді көпшілік алдында айыптау болып саналады. Ондаймен айналысудың қажеті жоқ, ол үшін жауапкершілік қарастырылған. Мемлекеттік қызметкерге қарсы ондай шабуылдар болып тұрады, ол тапсырыспен жасалады. Елорда әкімі болғанда өз міндетімді тиісті деңгейде атқардым. Өз жұмысымнан қысылмаймын», - деді экс-әкім.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі өмір мақсаты не?

Досым Омаров 1253
Ой түрткі

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Бақтыбай Айнабеков 1976
Көршінің көлеңкесі

Ресей тілдік һәм саяси экспансияны қалай жүргізді?

Бейсенғазы Ұлықбек 2023